11 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Электромагниттік индукция. Электромагниттік тербелістер
Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік, дағдысын тексеру.
І нұсқа
Конденсатордың сыйымдылығы 20 пФ болғанда еркін тербелістердің
жиілігі 5 МГц болу үшін контурға қосылатын катушканың индуктивтілігі
қанша болуы керек?
2. Ток күшінің тербеліс теңдеуі i= 0,28 sin 50 t. Ток күшінің
амплитудалық және әсерлік мәндерін, периодын және жиілігін
табыңдар.
3. Кедергісі 120 Ом резисторға индуктивтілігі 0,05 Гн катушка және
сыйымдылығы 20 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Жиілігі 50 Гц
ток тізбегіне 80 В кернеу түсірілген. Тізбектегі ток күшін және
резистордағы, катушкадағы және конденсатордағы кернеуді табыңдар.
4. Тербелмелі контур индуктивтілігі 100 мкГн катушкадан, сыйымдылығы
50 пФ кондесатордан және кедергісі 0,2 Ом резистордан тұрады.
Конденсатордағы кернеудің амплитудалық мәні 10В контурда өшпейтін
тербелістер алу үшін контур қандай қуат өндіру керек?
ІІ нұсқа
1. Тербелмелі контур индуктивтілігі 0,2 Гн катушкадан және
сыйымдылығы 10-7 Ф-тан 40 пФ-қа дейін өзгеретін конденсатордан
тұрады. Контур қандай қандай толқын ұзындығына арналған?
2. Кернеудің тербеліс теңдеуі u= 40 sin10 t. Кернеудің амплитудалық және
әсерлік мәндерін, периодын және жиілігін табыңдар.
Тізбекке индуктивтілігі 0,5 мГн катушка, сыйымдылығы 20 мкФ конденсатор және актив кедергісі 6 Ом резистор тізбектей жалғанған. Токтың қандай циклдік жиілігінде резонанс пайда болады? Егер кернеу
144 В болса, осындай жиіліктегі ток күшін табыңдар.
4. Индуктивтілігі 6 10-5 Гн катушка пластинкаларының ауданы 100 см2 және олардың ара қашықтығы 0,2 мм болатын жазық конденсаторға жалғанған. Егер контурдағы резонанс туғызатын толқын ұзындығы 750 м болса, пластиналар арасындағы кеңістікті толтырушы ортаның диэлектрлік өтімділігі неге тең?
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар электромагниттік индукция заңы,толқын ұзындығы, жиілігі , периды формулаларын білуі тиіс; электромагниттік тербеліс теңдеуін қолдана алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |