Жұмыстың орындалу реті
Пролог-та программалаудың ең маңызды аспектілердің бірі унификация және айнымалыларды нақтылау ұғымдары болып табылады. Пролог дәлелдеу кезіңде немесе тұтас тұжырымды келіскенде термдерді теңдестіруге тырысады.Мысалы , ?- собака (х) сұранысымен келісу үшін тұтас тұжырым собака (х),собака (рекс) дерегімен теңд.-ді, нәтижесінде х айнымалысы нақтыланып х= рекс болады.
Тұжырымға енетін айнымалылар ерекше түрде теңд.-ді сәйкестендіріледі. Дерек айнымалылардың барлық мәндері үшін дәлелденеді. Ереже басты мақсаттық тұжырым үшін дәлелденеді , егер құйрықтық мақсаттық тұжырымдар дәлелденген болса. Деректер мен басты мақсаттық тұжырымдағы айнымалылар баршаға жалпы кванторымен байланысады деп есептеледі. Мақсаттық тұжырымды дәлелдеу уақытында айнымалылар нақтылы мәндерді қабылдайды.
Егер айнымалылар тек құйрықты мақсаттық тұжырымдарда ғана кездессе , онда ереже дәлелденген деп есептелінеді, егер құйрықты мақсаттық тұжырым айнымалылардың бір немесе бірнеше мәедері үшін ақиқат болса .Тек құйрықты мақсаттық тұжырымда ғана кездесетін айнымалылар бар болу кванторымен байланысады.Сонымен олар тек айнымалылары келісілген мақсаттық тұжырым дәлелденіп тұрған уақыты аралығында ғана нақтылы мәндерді қабылдайды.
Х термі У терімен келесі ереже бойынша сәйкестендіріледі. Егер Х пен У тұрақты болса , онда олар бірдей болғанда ғана сәйкестендіріледі. Егер Х тұрақты немесе құрылым, ал У – нақтыланбаған айнымалы болса ,онда Х пен У-т сәйкестендіруге болады немесе УХ-тің мәнін қабылдайды (және керісінше). Егер Х және У құрылымдар болса,онда олар сәйкестендіріледі сонда және тек сонда ғана , егер олардың басты функторы да, сол бір функтор арносы да 1 арнос болса және сәйкес әрбір компоненті сәйкестендірітен болса . Егер Х пен У нақтыланбаған айнымалылар болса , онда олар сәйкестендіріледі , бұл жағдайда оларды байланысқан деп атайды.
Унификация көбіне термдердің ішкі компоненттеріне ену үшін қолданылады. Сонымен жоғарыдағы мысалда Х поз(23) термнің 1 компонентімен нақтыланады.Ал поз(23) термнің өзі строка термнің компоненті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |