7 класс. №1 жұмыс. Өлшеуіш цилиндр (мензурка)бөліктерінің құнын анықтау. Дененің көлемін өлшеу



бет31/37
Дата22.10.2022
өлшемі3.77 Mb.
#463284
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
зертханалық жинақ дайын

Жұмыстың мақсаты: ток көзінің ЭҚК-ін және оның кедергісін анықтау.
Керекті құралдар: ток көзі (4,5В-тық батарея); амперметр; вольтметр; реостат (6Ом); жалғағыш сымдар.
Теориялық түсінік.
13.13 –суретте берілген сұлба бойынша реостат көмегімен тізбекке арналған Ом заңын I=Ԑ/R+r қолданып, тізбектегі ток күшін өзгертеміз. Амперметр мен вольтметрдің көрсетуі бойынша бірнеше өлшеулер жүргізіп, Ԑ ЭҚК-мен ток көзінің r ішкі кедергісін анықтаймыз.

1)I1 =Ԑ/R1+r және R1=U1/I1, сонда I1R1+I1r=Ԑ немесе


U1 +I1r=Ԑ,
2) U2+ I2r =Ԑ,
Осыдан U1 +I1r = U2 +I2r. Сонда r =U1-U2/I1-I2. (13.12)
I1r = Ԑ -U1, ал I2r = Ԑ - U2 болғандықтан, Ԑ = U2I1-U1I2/I1 -I2. 13.13-сурет
Ԑ= I1 -I2. ( R1-R2) /I2-I1 r = I1 R1- I2 R2/ I2-I1
Жұмыстың орындалу тәртібі.
1.13.13- суреттегі сұлбаға сәйкес тізбек құрастырыңдар.
2. Реттегішті реостаттың ортасына қойыңдар.
3. I1 амперметрдің және U1 вольтметрдің көрсетуін жазып алыңдар.
4. Реостаттың реттеуішін жылжыта отырып, жаңа орынға апарыңдар.
5. I2 амперметрдің және U2 вольтметрдің жаңа көрсетуін жазып алыңдар.
6. (13.12) және (13.13) формулаларын қолданып, ток көзінің электр қозғаушы күші мен ішкі кедергісінің шамасын есептеңдер.
7. Өлшеу қателерін анықтаңдар.
Кесте толтырамыз





U1 В

U2 В

I1 А

I2 А

rОм

Ԑ В

1

4,4

4,3

1,35

1,6

0,4

4,96

r = U1-U2/I1-I2 = 4,4B-4,3B/1,6A-1,35A =0,1B/0,25A= 0,4Ом.


Ԑ=U2I1 – U1I2/I1-I2= 4,3B·1,35A - 4,4B·1,6A/1,6A -1,35A=4,96B.
Ԑ =Ԑпр ΔԐ =4.96 0,16; ΔԐ= ΔиԐ +ΔоԐ==0,15+0,01=0,16.
Сұраққа жауап беріндер.1. Ток көзінің Э.Қ.К-і деп нені атаймыз?
Зарядтың ток көзінен алған электр энергиясының ток көзінің ішкі құрылысына тәуелділігін сипаттайтын шама ток көзінің Э.Қ.К деп аталады.
2.Реостаттың реттегішін қай бағытқа қозғаған дұрыс? Неге?
Реостат реттегішін сол бағытқа қозғаған дұрыс. Себебі кедергі азайып, ток пен кернеу артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет