8 зертханалық жұмыс. Судың тотығуын (судың құрамындағы оттегінің мөлшерін) анықтау



бет2/3
Дата16.10.2022
өлшемі21.7 Kb.
#462795
түріҚұрамы
1   2   3
13лаб

8.2 Анықтауды жүргізу
Перманганаттық тотығушылықты қышқылдық ортада анықтау
Бұл әдіспен анықталатын тотығушылықтың максималды мәні 10 мг/дм3 құрайды (сынаманы алдын ала сұйылтпай). Сынаманы 10 есе ғана сұйылтуға болады. Сондықтан тотығушылығы >100 мг/дм3 О2 суларды талдауға бұл әдіс жарамайды.
Көлемі 250—300 см3 колбаға қалқыған заттардан сүзілген талданатын судың 100 см3 алады (немесе одан азырақ, егер судың тотығушылығы жоғары болса). Су органикалық қоспалармен қатты ластанған болса, аликвотты бөлігі ≤5 см3, ал азырақ ластанған болса, 20 см3 құрайды. Колбадағы сұйықтықтың көлемін 100 см3-ке дейін тұзсыздандырылған сумен сұйылтып, күкірт қышқылының 10 см3 және бюреткадан 0,01 н калий перманганаты ерітіндісінің нақты 10 см3 қосады. Колбаны воронкамен жауып, плиткада қайнағанша қыздырады да, 10 мин. қайнатады. Қайнау кезінде ерітіндінің бояуын байқау керек: ерітінді түссізденсе, колбаға калий перманганатының 5—10 смқосып, тағы қайнатады. Ыстық ерітіндіге қымыздық қышқылы (Н2С2О4) немесе натрий оксалаты (Na2C2O4) 0,01 н ерітіндісінің 10 см3 қосып, жақсылап араластырады. Колбадағы ерітінді бұл кезде түссізденеді (мар­ганец диоксидінің қоңыр тұнбасы түзілсе – ол ериді). Түссізденген ерітіндіні бюреткадан 0,01 н калий перманганаты ерітіндісімен тұрақты әлсіз қызғылт түске дейін титрлейді. Қайнату кезінде қоңыр түс пайда болса немесе қоңыр түсті тұнба түзілсе, анықтауды талданатын судың азырақ көлемінде қайталайды. Мұнымен қатар тұзсыздандырылған судың 100 см3-нің тотығушылығын анықтайды («бос» тәжірибені жасайды).Тотығушылықты 2-3 параллельді сынамаларда анықтайды. Нәтижелердің айырымы 0,25 мг/дм3 О2 аспау қажет.
Перманганаттық тотығушылықты сілтілік ортада анықтау
Сілтілік ортада перманганаттық тотығушылықты анықтау үшін көлемі 250 смконустық колбаға талданатын судың 50 см3 алып, 100 см3-ке дейін тұзсыздандырылған сумен сұйылтады. Ерітіндіге 10%-дық сілтінің 2 см3 қосып, қайнағанша қыздырады да, калий перманганатының 0,01 н ерітіндісі-нің 10 см3 қосады.
Ерітіндіні 10 мин. қайнатады. Ыстық ерітіндіге 10 см3 10 н күкірт қышқылы мен 10 см3 0,01 н қымыздық қышқылы ерітінділерін қосады. Түссізденген ерітіндіні 0,01 н калий перманганаты ерітіндісімен 1 мин. ішінде кетпейтін әлсіз қызғылт түске дейін титрлейді.
Перманганатпен қайнатуды сілтілік ортада жүргізгенде қоңыр түсті тұнба пайда болып, ерітінді жасыл-күлгін түске боялады. Бұл құбылыстар тәжірибені талданатын судың азырақ мөлшерімен қайталауды талап етпейді. МnОқоңыр тұнбасының үстіндегі ерітінді толық түссізденгенде анықтауларды талданатын судың азырақ мөлшерімен қайталау қажет. Бұл жағдайда бақылау анықтауды да сілтілік ортада жүргізеді, ол үшін тұзсыздандырылған судың 100 см3 алып, әдістеме бойынша өңдейді.
Тотығушылықтың есептеулерін қышқылдық ортадағыдай жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет