9-сынып 3-тоқсан дәіжо қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі кмм


Тақырыбы: «Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үдерісін зерттеу»



бет6/71
Дата09.02.2023
өлшемі3.69 Mb.
#469335
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
9-СЫНЫП 3-ТОҚСАН ӨЗІМДІКІ

Тақырыбы: «Статистикалық және динамикалық жұмыс кезіндегі қажу үдерісін зерттеу»
Мақсаты: бұлшық еттің жиырылуы жиілігіне бұлшық ет жұмысының тәуелділігін зерттеу
Құрал-жабдықтар: секундомер, массасы, 1,5 және 3кг жүк, білезіктің күшін өлшеуіш.
Жұмыс барысы
Статикалық және динамикалық жұмыс арасындағы айырмашылықты зерттеу үшін статикалық және динамикалық жүктемеге байланысты екі тәжірибе жасау керек.Тәжірибеге бір немесе көптеген сыналушы қатысуға болады. Бастапқы физикалық мәліметтердің әсерін ескермеу үшін егер сыналушы бірнешеу болса, олардың әрқайсысының білезігінің күші күшөлшеуіш арқылы өлшенеді. Егер сыналушы біреу болса, өлшемеуге болады.
1-тәжірибе. Статикалық жұмыс кезінде қажу.
Сыналушы массасы 1,5 кг жүкті алып, оны денеге тік бұрышпен екі жаққа қарай қолын созып ұстайды.
Созылған қол деңгейінде тақтаға бормен белгі жасалады да, секундомерді қосады.
Қолдың белгіден ауытқуы байқалады, бұлшық еттің қандай уақытта қажығаны тіркеледі.
Сыналушы массасы 3 кг жүкті алады. 3 кг салмақпен тәжірибе жасау үшін 2-3 пункт қайталанады.
2-тәжірибе. Динамикалық жұмыс кезінде қажу.
Сыналушы сол (массасы 1,5 және 3 кг) жүкті белгіге дейін көтереді.
Сыналушы өзіне ыңғайлы қарқында қолымен қимыл жасайды (қолын көтеріп немесе түсіріп).
Сыналушы 3 секунд уақыт белгіде қолын ұстап тұра алмағанда қажу бар есептеледі. Қажу қанша уақытта болатынын бақылаңдар. Екі тәжірибе нәтижесін кестені дәптерге сызып алып толтырыңдар.



немесе аты-жөні

Білезік күші

Статикалық жүктеме

Динамикалық жүктеме

1,5 кг уақыт секундпен

3 кг уақыт секундпен

1,5 кг уақыт секундпен

3 кг уақыт секундпен





































Жол саны экспериментке қатысушы санына тең болуы керек. Жалпы қорытынды жасаңдар: жүктеме типі бұлшық еттің қажуына қалай әсер етеді?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет