9. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері


IV негізгі топша элементтерін оқыту әдісі



бет3/4
Дата30.04.2023
өлшемі451.24 Kb.
#473039
1   2   3   4
9,35,61

61. IV негізгі топша элементтерін оқыту әдісі.

Төртінші негізгі топшаға немесе ІV А тобына көміртегі С, кремний Si, германий Ge, қалайы Sn, қорғасын Pb жатады. Бастапқы элемент – көміртек бейметалл, кремний мен германий металлоидтар, қалайы мен қорғасын типтік металдар. 


Бұл элементтердің электрондық формулаларынан олардың сыртқы қабаттары төрт электроннан тұратынын (s2p2) тұратынын көруге болады. Сондықтан олар электрон қосып алып, -4 тотығу дәрежесін және төрт электрон беріп +4 тотығу дәрежесін көрсетеді.
Көміртегі
Көміртек бос күйінде алмаз, графит, карбин деп аталатын аллотропиялық күйлерінде кездеседі. Табиғи қосылыстары карбонаттар (СаСО3 • MgCО3 - доломит, СаСО3 - мәрмәр, MgCО3 - магнезит). Байланысқан күйде көмірде, мұнайда, табиғи газдарда кездеседі. Бос күйінде көміртек улы емес, ал оның қосылыстары CO - иіс газы, ССl4 - төрт хлорлы көміртек, CS3 — күкіртті көміртек улы заттар.
Көміртек көптеген жай заттармен оңай әрекеттеседі.
1) Жану реакциясы:
a) 2С + О2 = 2СО
ә) С + О2 = CO2
2) Хлормен әрекеттескенде көміртек тек жарық сәулесінің әсерінен төрт хлорлы көміртек түзіледі:
С + 2Cl2= CCl4 (бағалы еріткіш) өрт сөндіруде қолданылады.
3) Металдармен әрекеттесіл карбидтер түзеді:
2С + Са = СаС2 (бұдан ацетилен алынады)
4) Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі:
С + 2Н2→СН4 (отын - ол табиғи газдың негізгі
құрам бөлігі)
Көміртектің күрделі заттармен әрекеттесуі:
1) Сумен әрекеттескенде газдар коспасы (су газы) бөлінеді:
С + Н2О = CO + Н2 (су газы - бағалы отын)
2) Концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттескенде тотығады:
С + 4HNО3(конц)=СО2+4NO2+2Н2O
3) С+ 2H24(конц) = СО2+2SO2+2Н2O




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет