7 Тақырып: «Аудиторлық қорытынды» Дәріс сұрақтары



бет3/3
Дата12.03.2023
өлшемі23.39 Kb.
#470668
1   2   3
Лекция 7 (1)

Теріс қорытынды аудитордың қаржылық есептілік сенімділігіне күмәні соншалықты, оның пікірінше пайдаланушыларды шатастырады және қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен сенімділігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Аудиторлық қорытындыда аудитор қаржылық есептіліктің заңнамаға және бухгалтерлік есептің нормативтік актілеріне сәйкес еместігін түсіндіретін себептерді нақты атап көрсетуі қажет.
Аудитордың қорытынды беруден бас тартуы күмәндәну немесе тексеріс көлемінің шектелуі соншалықты, ол аудиторға қаржылық есептілік жағдайы туралы қорытынды жасауға негіз бермейді. Қорытындыда қорытынды жасау неге мүмкін емес екенін нақты және анық көрсету қажет. Егер кәсіпорын аудиторлық тексеріс барысында немесе одан кейін бухгалтерлік есептегі заңнаманы және басқа да нормативтік актілерді орындаудағы елеулі кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоятын болса, қаржылық есептілікке өзгерістер енгізсе, аудитор теріс немесе шартты-оң қорытындыны сәйкесінше шартты-оң және оң қорытындыға өзгерте алады.
Аудиторлық қорытынды өзгертілгенге дейін кәсіпорынның бухгалтерлік есебіне, ішкі бақылауына және қаржылық есептілігіне жасалған түзетулер, нақтылаулар және толықтырулардың тексерісі жүргізілуі тиіс.
Аудит материалдырын жүзеге асыру
Аудит материалдырын жүзеге асыру кезеңінде 2 процедура бар:
1. Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шаралар;
2. Жоспарланған шаралардың орындалын бақылау.
Осы кезеңдегі аудитор қызметі анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жоюмен байланысты шараларды дайындаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар олардың орындалуын тексеруді қамтиды. Аудиторлық ұйымдар мен шаруашылық жүргізуші субъектінің өзі бұзушылықтарды жою бойынша жоспарды құрайды, аудит материалдарын құқық қорғау органдарына тапсырады, материалдық зиян келтіргенге кінәлі тұлғаларға қуыным (иск) ұсыну, кадрларды орналастыруды жүзеге асырады, аудит нәтижелері бойынша басқа да шараларды жүргізеді.
Аудиторлық топ мүшелері шаруашылық жүргізуші субъектілер басшыларын және басқа да жұмысшыларының назарын аудара отырып, кемшіліктерді жоюда белсенді көмек көрсетеді. Аудиторлар анықталған бұзушылықтардың жойылу толықтығын тексеріп, оған бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына қатысады.
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша шараларға мыналар кіреді.
Біріншіден, анықталған кемшіліктерді аудит барысында, оның аяқталуын күтпей, жою. Мысалы, кассадағы нақты бар ақша мен бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы ауытқу 3 күн ішінде жойылады. Анықталған артықшылықтар кірістеледі, ал жеткіліксіздік кәсіпорында белгіленген өтеу нормалары шегінде кінәлі тұлғамен, қылмыстық жауапкершілікке тартусыз, өтеледі.
Екіншіден, кемшіліктерді жою дайындалған жоспар бойынша жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар жоспарын құрып, оған сәйкес жұмыс атқарылады.
Үшіншіден, аудит материалдарын талқылау жоғарыда тұрған ұйымда жүзеге асырылады. Ведомстволық кәсіпорындарының бірінде анықталған кемшіліктерінің талқылануы басқа ішкі ведомстволық ұйымдарды ұқсас бұзушылықтарды алдын алу үшін жүргізіледі.
Төртіншіден, аудит материалдарын тергеу органдарына тапсыру. Материалдық зиянға әкеліп соқтырған ірі жетіспеушіліктер, қызмет жағдайын асыра пайдалану анықталған жағдайда аудит материалдары кәсіпорын басшылығының келісімімен құқық қорғау органдарына тапсырылады.
Анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою және кейін болдырмау шараларын жүзеге асырудың уақытылығына және толықтығына бақылау жүргізу де маңызды болып табылады. Оған жататындар:
1. Тексерілетін ұйым басшысының кемшіліктерді жою туралы ақпаратты шаруашылық жүргізуші субъекті басшысы аудиторлық ұйымға курьер арқылы немесе поштамен анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша жүргізілген шаралар туралы жазбаша есеп беруді жібереді.
2. Аудитордың келуі және орында тексеруі. Аудиторлар тексерілетін объектіге анықталған кемшіліктердің жойылу фактісін тексеру мақсатымен келе алады.
3. Кейінгі аудит барысында кемшіліктерді жою бойынша шаралардың жүзеге асырылғанын тексеру.
Кейінгі тексеріс кезінде аудитор міндетті түрде алдыңғы аудит материалдарымен танысады, есеп беруде және қорытындыда көрсетілген кемшіліктер мен бұзушылықтарды қарастырып, қандай шаралар жүргізілгенін және оларды жою бойынша шаруашылық жүргізуші субъект қандай шаралар қабылдағанын анықтайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет