7 І. Теориялық бөлім



бет3/11
Дата10.03.2024
өлшемі0.92 Mb.
#494841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Теориялық бөлім



1.1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту
Еліміздің білім беру жүйесі қазіргі кезде өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, отандық білім саласын әлемдік білім кеңістігіне біріктіруге ұмтылыс жасауда. Бұл білім сапасын жетілдіру және оны жоғары деңгейге көтеруді алға тартады. Осыған сәйкес, ғылыми – зерттеу барысында әлемдік озық тәжірбиелер мен отандық білім жүйесіндегі ерекшеліктер зерделенуде.
Оқу сапасын арттыруда білім мақсаттарының күтілетін нәтежеге бағдарлануы жан – жақты білімді, өз мамандығын жетік білетін бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны бастауыш сатыдан бастап дайындауға бағыттайды. Мектептің бастауыш сатыдан оқушының сапалық және сандық білім деңгейін анықтау арқылы оқу сапасын жетілдіруге мүмкіндік туады.
Сол себепті мектептің бастауыш сатысында оқыту мазмұнын жаңалау және жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалануға байланысты жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Жеке тұлғаны рухани тәрбиелеуге, адамның адамгершілік болмысының қалыптасуына баса назар аударылады. Білім мазмұнында жаңа ақпаратты болжау қабілеттерін және қойылған міндетті шығармашылықпен дамытуға көңіл бөледі.
«Қазақ тілі» пәні – білім беру бағдарламасындағы жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі болып табылады.
«Қазақ тілі» пәнінің маңыздылығы оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға, тыңдауға және өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйретуімен, мектепте оқытылатын басқа да пәндерді меңгерту құралы болуымен айқындалады. Өйткені, оқушының тілдік дағдылардың барлық түрін жетік меңгеруі және кез келген басқа пәнді игеруі, негізінен, қазақ тілін білу деңгейіне байланысты.
«Қазақ тілі» пәнінің басты бағыты – тіл арқылы оқушының ақыл-ой қабілеті мен тілдік эстетикалық талғамының дамуына, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, коммуникативтік дағдыларының жетілуіне және шыңдалуына іргетас қалай отырып, өздігінен білім алуына мүдделілік туғызу.
«Қазақ тілі» пәнін оқытуда негізгі басымдылық коммуникативтік дағдыларды, сөйлеу әрекетінің төрт түрін - тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды меңгертуге, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге, оқудағы және жазудағы функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталады.
«Қазақ тілі» пәнін оқу барысында оқушылар әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады, қоршаған ортаны тану, әр түрлі мәселелерге деген көзқарасын дәлелдеу құралы ретінде тілдің және әдеби мұраның құндылығын ұғынады.
«Қазақ тілі» пәні оқушылардың оқу және болашақ кәсіптік әрекетінде коммуникативтік білік-дағдыларын орынды қолдана отырып, жылдам өзгеріп жатқан өмірге бейімделе алуына, өз пікірін білдіру және дәлелдеу үшін әр түрлі ақпарат көздері мен қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана білуіне көмектеседі.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасының мақсаты – тілдің функционалдық және коммуникативтік қызметі арқылы қоғамдық-әлеуметтік ортада тілдік қатынасты жүзеге асыратын жеке тұлғаны дамытуға мүмкіндік жасау.
«Қазақ тілі» пәнінің негізгі міндеттері:
- тілдік ойлауы мен сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) дамыту;
- тілдік материалды (фонетика, лексика, грамматика, орфография) игеруін қамтамасыз ете отырып, тілдік-коммуникативтік білігі мен дағдыларын дамытуға ынталандыру;
- түрлі қарым-қатынас жағдаяттарында сөйлеу этикеттерін қолдану;
- тыңдағанын, оқығанын, түсінгенін, ойлағанын ауызша және жазбаша жоспарлай алуға, әсерлі және жинақы түрде бере білуге, талдау, салыстыру, жинақтау, бағалауға дағдыландыру;
- оқушыларды тілдік дағдыларды игеру арқылы сыни ойлау мен жазуға жетелеу;
- мәтіннің құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін талдап, мәтінге интерпретация жасау арқылы ойларын ауызша, жазбаша еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру;
- тілдік дағдыларды әлеуметтік-тұрмыстық ортада еркін қолдана білуге жетелеу;
- оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыра отырып, тілдің маңыздылығы мен эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы тілді құрметтеу және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- құрмет, ашықтық, азаматтық жауапкершілік және қазақстандық патриотизм құндылықтарын қалыптастыру, өмір бойы білім алуға баулу.
Оқу бағдарламасының мазмұны оқушының тіл туралы білімін толықтырып, игерген тілдік дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас құралы ретінде қолдануын қамтамасыз етедi.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы:
- тілдің ерекшеліктері, оның элементтері мен тілдік қызметі жөнінде жалпы мағлұмат алуға;
- сөздік қор мен грамматиканы пайдалану арқылы коммуникативтік, оқу, әлеуметтік-тұрмыстық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін қалыптастыруға;
- өмірде қажетті тілдік дағдыларды игеруіне көмектеседі
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын
1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.
Үштілді оқу сөйлеу әрекетінің төрт тілдік дағдысын (тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Сыныпта жұмыс түрлерін (жеке, жұптық, топтық) ұйымдастыру үшін жиһаздар жылжытуға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ, кітап сөрелері, стенділер мен оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған арнайы орындар болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет