7 класс Бақылау жұмысы №1 Тақырыбы: Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар



бет3/4
Дата28.10.2022
өлшемі84.5 Kb.
#463575
1   2   3   4
fizika-baylau-zhm -1-toks

10 класс
Бақылау жұмысы №1
Тақырыбы: Кинематика. Динамика. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексеру, жүйелеу,
қорытындылау.
І нұсқа
1. Ұзындығы 100 м еңісті шаңғышы 0,3 м/с2 үдеумен қозғала отырып, 20 с
шінде жүріп өтті. Шаңғшының еңістің басталған жеріндегі және бітісіндегі
жылдамдығы қандай?
2. Материялық нүкте координатасының теңдеуі 20+5t+t2 түрінде берілген.
SI жүйесіндегі өлшем бірлігінде: а) нүкте қозғалысын сипаттаңдар;
ә) бастапқы координатаны, бастапқы жылдамдықтың модулін, үдеудің
модулін анықтаңдар; б) қозғалыстың жылдамдық проекциясының уақытқа
тәуелділік теңдеуін жазыңдар.
3. Нүкте бірқалыпты кемімелі қозғалысының 5 секундында 5 см жол жүріп
барып тоқтады. Қозғалыстың 3 секундында дене қандай жол жүреді?
4. Құбырдың кең жеріндегі судың ағыс жылдамдығы 10 м/с. Диаметрі осыдан 4
есе тар жеріндегі судың ағыс жылдамдығы қандай?
ІІ нұсқа
1. Дене біраз уақыт бойы vо=20 м/с жылдамдықпен қозғалып отырды. Сонан
кейін оның қозғалысы бірқалыпты айнымалы болып, ол 10 секунд ішінде
350 м жүрді. Дененің ақырғы жылдамдығы мен үдеуін тап.
2. Дене а=0,5 м/с 2 үдеумен түзусызықты қозғалады. Бастапқы жылдамдығы
Vo=-5 м/c, бастапқы координатасы х0=2 м. Дененің қозғалыс
жылдамдығының уақытқа тәуелділігінің теңдеуін жазыңдар. Дененің
аялдамаға дейінгі жолын және қозғалыс уақытын аңықтаңдар.
3. Екі автомобильдердің қозғалыстары х1=2t+0,2t2 және х2=80-4t теңдеулерімен
берілген. Автомобильдер қашан кездеседі? Осы уақыт ішінде әр автомобиль
қандай орын ауыстырады?
4. Топырақ сорғыш 1 сағатта 500 м3 жердің топырағын шығара алады.
Пульпаның (сумен араласқан топырақ) көлемі топырақ көлемінен 10 есе
артық. Диаметрі 0,6 м құбырдағы пульпаның қозғалыс жылдамдығы қандай?
Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық жол, үдеу формулаларын білуі тиіс; гармониялық тербеліс теңдеулерін қолдана алуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет