8 ДӘріс тақырыбы: Қатты денелердің ағысталуы. Шекаралық қабат Дәріс жоспары


Үйкелістің қарсыласуы. Шекаралық қабат



бет3/4
Дата16.10.2022
өлшемі258.58 Kb.
#462798
1   2   3   4
8 лек

3. Үйкелістің қарсыласуы. Шекаралық қабат
Үйкеліс қарсыласуы мына формуламен анықталады
, (7.5)
мұндағы - дененің ағында беті;
- үйкеліс қарсыласуының коэффициенті.

Үйкелістің бұл түрін ағыс бойымен орнатылған пластинаның ағуында байқауға болады (7.7 сурет).


7.7 сурет- Жазық пластина бойлай ағу. 1- ламинарлы шекаралық қабат, 2- турбулентті шекаралық қабат.


Үйкелістің қарсыласуы кезінде ағыс бөлінбейді, бірақ пластина бойында сұйықтықтың шекаралық қабаты пайда болады. Көлденең өлшемдері ағыс бойымен төмен қарай жоғарылайды.
Сұйықтықтың шекаралық қабаты –Рейнольдстің үлкен санында тұтқырлыққа байланысты, дененің сыртқы бетіне жалғасатын ағыс аумағы.
Шекаралық қабат сыртында ағыс жылдамдығы пластина болмағандағы жалдамдықтай болады, яғни тұтқырлық күшінің әсері айтарлықтай аз.
Шекаралық қабат сыртында тұтқырлық күштері елеулі ықпал етеді.
Шекаралық қабат ағынды дененің алдынғы нүтесінен басталып, бүкіл беті бойынша, бірте-бірте ұлғаяды.
Шекаралық қабаттың қалыңдығы- еркін ағыстың жылдамдығынан 1%-дан кем емес жылдамдықтағы пластинадан ара қашықтық.

Шекаралық қабат ламинарлы және турбулентті болып бөлінеді. Шекаралық қабаттың қалпынан үйкеліс қарсыласуының өлшемі тәуелді.


Пластинаның алдынғы бөлігінде шекаралық қабат ламинарлы сипатқа ие болады. Ламинарлы қабаттың қалыңдауына байланысты ол беріктігін жоғалтып, турбулентті шекаралық қабатқа ауысады.
Шекаралық қабаттың жағдайы осы қабаттағы қозғалысты сипаттайтын Рейнольдс санынан тәуелді.

Рейнольдс саны мына формуламен анықталады


, (7.6)
мұндағы L- пластина ұзындығы.

Жазық пластина үшін ламинарлы шекаралық қабат турбуленттіге ауысады егер


, (7.7)
мұндағы - пластинаның алдынғы бүйірінен шекаралық қабаттың ламинарлы бөлігінің соңына дейінгі ұзындық (13.7 сурет).
Егер < , онда бүкіл шекаралық қабат ламинарлы.
Егер > , шекаралық қабаттың жарты бөлігі ламинарлы, ал жартысы турбулентті –яғни аралас шекаралық қабат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет