Желілер таралу ерекшелігіне қарай 4 түрге бөлінеді:
- аумақтық таралуына
- тиістілігіне
- деректерді тасымалдау жылдамдығына
- деректерді тарату ортасына байланысты
•
Аумақтық таралуына байланысты бөлінеді : 3 ке
- Жергілікті желі LAN
- Корпоративтік немесе аймақтық желі
- Дүниежүзілік желі WAN
•
Жергілікті желі - шектеулі аймақта (бір бөлмеде, меке-
меде, зауытта т.с.с.) орналасқан компьютерлерді біріктіреді
•
Корпоративтік немесе аймақтық желі – бір қала
немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуі-
нен пайда болатын желі
•
Дүниежүзілік желі – дүниежүзі бойынша компьютер-
лерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасау
желісі
•
Тиістілігіне қарай бөлінеді : ведомствалық желі және
мемлекеттік желі
•
Ведомстволық желі - бір ұйымға немесе мекемеге
тиісті болады (Банкоматтар, теміржол кассалары; Театр касса-
сы т.б )
•
Мемлекеттік желі - Ішкі істер органдары, Ұлттық қа-
уіпсіздік комитеті, Кеден қызметі сияқты мемлекеттік мекеме-
лерге қарасты желілер
•
Деректерді тасымалдау жылдамдығына қарай
бөлінуі:
- төмен жылдамдықта (10 Мбит/с дейін)
- орташа жылдамдықта (100 Мбит/с дейін)
- жоғары жылдамдықта (1 Гбит/с дейін)
- өте жоғары жылдамдықта (10 Гбит/с дейін)
•
Деректерді тарату ортасына байланысты бөлінуі:
- кабельдік арналар арқылы
- сымсыз арналар арқылы таратылады.
•
Кабельдік арналардың 3 түрі болады : есулі қосақталған
, коаксиальды кабель , оптикалық талшық
•
Есулі қосақталған (витая пара) - кабельдер бір немесе
бірнеше сымның бірігуімен өрілген өткізгіштерден тұрады.
Жылдамдығы 1000 Мбит/с
•
Коаксиалды кабель – жергілікті желілерде қолданыла-
тын кабельдің бір түрі. Жылдамдығы 50-100 Мбит/с
•
Достарыңызбен бөлісу: |