10.11.2023ж. - 14.11.2023ж. күндері аралығында 10 «В», 10 «Г», 10 «Д» сыныптарына «Тұз ерітінділерінің және балқымаларының электролизі» тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Алдымен оқушылармен амандасып, оларды түгендеп шықтым. Кейін алдыңғы тақырып бойынша 4 оқушыдан ауызша сабақ сұрадым және бірнеше сұрақтар қою арқылы бағалап шықтым. Сосын жаңа тақырыпты оқушыларға түсіндіріп бастадым. Тақырыпты өту барысында оқушылардың тақырыпқа байланысты сұрақтарына жауап беріп отырдым .
Электролизге тұздар мен сілтілердің ерітінділері немесе балқымалары ұшырайды. Балқыма электролизінің ерітінді электролизінен ерекшелігі бар. Сондықтан оларды жеке-жеке қарастырамыз. Кез келген тотығу-тотықсыздану процестері сияқты, электролиз кезінде беріп жіберген және қосып алған электрондардың сандары тең болуы тиіс. Бұл электролиз теңдеуін ионды және молекулалық түрде жазуға мүмкіндік береді.
Балқыма электролизі. Балқымалар электролизденгенде электродтарда тек қана электролит иондары тотығады немесе тотықсызданады. Мысалы, NaCl балқымасының электролизін қарастырайық.
Балқымада натрий хлориді иондарға диссоциацияланады. Электр тогының әсерінен Na+ катиондары катодқа қарай жылжып, одан электрондарды қосып алады, ал хлор Сl– аниондары анодқа қарай жылжып, электрондарын береді. Сол жақтағы натрий катиондары мен хлор аниондарын біріктіріп, молекулалық теңдеуді аламыз:
2 NaCl электролиз 2Na + Cl2↑
Катодта натрий металы, ал анодта хлор газы бөлініп шығады.
Ерітінді электролизі. Сулы ерітінділерде электролит иондарынан басқа электродтық процестерге қатысатын су молекулалары және H+ пен OH– иондары болады. Бұл жағдайда электролиз
кезінде бәсекелес реакциялар туындауы мүмкін. Мысалы, натрий хлоридінің ерітіндісін электролиздегенде, катодта натрий тотықсызданбайды, сутек тотықсызданады. Мұны былай түсіндіруге болады: жүретін бірнеше параллель электродтық процестердің ішінен энергияны аз мөлшерде жұмсайтындары жүзеге асады:
N aCl = Na+ + Cl–
K (–) А(+)
K (–) : 2Н+ + 2ē = Н2↑
Кейде судың өте әлсіз электролит екенін ескеріп, бұл процесті мына теңдеумен өрнектейді:
2H2O + 2ē = H2↑ + 2OH–
Сөйтіп, катодта металдың орнына сутек бөлінеді, ал анодта хлор түзіледі:
A(+): 2Cl– – 2ē = Cl02↑
2NaCl + 2H2O электролиз H2↑ + Cl2↑ + 2NaOH
Сурет-12. Натрий хлориді балқымасының электролизі
Тақырыпты толық түсіндіріп шыққаннан кейін оқушыларға үй жұмысын беріп сабағымды аяқтадым.
Достарыңызбен бөлісу: |