9-Дәріс Гидротермалық-шөгінді (стратиформдық) кенорындардың жаралу жағдайлары және геологиялық құрылысы


Инфильтрациялық (сiңбелiк) кенорындар



бет16/19
Дата13.02.2022
өлшемі454.5 Kb.
#455314
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Лекция 9 по Геологии МПИ-к

Инфильтрациялық (сiңбелiк) кенорындар

  • Инфильтрациялық (сiңбелiк) кенорындар
  • Бұл кенорындар типiне ерiген күйде грунт суының айналымы алқабына түсiп, қолайлы жағдайларда тұнба түрiнде шөгетiн мору өнiмдерi бөлiгiнен жаралатындар жатады. Минералдық заттың түзiлуi кеуектердi толтыру жолымен немесе метасоматоздық тәсiлмен жүредi. Кеуектердi толтыру жағдайында пайдалы қазба бiршама салқын сулы ерiтiндiлерден бөлiнедi, яғни пайдалы жүк гидротермалық ерiтiндiлер әкелетiн себептерге байланысты болады. Сулы ерiтiндiлер белсендi әрi оңай еритiн таужынысты кездестiргенде, сыйыстырушы таужыныстың кейбiр компоненттерiн шаймалап шығарады да олардың орнына бұрын ерiтiндiлер құрамында болған компоненттердi түзедi. Осыған байланысты қапталдас таужыныс минералдары ерiген күйде келген жаңа минералдармен метасоматоздық алмасады.
  • Осындай жолмен бiрқатар пайдалы қазбалар: темiр, марганец, мыс, ванадий, уран, радий, фосфорит, гипс, борат, магнезит кенорындары пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет