5-оқушы: «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін
барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды.
Жүргізуші: М.О.Әуезовтың шығармашылық өміріне саяхат жасау мақсатында «Әуезов асыл-мұрасы» атты кітап көрмесіне шақырамыз.
Айжан: «Дана Мұхтардың ұрпағы» – дейді,
Мына жұрт мені жиі атап,
Санасыз ерді семірте берер
Сылдыр сөзбенен сый, атақ.
Тұяғы дүлдүл тұлпардан туып,
Тартпасам тарлан тегіме,
Алшаңдап басып, ауыз толтырып,
Айтудың өзі – ұят-ақ.
Тұғыры биік баба мұрасын
Ту қылып ұстап бұл күнде,
Дүбірге толы дүние мынау,
Қосылдым ұлы дүмпуге.
Тай кезінен-ақ тұлпар танитын
Талғамы күшті халқымның
Атаға тартып еңіреп туған
Ерді аңғармауы мүмкін бе?
Түңіліп жатқан Абай данамның,
Таудай тұлғасын тірі ғып,
Көрсетіп еді ол халқыма менің,
Қарады әлем үңіліп
Осындай болар – ел ұмытпайтын ірілік
Осындай болар – ел ұлықтайтын ұлылық!
Абайдың жолы – қазақтың жолы,
Керегі жоқ оған дәлелдің.
Қазақы тірлік – шынайы шындық,
Тарихы сонда бар елдің.
Балапан арман жетелеп шығып,
Шырқау шыңына Шыңғыстың
Ұлы Мұхтардың қыран-қиялы
Биігінде тұр әлемнің.
Қазаққа мына Мұхтардай арыс
Тумайды қайта десем де,
От болып туып, шоқ болып жанған,
Жалынды ғұмыр өшер ме?
Киелі Шыңғыстың топырағынан
Нәр алып өскен бір ұлмын,
Ұлы Мұхтардың жерлесімін деп,
Мақтана аламын осы елге!
Көрініс: КӨРІНІС)
Қорытынды:
Жүргізуші: Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!
Жүргізуші: Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты. Өйткенi, М.Әуезов құдiретi оның елге деген шексiз махаббаты мен сенiмiнде жатыр. Осы бiр ақиқатты сезiну мына бiздерге, бүгiнгi тәуелсiз мемлекеттiң iргесiн нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат, жасымас жiгер қосады
Достарыңызбен бөлісу: |