7 І. Теориялық бөлім



бет4/11
Дата10.03.2024
өлшемі0.92 Mb.
#494841
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Сөз таптарын жаңартылған білім мазмұны аясында

«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуға қажетті құрал-жабдықтар:
техникалық құралдар: проектор, графопроектор, экран немесе интерактивті тақта; офистік құрылғылар (компьютер, принтер, сканер, құлаққаптар және ноутбуктер) шектеусіз интернет; дыбыс жазу құралдары: диктофон /микрофон; бейнекамера, сандық фотоаппарат; жылжымалы маркерлі тақталар;
кеңселік тауарлар: түрлі-түсті қағаздар, флип-чарт, ватмандар; А-3, А-4, А-5 қағаздары; фломастерлер, маркерлер, түрлі-түсті қарындаштар; еңбек құралдары: қайшы, ине, жіп, желім, мата қиындылары, түйме, бояулар, ермексаз және т.б.;
жиһаздар: «Жазу бұрышы» және «Оқу бұрышына» арналған диван, кілемшелер, орындықтар, дөңгелек үстелдер, жылжымалы кітап сөрелері;
дидактикалық және қосымша үлестірме материалдар: суретті кітаптар, өлең-жыр кітаптары, қазіргі заманғы көркем әдебиет, классикалық ертегілер, аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып, фантастикалық шығармалар, ғылыми мәтіндер, аудио-, бейне- материалдар, газет-журналдар, үгіт-насихат үлгісіндегі мәтіндер (памфлеттер және брошюралар, т.б.); анықтамалықтар (түсіндірме, орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктер); энциклопедиялар; грамматикалық кестелер жинағы; ұлттық қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); мамандықтарға байланысты костюмдер, ұлттық киімдер, бетперделер.

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдемелер


ҚР жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей, т.б.) «білім алу жолдарын білетін», өз бетімен білім алуға ұмтылатын, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары, өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі педагогикалық тәсілдемелер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда, олар:

  • оқытудың коммуникативтік (қарым-қатынастық) тәсілдемесі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым);

  • зерттеушілік тәсілдеме (оқушылар «не білемін, нені білгім келеді, нені үйрендім» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);

  • жүйелі-әрекеттік тәсілдеме;

  • дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);

  • дифференциациялап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі, ерекшелігіне қарай оқыту).

«Қазақ тілі» пәнін оқытуда қолданылатын оқыту стратегиялары мен әдістері:

  • мұғалім мен оқушының «субъект-субъектілік» дидактикалық қатынаста білім іздеу үдерісіне бірдей енуі;

  • оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен құру және көрсету;

  • оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;

  • ойын әдісі;

  • «оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;

  • тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық жұмыстар жасау) ынталандыру;

  • оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;

  • оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген белсенді оқуға ынталандыру;

  • оқушыларға алдын ала берілетін түрлі стильдегі жазба мәтіндердің үлгісін қолдану (мұғалім алдын ала модельдер мен үлгілер береді);

  • оқушылардың оқу әрекетін жеке, топтық және ұжымдық формада ұйымдастыру (оқушылар бірін-бірі өзара оқытуға, бірін-бірі бағалауға, пікір алмасуға, т.б. үйренеді);

  • оқыту барысында «не білемін? не білгім келеді? нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру.

Басты назар білімге емес, сол білімді қолдану үдерісіне аударылады. Оқушылардың білім алу барысындағы табыстылығы мен алдағы қадамдарын анықтау үшін оқытудың нақты мақсаттары мен табыс критерийлерін алдын ала белгілеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет