8 тақырып. Халықаралық технологияның берілуі механизмі мен формалары



жүктеу 46.87 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі46.87 Kb.
8 тақырып. Халықаралық технологияның берілуі

1. Халықаралық технологияның берілуі механизмі мен формалары

2. Технологияның берілуін мемлекеттік реттеуі
1. Әрбір нақты жағдайда технология әр түрліше түсіндіріледі.

Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, технологиялық бағыттар және басқалар) және заттанбаған формадағы (әр түрлі тектегі технологиялық құжаттама, білім, тәжірибе, ноу-хау және басқалар) интеллектуалдық қызмет нәтижелері әлемдік технологиялар нарығының объектілері болып табылады.

Мемелекеттер, университеттер, фирмалар, пайда әкелмейтін ұыймдар, қорлар және жеке тұлғалар – ғалымдар мен мамандар әлемдік технологиялар нарығының субъектілері болып саналады.

Технология өздігінен тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайда сатылғанда ғана тауарға, өнімге айналады.

Идеядан бастап нарыққа дейінгі технологияның өтетін жолы өте ұзақ.

Идеяны коммерциялаудың шынайы мүмкіндігі сезініп, сараптау жүргізіліп, оны пайдалану аясы айқындалғанда, технология сонда ғана тауарға айналады.

Технология-тауар патенттер түрінде, өндірістік тәжірибеге, «ноу-хауға», жабдықтардың аппаратуралардың, сондай-ақ өндірістің, технологиялық процестердің (оның ішінде химиялық, биотехнологиялық және т.б.) тәсілдері ретінде тар шеңберде түсетін технологиялардың тәжірибелік немесе өнекәсіптік үлгілеріне ие бола алады.

Технологияралды беру үш негізгі канал бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Фирмаішілік – трансұлттық компаниялардың (ТНК) шетелдегі фирмаларына технология берілуі (лицензиялармен әлемдік сауда жасау фирмаішілік айырбасқа әкеледі);

2. Фирма аралық – лицензиялық, кооперациялық, басқарушылық және шетел фирмаларымен өзге ұзақ мерзілік келісімдер бойынша технология берілуі;

3. Сыртқы сауда каналдары – машиналарды, жабдықтарды және өзге өнеркәсіп өнімдермен экспорттық жеткізулермен бірге.

Технологияларды беру коммерциялық және коммерциялық емес негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ғылыми-техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, ғылыми-зерттеу және өнеркәсіпорындарына сапарлар, өндірістік-техникалық жетістіктермен және ұзақ мерзімдік бағдарламалар бойынша өзара тәжірибемен танысу, технологияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.

Патент қабілетті емес ақпараттар беру – іргелі (фундаменталді) НИОКР, іскерлік ойындар, ғылыми жаңалық ашу, патенттелмеген өнертапшылық, негізінен коммерциялық емес формада жүзеге асырылады

Ақпараттар берудің негізгі коммерциялық формалары болып мыналар саналады:



  • материалданған түрде технологияларды сату – станоктар, агрегаттар, автоматты және электронды жабдықтар, технологиялық желілер және т.б.

  • шетел инвестициялары, өнеркәсіпті қайта жаңарту;

  • патенттер сату;

  • паттенттелген өнеркәсіп меншігін барлық түрлеріне лицензиялар сату:

  • өнеркәсіп меншігінің патенттелмеген түрлеріне «ноу-хау», құпия өндіріс, технологиялық тәжірибеге берілетін жабдыққа және техникаға, жолдама құжаттарға, нұсқаулықтарға, сұлбаларға, техникалық карталарға, сондай-ақ мамандарды оқытуға, сарапшыға кеңесші болып жол бастап жүруге лицензиялар сату;

  • НИОКР-ді бірге жүргізу, ғылыми-өндірістік бірлему (кооперация);

  • Инжиниринг.

Коммерциялық формада технологияларды беру, патенттелген ақпараттан тысқары, тараптар орындауға міндетті бірқатар өзге ережелер мен талаптар болуы мүмкін лицензиялық келісімдер ресімделеді немесе жолданады.
2. Технологиялық нарықтық өмірі кезеңінде ұсыныс, бәсеке және сұраныс тез өседі. Ұқсас тауарларды, сонымен бірге өзге сауда маркасын ұсынатын ұқсатқыштардың (имитаторлардың) улкен саны пайда болады.

Патенттің экономикалық мазмұны мемлекеттердің өз аумағынан белгілі бір уақыт ішінде (негізінде, 15-20 жыл шегінде) ашқан жаңалықты пайдалану үшін жаңалық ашушыға (өнертапқышқа) монополиялық (айрықша) құқық беруден тұрады.

Бұл монополиялық құқық патенттің көрсетілген қолдану уақыты шеңберінде тек патент иесі ғана аталмыш жаңалықты жүзеге асыра отырып, тауарларды жасап, қолданып және сата алады немесе осы өнімді өндірудің белгілі бір әдістері мен тәсілдерін пайдалана алады.

Тәжірибеде жаңа технологияларды еңгізуші жетекші өндіруші фирмалар өздерінің жаңа технологияларын бір мезгілде шамамен 25-тей бәсекелес елдерде, яғни негізгі өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде патенттейді.

Кәсіпорындардың үлкен санының ішінде озық технологияларды тез таратуға деген қажеттілік, тек оның иесінің ғана емес, сонымен бірге өзге компаниялардың патентінің қолданылу мерзімі ішінде ашылған жаңалықта көп қайтара пайдалану қажеттілігін айқындайды. Сондықтан да әлемдік тәжірибеде, патент иесі (лицензиар) ашылған жаңалыққа өзінің меншік атағын сақтай отырып, жаңалықты пайдалануға сатып алушыға (лицензиатқа) құқық беретін лицензия сияқты технологиялардың берілу формасы кең түрде қолданылады.

Патенттік заңдар – айрықша монополиялық құқықты тек патент иелеріне ғана емес, сонымен бірге тауар белгілері, өнерәсіптік үлгілер, фирмалық (сапалық) атауы және т.б. сол сияқты өнеркәсіп меншігінің өзге түрлерінің иелеріне де береді. Ал өнер және әдебиет туындыларына қатысты айтар болсақ, одна оны авторлық құқық қорғайды.

Өнеркәсіп меншігі атағы (титулы) (өнертапшылықтыққа патенттер және өнеркәсіп үлгілері, тауар белгілерін тіркеу туралы сертификаттар) авторлық құқықтармен бірге интеллектуалдық меншік жүйксін құрайды.

Әр түрлі елдердің құқықтық жүйелері технологияға меншік құқығын қорғаудың әр түрлі мерзімдерін – шамамен 10-нан 20 жылға дейін, орта мерзім ретінде 15 жылды қарастырады. “Өмірлік циклден” өту үшін бұл мерзім бойынша жектілікті болып саналады.



Жоғарғы технология басым түрде өнеркәсібі дамыған елдер арасында сұранысқа ие. Ал орташа немесе төмен технологиялар өнеркәсібі дамыған елдер үшін жоғары технология сияқты құндылыққа ие емес, яғни олар үшін тауар бола алмайды. Алайда, жаңа индустриалды елдер (ЖИЕ) нарықтары үшін олар “жаңа технологиялар” болуы мүмкін. Соңғы онжылдықтарда ЖИЕ нарығы, өнеркәсібі дамыған елдермен технологиялық айырбас жасауға белсенді түрде қатысуда. Сондықтанда өнеркәсібі дамыған елдер алатын пайданы көбейте отырып, технологиялардың “өмірлік циклін” уақыт жағынан және кеңестік бойынша созуға мүмкіндік алады.

Сауда және даму жөніндегі – ЮНКТАД БҰҰ конференциясы әзірлеген “Технологияларды беру саласындағы тәртіп кодексі” бұл қатынастарды маңызды нормативтік, халықаралық құжат болып саналады. Оның негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қатыссыз түрде барлық мемлекеттер үшін теңдей мүмкіндіктер жағдайында, технологиялардың халықаралық берілуін ұдғайтуға көмектесу болып саналады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет