Проблемалық, негізгі сұрақтар
1. Көне түркілер дәуіріндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің рөлін бағалаңыз. Көне түркілердің рөлі мен орнын анықтайтын жазба және археологиялық дерек көздеріне баға беріңіз.
2. Ислам дінінің енуі мен түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланыстарын орнатуының басталу себептерін, түркілер арасындағы қожалардың этносословиелік топтары қандай рөл атқарғанын ашып көрсетіңіз.
3. ІХ-ХІІ ғғ. Қазақстанның этно-саяси тарихындағы түркілік фактордың маңыздылығын анықтап, Орталық Азия кеңістігіндегі түркілердің әскери жеңісі кезеңіне баға беріңіз.
4. Түркі кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстанның сәулет ескерткіштеріне сипаттама беріңіз: Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың қала мәдениетінің өркендеуі.
5. Орхон-Енисей (руналық) жазуы, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Ахмет Яссауи шығармалары мысалында «Көне түркілік өркениеттің өркениеттік маркері» анықтамасына негіздеме беріңіз.
Әдебиет:
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. – Том 2. – Алматы: Атамұра, 1998. – 640 б.
Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв.– Алма-Ата, Наука, 1972- 695 с.
Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.- 520 б.
Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. Астана: Астана Даму, 2006 - 256 с.
Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004 -368 с.
История Казахстана. – Алматы, Алматы кітап, 2016 – 458б.
3-тақырып. Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғғ.) – 1 акад.с.
Кейс тапсырма.
Алтын Орда кезеңіндегі Ұлы Дала рөлін анықтағанда Қазақстан тарихы үшін маңызды зерттеулерге жете көңіл бөліп, ғалымдардың ішкі монғол қатынастары мен Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуына байланысты көзқарастарын бағалау өте маңызды. Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының жаулап алушылық сипатын анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |