8.3 Санама-сызба жұмыстарының нәтижелерін рәсімдеу
Рецензияға ұсынылған тапсырмаларға келесі талаптар қойылады:
Тапсырма шартындағы электр сызбалары мен суреттер, сонымен қатар жұмысты орындау барысындағы басқа да суреттер, графиктер, сызбалар жеке парақта орындалуы тиіс.Тапсырма бойынша берілген сандық деректер суреттің жанында жазылуы керек.
Тапсырманы орындау алдында есепте қолданылатын барлық электр шамалары үшін оқулықтарда мақұлданған белгілеулер (тізбек элементтері, кернеулер және т.б үшін) таңдалу қажет. Өзіндік, еркін белгілеулер еңгізуге болмайды. Белгілеулердің индекстері қарапайым болуы тиіс, екі және үш еселенген индекстерді қолданбауға тырысу керек.
Есепті шығару барысында алдында қабылданған токтардың бағыттары мен түйіндердің, кедергілердің және т.б. атауларын өзгертпеген дұрыс. Бір есепті әр түрлі әдістермен шығарған кезде шамаларды бір ғана әріптік символмен белгілеу керек.
Тапсырманы орындау пункттар бойынша қатаң жүргізілуі тиіс. Әр пунктта номер мен осы пунктта анықталатын шамалардың атаулары болу керек. Осыдан кейін жалпы түрдегі сәйкес теңдіктер жазылып, деректер (мәндер) жазылған формулаға өзгеріссіз қойылады. Соңында алынған нәтижелер мәндер қойылған теңдіктерден кейін бірден жазылады, аралық есептеулерді жазу қажет емес. Соңында алынатын нәтижелерді ерекшелеп, өлшем бірліктерді жазу керек. Өлшем бірліктер жақшаға алынбайды.
Пункттың атауы әдеби дұрыс, қатал және ықшам, үшінші жақтан болуы тиіс. Толық түсініктеме тек қажет жағдайда ғана беріледі.
Барлық суреттерге нөмерлер беріледі, мәтін ішінде суреттердің сәйкес нөмерлеріне сілтеме жасалу керек. Сілтеме жақша ішінде сурет нөмерін жазу арқылы жасалады, мысалы (5 сурет).
Графиктер тұрғызған (сызған) кезде координаталар остерінде бірқалыпты шкала мен өлшем бірліктер болу қажет. Шкала тым жиі болмау керек. Қисық құрылған нақты мәндерді остерде көрсету қажет емес.
Векторлық диаграммаларды тұрғызған кезде қолданылған масштабты көрсету керек. Масштабтар бүтін сандар болуы тиіс, мысалы mU=25 .
Есептеулер (510)% нақтылығымен орындалуы тиіс.
Жұмыстың соңында күн қойылып студент қол қоюы тиіс.
Егер жұмыстың орындалуы жоғарыда келтірілген талаптарға сай болмаса, онда ол тексерілмейді және қайтарылып беріледі.
Қабылданбаған жұмыс қайта орындалып, қайта қаралу үшін тапсырылуы тиіс, онымен бірге жұмыстың алғашқы нұсқасы, яғни рецензенттің ескертулері жазылжан жұмыс бірге тапсырылуы тиіс. Рецензияланған мәтінді түзетуге тыйым салынады. Егер жұмыстың барлығы емес тек бір бөлігі ғана қате болса, онда қайта қаралған және түзетілген мәтінді алғашқысынан кейін «Ескертулер бойынша түзетулер» тақырыбымен жазуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |