8-тақырып. Бастауыш сынып математика сабақтарында қолданылатын оқу құралдары мен олардың міндеттері. Жоспар


Көргiзбелi құралдарға қойылатын талаптар



бет2/6
Дата11.04.2023
өлшемі45.08 Kb.
#472080
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
8-Такырып. Бастауыш сынып математика сабақтарында қолданылатын оқу құралдары мен олардың міндеттері.

2.Көргiзбелi құралдарға қойылатын талаптар.
Көргiзбе ең эффектив болуы үшiн ол кейбір талаптарға бойсыну керек. Көргiзбелi құралдарға қойылатын жалпы талаптар: мазмұнының ғылымилығы, оқу дәстүрiне сәйкестiгi, оқушылардың жас өзгешелiктерiне сәйкес болуы. Жасалуы және iшкi көрiнiсiнiң көру аралығына сәйкестiгi, орындалуының тазалығы, пайдалану қолайлылығы, математиканы түсiндiруге пайдалылығы. Математиканы оқытудағы көргiзбе жинақтары мазмұн жағынан қарапайым және анық болуы керек. Бұл көргiзбелi құралдар математиканы оқыту басқыштарында iзбе-iз төмендегi тәртiпте қолдалынады:
1) айналадағы бар заттар (сынып ханасындағы заттар, өсiмдiктер),
2) оқушыларға жақсы таныс болған заттардың көрiнiстерi және суреттерi,
3) сол заттардың шәрттi көрiнiстерi (автомобилдi түзутөртбұрыштық деп), 4) схемалар ж.т.б.
3.Көргiзбелi құралдардың түрлерi.
Бастауыш сынып математикасын оқытуда әр түрлi көргiзбелi құралдар қолдалынады, оларды төмендегi түрлерге бөлемiз.
1) айналада бар предметтер. Оқушыларға бiрiншi күннен айналадағы заттардан санау, қосу, алуда пайдалану мүмкiн. Мәселен, кiтап, дәптер, қалам, санау шөптерi ж.т.б.
2) суреттi көргiзбелi құралдар. Бұндай көргiзбелi құралдар түрiне оқушыларға таныс болған оқу таблицалары, суреттерден және басқа құралдар кiредi (өсiмдiк, жаныуар, машина ж.т.б). Мәселен, арифметикалық амалдар орындауда 10 бiрдей болған шөженiң суретi сызылған картоннан пайдалану мүмкiн. Сондай-ақ, бұндай көргiзбелi құралдар түрiне өлшеу прибор және әспабтардың моделдерi (сағат стелкасы, тәрезi, мензурка) өлшеу моделi (метр, литр) қосу сияқтылар кiредi.
3) таблицалар: таблица деп бiр тәртiп бойынша қатарларға жазылған сан немесе тексттi жазуға айтылады. Бұл материалдардың барлығын бiрлестiрушi тақырып қойылады. Таблицалар қолданылуына қарап төмендегi 4 түрге бөлiнедi:
а) бiлуге,
б) көрсетпе беруге,
в) мағлумат беруге (справочник) байланысты болады.
Бiлуге байланысты таблицаларда жаңа материалдарды баян етуде қоланылатын және жаңа мағлуматтарды өз iшiне алған таблицалар кiредi. Бұлардан оқушылар бiлiмiн кеңейту және жалпыластыру мақсатында қайталауларда да пайдалану мүмкiн. Бұндай таблицаларға санақ бiрлiктерiнiң разряд және сыныптарын көрсетушi таблица, ұзындықтарын өлшеу сыяқты таблицалар кiредi. Көрсетпе (инструктив) беру таблицалары ол немесе бұл амалдарды орындау, мәселе шешу, есептеу дағдыларын асырғанда қолдалынады, бұндай таблицада цифрлардың қол жазба үлгiсi, арифметикалық амалдардың орындалу тәртiбiн көрсетушi таблицалар мысал болады. Бұндай таблицалар сыныпта ұзақ уақыт iлiнiп тұруы мүмкiн, себебi ол оқушыларға барлық уақытта көрсетпе берiп тұрады.
Жаттығу iстеу таблицалары есептеу дағдысын қалыптастыру мақсатындағы көптеген жаттығуларды орындауға мөлшерленген. Бұндай таблицаларға ауыз екi есептеуде қолданылатын төмендегi таблицаларда мысалға келтiру мүмкiн. Қосу және көбейту (Пифагор) таблицалары.
Справочник таблицалары оқушылардың мысал және мәселелердi шешуде сондай-ақ, факттық жұмыстарды орындауда керектi болған материалдарды өз iшiне алады. Бұлар көрсетпе беру таблицасындай ұзақ уақыт сыныпта iлiнiп қойылады. Бұндай таблицаға метрлiк өлшеу бiрлiктерi таблицасы, уақытты өлшеу таблицалары мысал болады.
4) есептеу әспабтары. Бұндай көргiзбелi құрал түрiне шот, абак, Аарифметикалық құты және компьютер кiредi. Абак немесе есеп тахтасы көбiнесе қолдан жасалады. 70x30 см доска алынады немесе доскада үш санды разрядқа тиiстi вертикал жолақтар сызылады. Олар бiрлiктер, ондықтар, жүздiктер. Разрядтар көрiнетін болуы үшiн жолақтар әр түрлi рең мен боялады, әр түрлi жолақшада жоқарыдан төменге қарап 10 нан шеге қағылады, олардың әр бiрiне фанер немесе картоннан жасалған дөңгелектер кигiзiледi, әрбiр дөңгелек бiр разряд бiрлiгiн бiлдiредi. Арифметикалық жәшік куб формасында жасалып, екi тәрепi ашылатын болады. Ол көп мұғдардағы есептеу материалдарын өз iшiне алады: брусок, ағаш куб, квадрат доска ж.т.б. Куб, брусок, доскалардан номерлеу және санауды оқытуда пайдалану мүмкiн.
5) өлшеу әспабтары. Өлшеу әспабтары оқыту процесiнде екi жақтама роль ойнайды: а) әмели мазмұндағы мәселелердi шешу және түрлi жұмыстарды орындауда өлшеу үшiн iстетiледi, б) өлшеу бiрлiктерi арасындағы байланыс және өлшем бiрлiктердi оқытуда жәрдемшi көргiзбе құрал сыпатында iстетiледi.
Бастауыш сыныптарда узындық, ауырлық, көлем, майданды өлшеу әспабтары қолданылады және негiзгi өлшеу жұмыстары орындалады.
Өлшеу әспабтарына төмендегiлер кiредi:
1) сызғыш, үшбұрыштық, метр сызғышы, рулетка, циркул;
2) пәллелi тәрезi, циферблатлы тәрезi;
3) литрлi және жарым литрлi ыдыстар, кружкалар;
4) циферблат;
5) палетка;
6) сынып циркулы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет