Бiтiмдiк-құрылымдық ерекшелiктерi бойынша шомбал, қабатталған және желiшiктi-секпiлдi рудалар ажыратылады. Олардың құрамында темiр сульфидтерi (пирит, мельниковит, марказит) мен халькопирит басым кездеседi. Қосымша руда минералдарға сфалерит, пирротин, солғын кендер, галенит және т.б. жатады. Рудалар химиялық құрамы бойынша комплекстi. Оларда өнеркәсiптiк айырып алуға жеткiлiктi қорғасын, мырыш, күкiрт, селен, теллур, күмiс, алтын, кадмий, индий, таллий, галлий болады. - Бiтiмдiк-құрылымдық ерекшелiктерi бойынша шомбал, қабатталған және желiшiктi-секпiлдi рудалар ажыратылады. Олардың құрамында темiр сульфидтерi (пирит, мельниковит, марказит) мен халькопирит басым кездеседi. Қосымша руда минералдарға сфалерит, пирротин, солғын кендер, галенит және т.б. жатады. Рудалар химиялық құрамы бойынша комплекстi. Оларда өнеркәсiптiк айырып алуға жеткiлiктi қорғасын, мырыш, күкiрт, селен, теллур, күмiс, алтын, кадмий, индий, таллий, галлий болады.
- Кенорындардың бұл типi таралған жерлер: Орал (Сибай, Гай, Блява, Учалы), Кавказ (Уруп, Кафан, Шамлуг, Алаверды), Югославия (Бор), Норвегия (Леккон), Швеция (Болиден), Түркия (Эргани), АҚШ (Юнайтед-Верде), Канада (Кидд-Крик).
Достарыңызбен бөлісу: |