Абылайдың жастық шағы
Әбілмансұр –Сабалақ –Абылай
Орта жүздің сұлтаныУәлидің баласы Абылай (Әбілмансұр) 1711 жылы дүниеге келген. Атасы Түркістан қаласының билеушісі(оның есімі де Абылай) әскери жорықтарда ерекше көзге түсіп, жауына қаталдығы үшін “қанішер Абылай” атанған. Абылайдың 13 жасында ауылын жау шауып, әке-шеше,туыстарынан айрылған бала әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Ол алғаш Түркістан аймағын паналады. Осындағы үйсіннің атақты биі, кейіннен ұлы жүздің бас биі атанған Төле бидің малын бақты. Абылайдың алба –жұлба кейпіне қарап Төле би оны Сабалақ деп атап кетті.
Мұнда Сабалақ деген атпен жүрген ол біраз уақыт өзінің хан тұқымынан екенін жасыруға мәжбүр болды.
Абылай
Жоңғарларға қарсы күресте қатардағы сарбаз ретінде қатысып , көзге түсті. 1731 жылы жоңғарларға қарсы шайқаста ол, Абылайатасының есімін ұран қылып жауға шауып, өзінің ерекше ерлігімен қиын жағдайдан қазақ жасақтарын құтқарып қалады. Осыдан кейін ол Абылай атанып кетеді.Осы кезден бастап қазақ батырлары , билері мен сұлтандары қарапайым малшы болып жүрген ,қара халықтың арасында өсіп тәрбие алған Абылайдың шығу тегін анықтады.
Абылай-аса көрнекті мемлекет қайраткері
Қазақ хандығының билеушісі Абылайдың басты мақсаты-мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу. Абылай үш алып елдің ортасында дипломатиялық шеберлікпен қазақ елін және мемлекетін қорғауда дұрыс жолды таңдай білді және үлкен саясатта алғырлық танытып, айтарлықтай жеңістерге жетті. Абылай қазақтың бөлшектеніп кеткен жерлерін қайта біріктіру мақсатын жүзеге асыруды нақты қолға алды.
Абылайдың саясаты
Ішкі саясаты
Сыртқы саясаты
Мәдениет саяси әлеуметтік
Достарыңызбен бөлісу: |