Қорытынды: Архимед күші мен ауырлық күші арасындағы байланысты тексере отырып, денелердің жүзу шарты орындалуына көз жеткізу.
№ 7 жұмыс.
Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК – ін анықтау.
Ж ұмыстың мақсаты: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін пайдалы жұмыстың сол денені осы биіктікке көлбеу жазықтық бойымен көтергенде істелетін толық жұмыстан кем болатынын көрсету.
Құрал –жабдықтар: тақтай, динамо-
метр, өлшеуіш таспа немесе сызғыш,
ағаш білеуше, жылжымалы қысқашы
бар штатив.
1 –тапсырма: Денені Һ биіктігіне бір-
қалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы: Денені Һ биіктікке бірқалыпты тік жоғары көтеру үшін F1 күші А1 жұмысын істейді. А1= F1Һ.
Денені бірқалыпты тік жоғары көтеретінF күші дененің Р ауырлық күшіне тең : F1= Р.
Оны динамометрмен тікелей өлшеу керек:
1) білеуді көтеретін Һ биіктігін таңдап алыңдар;
2) білеудің ауырлық күшін динамометрмен өлшеңдер;
3) білеуді Һ биіктігіне бірқалыпты тік жоғары көтергенде істелетін жұмысты есептеп шығарыңдар.
Жұмысты орындау: 1.Білеуді көтеретін биіктікH=40 см=0.4 м
Ауырлық күші F=0,7 Н. Көтергенде істелетін жұмыс А1= F1Һ. =0,7Н*0,4 м=0,28Дж
2 – тапсырма. Денені көлбеу жазықтың бойымен Һ биіктігіне бірқалыпты көтергенде істелетін жұмысты анықтау.
Жұмыстың барысы: Денені жоғарыдағы таңдап алынған
Һ биіктігіне тік көтерудің орнына, F2 күшін түсіріп ұзындығы L көлбеу жазықтықты пайдаланып көтеруге де болады. Алайда, көлбеу жазықтықты пайдаланғанымызда, механиканың алтын ережесі бойынша күштен ұтқанымызбен (F1 < F2), оның есесіне жолдан ұтыламыз (L>Һ). Көлбеу жазықтықты пайдаланғанда істелген А2 жұмыс мынаған тең: А2= F2L
«Алтын ережеге» сәйкес үйкеліс есепке алынбаған жағдайда А1 және А2 жұмыстары бір - біріне тең: А1= А2 немесе F1Һ= F2L
Практикада үйкелісті болдырмау мүмкін емес, сондықтан толық жұмыс А2пайдалы А1 жұмыстан іс жүзінде үлкен: А2>А1
Тақтайды көлбеу орналастырыңдар(Һбиіктік пен көтерілетін білеу өзгеріссіз қалуы керек);
Көлбеу жазықтықтың L ұзындығын өлшеңдер;
Білеуге динамометрді іліп, оны көлбеу жазықтықтың бойымен жоғары қарай бірқалыпты қозғалтып тартыңдарда, F2 тарту күшін өлшеңдер;
Білеуді көлбеу жазықтықтың бойымен бірқалыпты көтергенде істелетін А2 жұмысты есептеңдер.
Жұмысты орындау: 1.Биіктік Һ=40 см=0.4 м
2.Көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=65 см =0,65 м
3. F2 тарту күші F2=1,2Н
4.Білеуді көлбеу жазықтықпен көтергенде істелетін жұмыс
А2= F2L =1,2Н*0,65м=0,78 ДЖ
Достарыңызбен бөлісу: |