2 – тапсырма. Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе – теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
Біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе – теңдік күйге келтіріңдер;
Иіндікті сағат тілінің бағытында (шартты түрде оң бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын табыңдар: Моң=M₁ +M₂+...........Мn ;
Иіндікті сағат тіліне кері бағытта (шартты түрде сол бағытта) айналдыратын күштердің, күш моменттерінің қосындысын анықтаңдар: Мсол= M₁ +M₂+...........Мк ;
Оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңдер.
Жұмысты орындау Моң= M₁ +M2 М1= F₁ L₁ М₂= F₂ L₂
М1=1Н*0,045м=0,045Нм М₂=2Н*0,155м=0,31Нм
Моң= M₁ +M2 =0,355 Н,м Мсол= M₁ +M2 = 0,35Нм
Моменттер ережесі орындалады. Моң= Мсол
Қорытынды: Моменттер ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдалану арқылы тексеріп көз жеткіздік.
8 КЛАСС.
№1 жұмыс.
Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру.
Ж ұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал – жабдықтар:
Калориметр, өлшеуіш цилиндр (мензурка),
термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім
(бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.
Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.
Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁( t - t₂ ) формуласымен есептеңдер.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Ыстық судың массасы
m, кг
|
Ыстық судың баст.
темпер.
t, ºC
|
Қоспаның темпера-
турасы, t1, ºC
|
Ыстық судың берген жылу мөлшері,
Q1, Дж
|
Суық судың массасы
m₁, кг
|
Суық судың баст.
Темпер.
t2, ºC
|
Суық судың алған жылу мөлшері
Q2 ,Дж
|
0,1
|
94
|
56
|
15120
|
0,1
|
20
|
15960
| Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.
Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[ ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері. ℇ =[ ] =0,05
Достарыңызбен бөлісу: |