9. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастырудың міндеттері


Периодтық заң тақырыбын оқытудың әдістемелік аспектілері



бет2/4
Дата30.04.2023
өлшемі451.24 Kb.
#473039
1   2   3   4
9,35,61

35. Периодтық заң тақырыбын оқытудың әдістемелік аспектілері.
Өткен VIII-XIX ғасырлардағы атомдық-молекулалық теорияның орнығуы белгілі химиялық элементтер санының тез өсуімен қатар жүрді. Тек XIX ғасырдың бірінші онжылында жаңадан 14 элемент ашылды. Осы арада бір жыл ішінде электролиз арқылы 6 жаңа да қарапайым затты (натрий, калий, магний, кальций, стронций, барий) ашқан дарынды ағылшын химигі Гемфри Дэвиді атаса да жеткілікті.
Қасиеті бойынша әртүрлі болып келетін химиялық элементтің көптігі, сол элементтердің өзін реттеп, жүйелеуді қажет ететіні табиғи құбылыс. Көптеген ғалымдарэлементтердің табиғи жіктелуін іздеумен болды. Әйтсе де олар үқсас химиялық элементтерді белгілі бір топтарға жинақтаудан әрі бара алмады.
Мысалы, 1829 жылы неміс ғалымы И.В.Деберейнер жариялаған кестеде, қасиеті бойынша үқсас элементтерді үшеуден (хлор, бром және йод; литий, натрий және калий) топтарға біріктірген, оны кезінде Деберейнер триадасы (үштігі) деп атаған.
1863 жылы ағылшын ғалымы Дж.Ньюленде атомдық салмақтың өсу реті бойынша элементтерді жіктеу жүйесін ұсынды, сонда жеті топта жеті элементтен орналасқан әрбір сегізінші элемент бірінші элементтің қасиетін қайталайтындығын байқаған. Бүл музыкада сегізінші нотаның қайталайтындығына ұқсас болған соң Ньюленде оны "октава заңы" деп атаған.
1864 жылы неміс ғалымы Ю.Л.Мейер 44 элементті олардың сутек бойынша алған валенттілігіне сәйкестікте алты тік бағанаға орналастырған.
Химиялық элементтерді жүйелей жіктеушілердің барлығы да бір топтағы элементтердің арасындағы кейбір ұқсастықты ғана көрген, ал топтардың да арасында байланыс барлығын, олар бүтін бір жүйе екендігін көре алмаған. Бұл мәселені Д.И.Менделеев оңтайлы да сәтті шешті.
1869 жылы орыс ғалымы Д.И.Менделеев химиялық элементтер қасиеттерінің олардың атомдық массаларымен байланысын зерделей келіп, периодтық заңды (Заң) ашты және өзінің химиялық элементтер периодтық жүйесінің (Жүйе) бірінші нүсқасын жариялады.
Ол Заңды келесідей негізгі ережелер түрінде түжырымдады:
1) атомдық массаның шамасы бойынша орналасқан элементтер қасиеттердің айқын периодтылығын (оралымдығын) көрсетеді;
2) әлі белгісіз көптеген жай денелердің ашылуын күтуге болады, мысалы: атомдық массасы 65 және 75 болатын алюминий (Al) және кремнийге (Si) ұқсас элементтерді;
3) кейбір жағдайларда элементтің атомдық масса шамасын түзетуге болады, егер де
ол үшін оның ұқсасын (аналогын) білсе;
4) элементтердің кейбір ұқсастықтары (аналогтары) олардың атомдық массасының щамасы бойынша ашылады

Периодтық жүйеде 7 период бар, олар рим сандарымен белгілеген, I, II және III периодтар бір қатардан тұрады және кіші периодтар деп аталады, ал IV, V, VI, VII периодтар екі қатардан тұрады, оларды үлкен периодтар деп атайды. Бірінші периодта-2 элемент, екінші және үшіншіде-8-ден, төртінші мен бесіншіде-18-ден, алтыншыда-32, жетіншіде(аяқталмаған)-32 элемент бар. Әрбір период, біріншіден басқасы, сілтілік металдан басталып, инертті элементпен аяқталады.
Әр периодта 2, 8, 18, 32 элемент болады.

  • Бірінші периодтың ерекшелігі – онда екі элемент қана Н, Не орналасқан. Сутектің сілтілік металдарға да, галогендерге де ұқсайтын ортақ қасиетіне байланысты оны көбіне Іa кейде VІҚа топшаға да орналастырады.

  • Екінші периодтта 8 элемент ( Lі – Ne) бар. Ол сілтілік металл литийден Lі басталады, одан кейінгі ІІ валентті Ве металл, ал ІІІ валентті В элементтінің металдық қасиеті кеміп, ІV валентті көміртектен бейметалдар басталады, олардың (N, О, F) тотығу дәрежелері теріс. Период инертті газ – неонмен (Ne) аяқталады.

  • Үшінші периодта да 8 элемент орналасқан (Na – Ar). Олардың қасиеттерінің өзгеру сипаты екінші период элементтеріне ұқсас, дегенмен Mg-мен Al-дің Ве-мен В-ға қарағанда металдық қасиеті басымдау, сондай-ақ бейметалдар – P, S, Cl-дың екінші периодтағы “ұқсастардан” айырмашылығы олар өздеріне тән ең жоғары оң валенттіктерін көрсете алады. Менделеев 2 және 3-период элементтерін типтік элементтер деп атаған, себебі олардың бәрі де табиғатта кең таралған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет