7 сынып бойынша тақырыптық тест Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (6-9 ғ). Түрік қағанаты


Қазақ халқының 16-17 ғасырлардағы шаруашылығы



бет19/20
Дата30.09.2024
өлшемі128.64 Kb.
#504149
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
7 сынып бойынша тақырыптық тест-1

Қазақ халқының 16-17 ғасырлардағы шаруашылығы
1.Қазақ халқының ұлттық негізі бекіген қала
А)Баласағұн В)Отырар С)Сайрам Д)Тараз Е)Түркістан
2.Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың Қазақ хандығына толық өткен кезі
А)XV–XVI ғасырлар В)XVI–XVII ғасырлар С)XV ғасыр Д)XVII–XVIII ғасырлар Е)XIV ғасыр
3.Құны бір үйір жылқымен бағаланған қымбат таспен әшекейленген бұйым
А)Сәукеле В)Домбыра С)Сақина Д)Ат әбзелдері Е)Ас дайындайтын тегене
4.Көктеуде жас төлге арнап жасалған жылы күрке
А)Төл қора в)Жеркепе С)Мал қора Д)Жылы қора Е)Жертөле
5.Ерте заманнан егіншілік кәсібі дамыған аймақ
А)Шығыс Қазақстан В)Батыс Қазақстан С)Солтүстік Қазақстан Д)Оңтүстік Қазақстан, Жетісу
Е)Жетісу, Орталық Қазақстан
6.Күздеуге көшу басталатын мезгіл
А)Мамырдың соңы В)Маусымның басы С)Тамыздың соңы Д)Қарашаның соңы Е)Сәуірдің басы
7.Ортағасырлық қалалар экономикалық жағынан әлсірей бастады
А)XVII ғасырдың ортасынан В)XVI ғасырдан с)XVII ғасырдың басынан Д)XVIII ғасырдан
Е)XV ғасырдан
8.Маусымды көші-қон мезгілі
А)2 мезгіл В)3 мезгіл с)6 мезгіл Д)4 мезгіл Е)5 мезгіл
9.Малынан айырылып, егіншілікпен айналысқан кедейлер
А)Қарасүйектер В)Құлдар С)Жатақтар Д)Егіншілер Е)Қарашалар
10.Астық сақтайтын орын
А)Жеркепе В)Жертөле С)Ор Д)Қойма Е)Ұра
11.Қыста қазақ ауылдары үшін ең қауіпті жағдай
А)Жайылымның алыстығы В)Қардың сирек жауғаны С)Күзем жүнін қырқу Д)Қуаңшылық Е)Жұт
12.XV–XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы
А)Ташкент В)Тараз С)Отырар Д)Түркістан Е)Сығанақ
13.Қазақтардың жайлауға көшудегі басты мақсаты
А)Ықтасын жерді таңдау В)Жас төлді жетілдіру С)Жұттан аман шығу Д)Күзем жүнін қырқу Е)Малды семірту
Қазақ халқының мәдениеті
1.XVI–XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары
А)Доспамбет В)Марғасқа С)Дина Д)Сүйінбай Е)Жамбыл Ғ)Шөже G) Дәулеткерей Н)Жиембет
2.Қазақ тілінің өзіне тән ерекше белгілері бар, дербес тілге айналған кезі
А)XV ғасыр В)X ғасыр С)XVI ғасыр Д)XIV ғасыр е)VII ғасыр
3.Халық арасына кең тараған ертегілер
А)«Телағыс», «Алтын сақа» В)«Құбағұл», «Ер Көкше» С)«Базар батыр», «Алпамыс» Д)«Күлшеқыз», «Мақпалқыз» Е)«Құламерген», «Аламан мен Жоламан»
4.Қазақ келіндерінің үйдің үлкен-кішілерінің аттарын атамау ғұрпы
А)Ат тергеу В)Тарту С)Төркіндеу Д)Бәсіре Е)Кәде
5.Қазақтар балаларын медреселерде оқытқан деп жазды
А)Шайбани В)Бақырғани с)Қашғари Д)Рузбихан Е)Ясауи
6.Киіз үйдің негізгі бекіту қызметін атқаратын бөлігі
А)Үзік в)Кереге с)Басқұр Д)Туырлық Е)Түндік
7.Ешкі терісінен тігілген жұмсақ аяқкиім
А)Шоқайма в)Мәсі С)Шәркей Д)Саптама е)Кебіс
8.Қазақ ұлттық ішекті музыкалық аспаптар
А)Домбыра В)Дауылпаз С)Даңғыра Д)Асатаяқ Е)Жетіген Ғ)Дабыл G) Қобыз Н)Шыңдауыл
9.Қазақтардың өте бағалы тағамының бірі
А)Жеміс-жидек В)Жент С)Көгөніс өнімдері Д)Күріш көже Е)Балық
10.Қазақтарды «Ислам дініне сенетін халықтар» деп жазды
А)Жалайыри В)Дженкинсон С)Марко Поло Д)Сейфи е)Бартольд
11.Құлын терісінен тігілген қысқы киім
А)Күпі в)Шапан с)Жарғақ шекпен Д)Тон Е)Шидем ішік
12.Киіз үйдің «басқұр» бауы қызмет атқарды
А)Түндік ретінде В)Жылыту үшін С)Бекіту, біріктіріп байлау Д)Ауа тазарту үшін Е)Бекітіп, ажырату
13.Күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді
А)Байлар В)Қарашалар С)Хан әулеті Д)Батырлар Е)Қожалар
14.Түнде жүріс бағытын бағдарлайтын жұлдыз
А)Тараз в)Үркер С)Сүмбіле Д)Жетіқарақшы е)Темірқазық
15.Жас келін сәукеле орнына жамылды
А)Жаулық В)Күндік с)Желек Д)Орамал е)Кимешек
16.Көш керуеніндегі түйелерге қарқара тағу дәстүрі
А)Қарқаралы көш в)Қыз ұзату көші С)Қаралы көш Д)Салтанатты көш е)Ақсүйектер көші
17.Мүшел күнтізбесінің дәлелі ретінде табылды
А)Ежелгі күнтізбе В)Тас бейнелер С)Түрік медальоны Д)Әдеби шығарма е)Хайуанаттар тізімі
18.Қазақтардың жазғы үйлерінің екі түрі
А)Киіз үй, жылжымалы үй-күйме В)Сабан үй, тастан салынған үй С)Киіз үй, жер үй Д)Кірпіш үй, киіз үй
Е)Жертөле, жылжымалы үй-күйме
19.XVI–XVII ғасырларда тарихи шығармалар қай тілде жазыла бастады?
А)Қытай тілінде В)Қазақ тілінде С)Парсы тілінде Д)Түрік тілінде Е)Кердері тілінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет