7. Жеделдетілген нормалау. Жеделдетiлген нормалау


Эпидемиологиялық қауіпсіздік



бет13/14
Дата24.03.2023
өлшемі189.94 Kb.
#471045
түріРегламент
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
рк 1-1

Эпидемиологиялық қауіпсіздік. Ауыз су құрамында қалыпты жағдайда патогенді микроорганизмдер болмауы керек, осыған байланысты оның эпидемиялық қауіпсіздігіне белгілі бір нормативтер қойылады. 

Бірінші көрсеткіш-микробты сан, 1мл зерттелетін суды еккен кезде өсіп шығатын микробтар санын көрсетеді. Бұл сан 100 ден аспауы керек. 

Екінші жанама көрсеткіш ол- коли-индекс. Коли-индекс дегеніміз-1литр араластырылмаған судағы ішек таяқшасының мөлшері. Ол 3-тенкөп болмауы керек. 

Үшінші жанама көрсетіш-коли-титр. Коли-титр дегеніміз –бір ішек таяқшасы табылған судың мөлшері. Ол 300мл аз болмауы керек, бұл кезде су эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз болып саналады. 

Ауыз сумен қамтамасыз ету көздерін таңдау.сумен қамтамасыз ету кезінде екі түрлі су көзі қолданылады: жер асты сулары және ашық су көздері. 


Ауыз суға қойылатын талаптар. 

Судың физикалық қасиеттері. 

Судың мөлдірлігі судың құрамындағы қалқып жүрген заттарға байланысты. Ауыз су ретінде қолданылатын судың мөлдірлігі 30 см тереңдікте судың астына қойлған белгілі шрифтпен жазылған жазу көрінетіндей болу керек. 

Судың түсіне ашық және терең емес жер асты суларынан алынған судың құрамында топырақтан жуылған гуминді заттардың болуы, су гүлденген кезде және ашық су көздері қалдық сулармен ластану әсерінен болуы мүмкін. Судың түсі нормада 200тан көп болмауы керек. 

Судың дәмі мен иісі судың құрамындағы өсімдік тектес органикалық заттардың болуына байланысты, олар суға батпақтың, шөптердің иісіндеій иіс береді. Сонымен қатар судың иісіне және дәміне судың өндірістік қалдықтармен ластануы да әсер етеді. Суды зерттеу кезінде иісінің қарқындылығын және сипатын анықтайды. Ол балмен анықталады. 0 балл-иісі жоқ, 1балл-өте әлсіз, 2 балл-әлсіз иіс, 3 балл-анықталатын иіс, 4 балл- айқын иіс, 5 балл- өте қатты білінетін иіс. Ауыз су ретінде қолданылатын судың иісі мен дәмінің қарқындылығы қазіргі кезде қолданып жүрген нормативтерге сай 2 балдан көп болмауы керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет