8- сынып 3- қазан күні



Дата08.02.2024
өлшемі16.28 Kb.
#491359
зерт жұмыс хабарлама


«Қаракөл әмектеп-бөбекжай балабақша» кешені» КММ-сінің физика пәні мұғалімі А.Рахымгалиевадан зертханалық жұмыстардың жүргізілу жөнінде

Хабарлама


І жарты жылдық бойынша физика пәнінен 7-11 сынып оқушыларына тақырыптық күнтізбелік жоспарға сай зертханалық жұмыстар жүргізілді.
7 – сыныпта 23 қыркүйек күні №1 зертханалық жұмыс «Физикалық шамаларды өлшеу» тақырыбында өтті. Оқушылар физикалық шамалармен және олардың өлшем бірліктерімен танысты. Аспаптардың бөлік құнын анықтауды үйренді. 29 қыркүйек күні №2 зертханалық жұмыс «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау» тақырыбында өтті. Оқушылар үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазуға, кішкентай денелердің өлшемдерін қалай табу керектігін үйренді.11 қараша күні №3 зертханалық жұмыс. «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау» тақырыюбында өтті. Зат тығыздығы нені көрсететінін білетін болады. Заттың тығыздығын анықтауды үйренеді. Заттың тығыздығы формуласын біледі және оны есептер шығаруда қолдана алуға үйренді. 7 желтоқсан күні №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» тақырыбында зертханалық жұмыс өтті. Оқушылар деформацияны күнделікті өмірмен байланыстыра алуға. Бақыланатын шамаларды ажырата отырып, есептер шығара алуға. Тәжірибе жасай алуға үйренді.21 желтоқсан күні №5 зертханалық жұмыс. «Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу» тақырыбында зертханалық жұмыс өтті. Үйкелістің түрлерін біледі , мысалдар келтіре алуға, әртүрлі денелердің беттеріндегі сырғанау үйкеліс күшін анықтай алуға, сырғанау үйкеліс күшінің сандық мәнін есептеп, қорытынды жасай алуға үйренді.
8- сынып 3- қазан күні № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» тақырыбында зертханалық жұмыс өтті. Оқушылар қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтауды, жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын тәжірибе арқылы тұжырымдауға,75%-ы сабақтын соңында ыстық судың берген жылу мөлшерін және суық судың алған жылу мөлшерін тиісті формулаға қойып есептеуге, берілген кестені дұрыс толтыруға. Судың берген жылу мөлшерін алған жылу мөлшерімен салыстырып қорытынды жасауға, кейбір оқушылар тәжірибенің салыстырмалы қателігін есептеуге, қорытынды жасауға үйренді.12-қазан күні № 2 зертханалық жұмыс.«Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау» тақырыбында өтті. Бұнда оқушылар Барлық оқушылар температура мен массаның тура өлшемін орындай алуға, мұз массасын жанама әдіспен есептей алуға, жылу балансы теңдеуін құрастыра алады және мұздың меншікті балқу жылуын есептей алуға, кестедегі мән мен алынған нәтижені салыстыра алуға, көпшілік оқушылар эксперимент нәтижесіне әсер еткен факторларды көрсету, қателіктерді сапалы түрде бағалауға, кейбір оқушылар түрлі денелердің балқуы мен температурасының өзгерісі графигін салыстыра алады, график бойынша меншікті балқу жылуын анықтайды;
игерілген тақырып бойынша экологиялық және техникалық мазмұнда есеп құрастыруға үйенді.
9 -сынып 21-қазан күні № 1-зертханалық жұмыс. "Теңүдемелі қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау" тақырыбында өтті. Онда оқушылар теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің үдеуін эксперименттік жолмен анықтауды, теңүдемелі қозғалыс кезiндегi орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графиктерін тұрғызу және оны түсіндіру үйренді. 28- қыркүйек күні № 2-зертханалық жұмыс. "Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу" тақырыбында өтті. Бұнда оқушылар интернет желісінен осы зертханалық жұмыстың мақсатына жету үшін видеолар көріп, түрлі мысалдар арқылы есепту жүргізіп, қорытынды жасады.
10- сынып 16- қыркүйек күні №1 зертханалық жұмыс. "Көлбеу жазықтық бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау" тақырыбында зертханалық жұмыс өтті. Зертханалық жұмыс барысында орын ауыстыру мен уақытты есептей алуға,формуланы қолданып, үдеуді есептей алуға, жасаған жұмысына қорытынды жаза алуға үйренді. 19 -қыркүйек күні №2 Зертханалық жұмыс «Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігін зерттеу» тақырыбында өтті. Оқушылар көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясын анықтау мақсатында білімленд платформасынан бейне жазба көрін.есептеулер жүргізі. 21-қазан күні №3 зертханалық жұмыс. "Тұтқыр сұйықта қозғалатын кішкентай шардың жылдамдығының оның радиусынан тәуелділігін зерттеу.Оқушылар онлайн мектеп арқылы тапсырмалар орындады.
11-сынып 14-қазан күні №1 зертханалық жұмыс ""Трансформатор орамасындағы орам санын анықтау» тақырыбында өтті. Онда оқушылар трансформатор орамасындағы орамдар санын анықтауға тапсырмалар орындады. 6- желтоқсан күні №2 зертханалық жұмыс. "Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау" тақырыбында өтті. Оқушылар Дифракциялық тор алқылы жұмыс істеу жайлы мағлұмат алды, дифракциялық тор алқылы жұмыс істеуді күнделікті тұрмыста қолдана білуге үйренді. 13- желтоқсан күні №3 зертханалық жұмыс. "Поляризация құбылысын бақылау» тақырыбында өтті. Оқушылар жарықтың поляризация құбылысын талдау,жарықтың электромагниттік табиғатын тәжірибе арқылы дәлелддеуге тырысты. Бейне жазба арқылы тақырыпты меңгеріп қорытынды жазды.
Жалпы сыныптар бойынша зертханалық жұмыстар құрал – жадықтар барларығы ғана өздері жасап үйренді, кейбір зертханалық жұмыстар құралдар болмағандықтан әлеуметтік желілерден көру арқылы, электронды түрде жасалатын платформалардан жасап, есептеулер жүргізіп, қорытындылар жасады. Оқушылар берілген тапсырманы орындауын, есептеуіне және жасаған зертханалық жұмысына қорытынды жазуына байланысты бағаланды. Бағалау күнделік.кз те жүргізілді.ІІ жарты жылдықтада зертханалық жұмыстар жүргізіледі.ӘНХ қа сәйкес күнтізбелік тақырыптық жоспарда уақытына байланысты жүргізілетін болады.

Хабарламашы: А.Рахымгалиева.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет