9 сыныптарға арналған күнтізбелік жоспар Химия пәні



жүктеу 151.21 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі151.21 Kb.
Сырбай Мәуленов атындағы гимназия


9 сыныптарға арналған күнтізбелік жоспар

Химия пәні

Құрастырушы: химия пәнінің

мұғалімі Искакова Ж. Б.

2005-2006 оқу жылы



Саб №

Тақ №

Тараулар.Тақырыптар.

Демонстрация,лабораториялық жұмыстар,сарамандық жұмыстар.







8 сыныптағы химия пәнінің негізгі тақырыптарын қайталау \1 сағ\




1

1

Атом құрылысы тұрғысынан Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Оксидтер,негіздер,қышқылдар және тұздардың құрамдары мен оларға тән қасиеттер.Химиялық байланыс және зат құрылысы.






1

Электролиттік диссоциация және электролиттердің қасиеттері \9 сағ\




2

1

Электролиттер мен бейэлектролиттер.Әлсіз және күшті электролиттер.Заттардың суда еру механизмі.

Дем.HCl мен СН3СООН қышқылының электрөткізгіштігін салыстыру.

3

2

Қышқылдардың,негіздердің және тұздардың электролиттік диссоциациялануы.




4

3

Қышқылдардың,негіздердің және тұздардың электролиттік диссоциациялану тұрғысынан қарастыру.




5

4

Ион алмасу реакциялары.Молекулалық,толық және қысқар- тылған иондық теңдеулер.

Лаб.т.№1»Электролит ерітінділерінің араларындағы алмасу реакциялары: CuSO4 пен сілтінің,Na2CO3 пен қышқыл дың бейтараптану реакциялары»

6

5

Кейбір катиондар мен аниондарды анықтауға арналған сапалық реакциялар.

Дем.Кейбір катиондар мен анион- дардың сапалық реакцияларын көрсету.

7

6

Тұздардың гидролизі туралы ұғымды натрий карбонаты мен аммоний хлоридінің мысалында түсіндіру.

Дем.NaCl,NH4Cl,Na2CO3 тұздарының ерітінділері көрсететін ортаны индика- торлармен анықтау.

8

7

Электролиттік диссоциация тақырыбына эксперименттік есеп шығару.

Сарамандық жұмыс №1

9

8

Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакциялар теңдеулері бойынша есеп шығару.




10

9

Тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Бақылау жұмысы №1




2

Маңызды бейметалдар.Олардың табиғи қосылыстары.Бейметалдардың маңызы. \ 22 сағ\




11

1

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі бейметалдардың орны.Атом құрылысының негізгі ерек- шеліктері.Электртерістілік.




12

2

Бейметалдарға тән физикалық қасиеттер.Қоршаған ортадағы бейметалдар.Қазақстандағы бейметалдардың табиғи қорлары.




13

3

Күкірттің периодтық жүйедегі орны.Атомының құрылысы. Физикалық қасиеттері.Химиялық қасиеттері.




14

4

Күкірттің маңызды қосылыстары–сульфидтері,SO2 және SO3 оксидтері,H2SO4,сульфаттары.Күкірт пен оның қосылыстары ның табиғатта таралуы,маңызы және қолданылулары.

Дем.Сульфаттар үлгілерімен таныстыру.

15

5

Күкірт қышқылының маңызды қасиеттері.Сульфат ионды анықтау.

Лаб.т.№ 2 а «Сульфат ионға сапалық реакция жасау»

16

6

Азоттың периодтық жүйедегі орны.Азот атомы мен молекуласының құрылысы.Физикалық,химиялық қасиеттері.




17

7

Азоттың маңызды қосылыстары – аммиак,азот (II) және (IV) оксидтері.




18

8

Азот қышқылы және оның маңызды қасиеттері.

Лаб.т.№ 2 ә «Нитрат ионға сапалық реакция жасау»

19

9

Нитраттардың ауыл шаруашылығы өнімдердегі мөлшері. Азот тыңайтқыштары. Азоттың табиғаттағы айналымы.

Дем.Нитраттар үлгілерімен таныстыру.

20

10

Азот қосылыстарының қолданылулары. Қазақстанда нитраттар өндіру.




21

11

Фосфордың периодтық жүйедегі орны,атомының құрылысы. Физикалық,химиялық қасиеттері.Фосфордың таралуы, маңызы ж\е қолданылуы.Фосфордың нег.қосылысы- фосфор (V)оксиді.




22

12

Фосфордың негізгі қосылысы - ортофосфор қышқылы және фосфаттар.

Дем.Фосфаттар үлгілерімен таныстыру.

23

13

Фосфор тыңайтқыштары.Қазақстандағы фосфаттардың кен орындары мен фосфор тыңайтқыштарын өңдеу.




24

14

Көміртектің периодтық жүйедегі орны,атомының құрылысы. Аллотропия.Жай заттар мен олардың қасиеттері. Адсорбция.

Дем.Көмірдің еріген заттар мен газдарды сіңіруі.

25

15

Көміртектің химиялық қасиеттері.Көміртектің негізгі қосылыстары – көміртектің (II) және (IV) оксидтері.

Дем.Өрт сөндіргіштің құрылысымен және жұмыс істеу принціпімен танысу.

Лаб.т. № 3 «Көмірқышқыл газын алу және оны танып білу»



26

16

Көмір қышқылы мен карбонаттар.Карбонат ионды анықтау.



Дем.Карбонат үлгілерімен таныстыру.

Лаб.т.№ 2 б «Карбонат ионға сапалық реакция жасау»



27

17

Көміртек қосылыстарының тірі және өлі табиғаттағы таралуы,маңызы және қолданылуы.Көміртектің табиғаттағы айналымы.




28

18

Кремний мен олардың қосылыстары туралы қысқаша мәліметтер.Кремний (IV) оксиді,оның табиғи түрлері.




29

19

Силикаттар.Шыны,цемент,бетон – құрылыс материалдары және оларды өндіру.Қазақстанның силикат өнеркәсібі.

Лаб.т. № 2 в «Силикат ионға сапалық реакция жасау»

30

20

Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы зат шығымының массасын анықтау.




31

21

«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.

Сарамандық жұмыс №2

32

22

Тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Бақылау жұмысы №2




3

Маңызды металдар.Олардың табиғи қосылыстары. Металдардың маңызы \13 сағ\




33

1

Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың орны.Атом құрылысы мен кристалдарының ерекшеліктері.




34

2

Металдардың физикалық,химиялық қасиеттері.Металдардың электрхимиялық кернеу қатары.Металдардың қышқыл мен тұздар ерітінділеріне қатынасы.Табиғи ортадағы металдардың рөлі.\биогендер мен ластағыштар\

Лаб.т.№4 «Металл үлгілерімен танысу»

35

3

Металдар коррозиясы – сыртқы ортаны ластаушы фактор және одан сақтаушы шаралары.Металдардың табиғатта таралуы. Қазақстанның маңызды металл кендері.Металлургия туралы түсінік.Металдарды қазіргі заманғы техникада қолданудың негізгі бағыттары.

Дем.Құймалардың үлгілерімен танысу.

Лаб.т.№5 «Кальций,алюминий және темірдің табиғи қосылыстарымен танысу»



36

4

Кальцийдің периодтық жүйедегі орны,атомының құрылысы. Физикалық,химиялық қасиеттері.

Дем.Кальцийдің үлгілерімен танысу.

Кальцийдің сумен әрекеттесуі.



37

5

Кальцийдің маңызды қосылыстары – хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар.Кальций оксиді мен гидроксидінің қасиеттері.Кальцийдің қосылыстарының маңызы мен қолданылуы.

Дем.Кальций гидроксидінің негіздік қасиетін қышқылмен әрекеттестіріп дәлелдеу.

38

6

Судың кермектілігі туралы түсінік және оны жоюдың жолдары.




39

7

Алюминийдің периодтық жүйедегі орны,атомының құрылысы. Физикалық,химиялық қасиеттері. Алюминий оксиді мен гидроксиді және олардың амфотерлік сипаттары.

Дем.Алюминийдің үлгілерімен танысу.

Лаб.т.№ 6 «Алюминий гидроксидінің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесулері»



40

8

Алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және оның рес- публикадағы кен орындары.Алюминий мен оның құймалары- ның қолданулары.

Дем.Алюминий тұздарынан гидроксид алу.

Лаб.т. № 7«Алюминий және оның құйма ларының үлгілерімен танысу»



41

9

Темірдің периодтық жүйедегі орны,атомының құрылысы. Физикалық,химиялық қасиеттері.

Дем.Темірдің үлгілерімен танысу.

Дем.Темір (II) және темір (III) тұздарынан гидроксид алу.



42

10

Темірдің маңызды қосылыстары.Қазақстан Республикасының негізгі темір кен орындары.Темірдің құймалары – шойын мен болат.Темірдің қосылыстары мен құймаларының қолда- нылулары.

Дем.Құймалардың үлгілерімен танысты- ру.

Лаб.т. № 8 «Шойын мен болат үлгілері- мен танысу»



43

11

Құрамында басқа заттың қоспасы бар зат массасы белгілі болғанда реакция теңдеуі бойынша заттың массасын есептеу.




44

12

«Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер.

Сарамандық жұмыс №3

45

13

Тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Бақылау жұмысы №3




4

Органикалық заттар туралы алғашқы түсінік \ 20 сағ\




46

1

Кіріспе.Органикалық заттар – көміртек қосылыстары. А.М.Бут- леровтың органикалық заттардың құрылыс теориясының негізгі түсініктері.Изомерия түралы ұғым.




47

2

Органикалық қосылыстардың жіктелуі. Көмірсутектер. Көмірсутектердің негізгі түрлері – қанныққан, қанықпаған, ароматты көмірсутектер туралы түсінік.

Дем.Органикалық заттардың жануы.

Дем.Органикалық зат құрамындағы көміртекті сапалық анықтау.



48

3

Қаныққан көмірсутектер.Метан,этан – қанныққан көмірсутек- тердің өкілі.Метанның физикалық қасиеттері мен табиғатта таралуы.Метанның кеңістіктік пішіні.

Дем.Метан,этан молекулаларының модельдері.

Лаб.т № 9 «Көмірсутектердіңі молекула- ларының модельдерін дайындау»



49

4

Метан мысалында қаныққан көмірсутектердің химиялық қасиеттерімен танысу.Метан мен оның туындыларының қолданулары.Метанның гомолог қатары туралы түсінік.




50

5

Қанықпаған көмірсутектер.Этиленнің құрылым формуласы,қос байланыс.Этиленнің физикалық,химиялық қасиеттері.Этиленді полимерлеп полиэтилен алу.

Дем.Этилен молекуласының моделі.

Дем.Қанықпаған көмірсутек құрамын- дағы еселі байланысты сапалық анықтау.

Дем.Полиэтиленнен жасалған заттардың үлгілерімен таныстыру.


51

6

Ацетиленнің,құрылымдық формуласы,алынуы,физикалық, химиялық қасиеттері,қолданылуы.Бензол туралы түсінік.Ацети леннен бензол алу.Физикалық қасиеті мен қолданылуы.

Дем.Ацетилен молекуласының моделі.



52

7

Көмірсутектер арасындағы генетикалық байланыстар.




53

8

Көмірсутектердің табиғатта кездесуі.Табиғи газ,мұнайға серітес газдар,мұнай.Мұнай өнімдері.Бензин.Көмірсутектердің экономиканың әртүрлі салалары мен тұрмыста қолданулары. Көмір.Отын.Отынның түрлері.Көмірсутектердің Қазақстандағы табиғи қорлары.Көмірсутектерді өндіру,өңдеу және пайдала- нуда туындайтын экологиялық проблемалар.

Лаб.т.№ 10 «Мұнай өнімдерімен танысу»

54

9

Оттекті органикалық қосылыстардың негізгі кластары. Спирттер мен карбон қышқылдары көмірсутектердің туынды- лары.Функционал топтар туралы түсінік.




55

10

Спирттер.Этанол,физикалық қасиеттері мен күнделікті өмірдегі қолданылуы.Спирттердің улылығы және этил спиртінің адам өміріне зиянды әсері.Көмірсуларды ашытып және этиленді гидраттап этанол алу.Көпатомды спирттердің өкілдері ретінде этиленгликоль мен глицерин туралы түсінік.

Дем.Спирттер молекулаларының моделі.

Дем.Этанол мен глицериннің физикалық қасиеттерін \суда ерігіштігі,тұтқырлығы т.б\ көрсету.



56

11

Карбон қышқылдары,олардың құрамы,функционал тобы. Құмырсқа мен сірке қышқылдары – бір негізді қаныққан карбон қышқылдарының өкілдері.Олардың физикалық,химиялық қасиеттері.

Дем.Карбон қышқылдары молекула- ларының модельдері.

Лаб.т.№ 11 «Сірке қышқылының индика торға әсері және металдармен содамен әрекеттесуі»



57

12

Сабын – жоғары карбон қышқылдарының тұзы.Синтетикалық жуғыш заттар туралы түсінік.Олардың табиғатқа зиянды әсері. Республикада сабын мен синтетикалық жуғыш заттар өндіру.

Лаб.т.№ 12 «Сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың қасиеттерін салысты- ру»

58

13

Көмірсулар,майлар,аминқышқылдары,белоктар - биологиялық маңызды органикалық заттар.




59

14

Майлар,табиғатта кездесуі.Құрамы,физикалық қасиеттері. Майлардың гидролиздену реакциясы.Майлардың маңызы.




60

15

Көмірсулардың негізгі өкілдері:глюкоза,сахароза,крахмал және целлюлоза.Табиғатта кездесулері,қасиеттері.

Дем.Крахмалдың йодпен әрекеттесуі.

61

16

Көмірсулардың маңызы.Көмірсулар мысалында бейорганика- лық және органикалық дүниенің біртұтастығы \фотосин тез,организмде қорытылуы\




62

17

Амин қышқылдары.Құрамы.Амин тобы.Белоктар жайлы түсінік.Белоктардың денатурациялануы.

Дем.Белоктардың денатурациясы.

63

18

Тағамдық заттардың негізгі құрам бөліктері – майлар, көмірсулар және белоктардың маңызы.




64

19

Салыстырмалы тығыздығы мен элементтердің массалық үлестері бойынша газ тәрізді заттардың молекулалық формулаларын табу.




65

20

Тақырып бойынша білімдерін тексеру.

Бақылау жұмысы №4







Химия пәні бойынша білімді қорытындылау \ 3 сағ \




66

1

Бейорганикалық және органикалық заттар араларындағы өзара байланыстар.




67

2

Адамның шаруашылық әрекетінің сыртқы ортаға әсері. Химиялық ластанудың көздері мен себептері.Қоршаған ортаны ластанудан сақтау.




68

3

Жыл бойы өткен тақырыптар бойынша білімдерін тексеру.

Бақылау жұмысы №5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет