36.4) Бірінші жәшіктегі алмалар саны екінші жәшікке қарағанда 3 есе артық. Егер бірінші жәшіктен 17 алма алынса, ал екінші жәшікке 35 алма салынса, онда екі жәшіктегі алмалар саны бірдей болады. Алғашқыда әр жәшікте неше алма болған?
Шешуі: Бірінші жәшікті 3x деп, екінші жәшікті x деп белгілейміз. Ары қарай теңдеу құру арқылы шешеміз.
3x-17=x+35
2x=52
x=26
Бірінші жәшік – 26*3=78 алма
Екінші жәшік – 26 алма
Жауабы: 78, 26
7 сынып Әбілқасымова оқулығынан квадраттық функция тақырыбы бойынша қолданбалы есеп. 36.22-есеп 400 000 тұрғынның 60% ы футболға қызықпайды. Футбол жанкүйерлерінің 75% ы чемпиондар лигасын қорытынды ойынын телидидардан қараған:
1) Қанша тұрғын ойынды қараған?
2) Тұрғындардың қанша пайызы ойынды қараған?
3) Тұрғындардың қанша пайызы ойынды қарамаған?
Шешуі:Жалпы адамдар100% құраса, қызықпайтындар пайызы 60. Ал жанкүйерлерді табу үшін: 100%-60%=40% 400 000 – 100% x - 40%
36.23 есеп Отағасы депозитке 250 000 тг салмақшы болды. Осы соманың бір бөлігі пайыздық өсімі 10% тең шотқа, ал қалған қалдықты 50 000 тг төмендетпей алып тұруға болатын жылдық пайызы 9% тең депозитке салды. Бір жылдан соғ депозиттегі сома 274 000 тг жетті. Пайыздық өсімі 10% тең шотқа қанша сома салды?