7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш бауыр трансплатанциясын жасау туралы Баспасөз-релизі Өткізілетін күні



жүктеу 20.34 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі20.34 Kb.
7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш бауыр

трансплатанциясын жасау туралы

Баспасөз-релизі
Өткізілетін күні: 2014 жылғы 13 қаңтар

Өткізілетін уақыты: 14.00 (Жандосов көшесі, 6, Манас қиылысы мекенжайы

бойынша Денсаулық сақтау басқармасы жанында 12.30-да

көлік ұйымдастырылады, шығуы сағат 13.00-де.

Өткізілетін орны: Қалқаман шағынауд., №7 Қалалық клиникалық аурухана

Ұйымдастырушылар: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы

Байланыс телефондары: 2755473, 87013860455
2012 жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде №7 Қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерінің алдына – органдар транплантациясын енгізу міндеті қойылды. 2012 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін бауырдың 54 транплантациясы өткізілді, соның біреуі біріктірілген (бүйрек+ұйқы безі) болған.

2013 жылғы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай №7 Қалалық клиникалық ауруханада алғаш қалалық клиникалық аурухана деңгейінде Индиядан келген мамандардың қатысуымен бауыр бөлігін туысқандық трансплантациялау өткізілді (қызынан анасына).

1958 жылы туған Светлана 4 жыл бойы ауырады, 2009 жылы тұрғылықты тұратын жері бойынша емханада тексеруден өткенде - аутоиммунды гепатит диагнозы қойылғанымен байланысты оң жағында қабырға астындағы аурулар пайда болды. Динамикада қаралды, гепатопротекторлар қабылдады, 2011 жылы Ташкент қаласының бір жекеменшік клиникасына барғанда тексеруге биопсия алынды және аутоиммунды гепатит нәтижесінен бауыр циррозы дигнозы қойылды. Бұдан әрі науқас 2013 жылы Москва қаласының клиникаларына, сондай-ақ Тайландтағы жекеменшік клиникаға жүгінді және ол жерлерде «аутоиммунды гепатит нәтижесінен бауыр циррозы дигнозы» расталды. Тайландта өңештің варикоздық-кеңейген көктамырларына қосындылау (3 көктамыр) жасалды. 2013 жылдың қыркүйек айында варикоздық-кеңейген көктамырлардан қан кетуіне байланысты №7 Қалалық клиникалық аурухананың жалпы хирургия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Гемостатикалық терапия, гепатопротекторлар, бактерияға қарсы терапия, гемотрансфузия қабылдады. 12.11.2013ж. науқас №7 Қалалық клиникалық аурухананың жоспарлық хирургия бөлімшесіне жүгінді және бауырды туысқандық транплантациялауға емдеуге жатқызылды.

Анасы үшін донор болуға барлық бес баласы да келісті, бірақ донор ретінде 1988 жылы туған екінші қызы Гүлшат қана сәйкес келді. Донордың ерікті келісімінен кейін бауыр бөлігін туысқандық трансплантациялау жүргізілді және операция сәтті өтті. Бүгінгі таңда анасының да, қызының да жағдайлары жақсы, қазір ауруханадан шығуға дайындалып жүр.



2014 жылғы 13 қаңтарда Светлана және оның қызы Гүлшат, сондай-ақ операция өткізген мамандар өткізілген операция нәтижесіне түсінік береді, сонымен қатар қала әкімінің орынбасары З. Аманжолова және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ж. Қасымжанова пациенттердің жағдайын сұрап баруды жоспарлап отыр.

Қосымша ақпарат 2014 жылғы 13 қаңтарда ұсынылады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет