3.5 Оюдың қисық сызықты симметрия негізінде түрленуі.
Қисық сызықты симетрия биологиялық пішіндерге тән болады. Ол тік сызықтардығы қисық сызықтарға айналып, белгілі деформацияға ұшырауы нәтижесінде болады. Негізгі өзгерту операциялары:
берілген симметриялық пішіннің деформациялануы нәтижесінде қисық сызықты оське және жазықтыққа айналуы.
деформация жасау нүктесінде пішіннің симметриясының өзгеруі нәтижесінде пішін салмағы сақталып қалады, бірақ икемділігі өзгерістерге ұшрайды.
Сыну – берілген симметриялық пішіннің деформациялануы осьтері мен жазықтықтарының сынуына алып келеді. Ось қозғалысына қарай сыну бірнеше болуы мүмкін.
Бұрау – симметриялық пішіннің оң немесе сол жаққа қарай деформациялануы. Оның нәтижесінде пішін жаңа кеңістікті орентацияға және соған сәйкес пластикаға ие болады. Бұрау деңгейі оған жұмсалатын күшке байланысты болады.
Бұл симметрияның жалпы ғылыми теориясының ұғымдары костюм пішінін топтастыруда кеңінен қолданылады.
Жеңіл өнеркәсіпте әр түрлі тәсілдердің интеграциялануын жүйелік жобалау қағидасы ғана жүзеге асыра алады. Бұл жол суретші-үлгілеушінің шығармашылық энергиясынын мақсатты пайдалануына мүмкіндік береді. Автоматтандырылған жүйені қолдану жобалау үдерісінің барлық буындарында жақсы нәтижелерге жетудің кепілі болып табылады.
Бұл жол суретші-үлгілеушінің, құрылысшының, технологтың және т.б. іс-тажірибелердің тиімді пайдаланатын математикалық үлгілердің қарқынды тәсілдерін жасауға мүмкіндіктер береді.
Сурет 9. Қисық сызықты симметрияның түрленуі.
Ою-өрнектің негізгі заңдылығы болып, оның бір ырғақта қайталанып өрнек құрып, эстетикалық әсерді туындатады. Өрнектік композицияда оюдың эелементтерінің бірдей арақашықтықта қайталануын раппорттық деп аталады. Өрнекті ұйымдастыруда бірден-бір тәсіл ретінде симметрия қолданылады, ою-өрнек құрылымында оған ерекше үлес берілген. Симметрия арқасында алуан түрлі шығарылатын өрнектерді бір негізгі топқа бөліп қарастыра аламыз.
Қазіргі таңда киімді жасау индустриясында безендіру классиқалық өрнектермен ешкімді де таң қалдырмайды. Ұлттық өрнектер болса, тек салтанатты, не болмаса арнайы костюмдерде ғана қолданады. Ал күнделікті немесе кеңселік костюмдерде еуропалық немесе шығыс өрнектері сән тенденциасында беделді орын алды. Сол костюмдерге жаңа дем беру үшін, біз стилизацияланған ұлттық өрнектерді сәндік-құрылыстық сызық ретінде қолдануды ұсынамыз. Мұндай қадам ұлттық патриоттық сезімін оятуға ат салысады. Өткені кеңселік қызметкерлік шет елдік әріптестерімен халық-аралық форумдарда кездескенде өздерінің қазақстандық екенін көрсете алады. Мысалы, шығыс елдерінде классиқалық костюмдерге өздерінің ұлттық элементтерін қосуға тырысады, ол өзінше сол жердің белгі таңбасы болып қабылданады. Жоғарыда айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін, күнделікті және кеңселік костюмдердің безендіруін қарастыру үшін, безендіру тәсілдерінің классикалық орналасуын топтастырып талдаданды.
Достарыңызбен бөлісу: |