А-021 инвестициялық жоба бизнес-жоспарының (тэн) ҚҰрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптар бизнес жоспардың мазмұны



жүктеу 457.5 Kb.
бет1/7
Дата08.07.2016
өлшемі457.5 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7



А-021

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА БИЗНЕС-ЖОСПАРЫНЫҢ (ТЭН)

ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН

ТАЛАПТАР


Бизнес жоспардың мазмұны:

1. Жалпы деректер мен шарттар

2. Коммерциялық тарау

3. Техникалық тарау және жоба бойынша сатып алу

4. Экологиялық тарау

5. Институционалды тарау

6. Қаржылық тарау

7. Әлеуметтік-экономикалық тарау

8. Жобалық тәуекелдер

9. Тәуекелдерді төмендету бойынша іс-шаралар




Әзірленді:

кіммен: ____________________________

компанияның атауы: ____________________________

бөлім, лауазымы: ____________________________

күні: ____________________________

қолы: ____________________________



1. Жалпы деректер мен шарттар

1.1 Жобаның мақсаттары мен мәні


  • Жобаның мақсаты мен салалық тиістілігі;

  • өнімдердің/қызметтердің номенклатурасы (натуралды түрде);

  • қаржыландырудың сұралатын шарттары.

1.2 Жобаның операторы туралы ақпарат


  • заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, тіркелуі;

  • кәсіпорынның құрылтайшылары және басшылығы туралы ақпарат (білімі мен тәжірибесі);

  • Операторлар тобының негізгі/ жүйе құраушы компаниялардың қысқаша сипаттамасы, топтағы өзара әрекет, ақшалай түсімді, активтерді қалыптастырудағы тәуелділік және рөлі. Топ компанияларының графикалық құрылымы, қызметкерлер саны.

  • Операторға қаржылық талдау.

  • Ерекше акцент және баптар бойынша түсіндіру: активтер, капитал, міндеттемелер, ақшалай түсім, операциялық табыс, таза табыс.

  • Кәсіпорынға қысқаша сипаттама;

  • рейтингтердің болуы (Moody`S. S&P. Fitch, өзге де рейтингтік агенттіктер)

  • Жобаны іске асыратын Жобалық компанияны қаржылық қолдау бойынша Оператордың қабілетін бағалау.

1.3 Жобаның басқа қатысушылары


  • Жобаның әрбір қатысушысы бойынша кесте түрінде (инвестор, жабдықты жеткізуші, мердігерлік ұйымдар, кеңес беруші, шикізаттың негізгі түрлерінің жеткізушісі, өнімді/қызметтерді негізгі сатып алушылар (тұтынушылар), қаржыландырылатын ұйымдар, бас мердігер):

  • Заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, тіркелуі;

  • Кәсіпорынның құрылтайшылары мен басшылығы туралы ақпарат (білімі және тәжірибесі);

  • Операторлар тобының негізгі/ жүйе құраушы компаниялардың қысқаша сипаттамасы, топтағы өзара әрекет, ақшалай түсімді, активтерді қалыптастырудағы тәуелділік және рөлі. Топ компанияларының графикалық құрылымы, қызметкерлер саны.

  • Кәсіпорынға қысқаша сипаттама;

  • Қаржылық деректер: активтер, капитал, міндеттемелер, ақшалай түсім, операциялық табыс, таза табыс, қызметкерлер саны;

  • рейтингтердің болуы (Moody`S. S&P. Fitch, өзге де рейтингтік агенттіктер);

  • жоба бойынша қабылданған міндеттемелерді толық көлемде орындауға қатысушының қабілетін бағалау.

1.4 Жобаны мемлекеттік қолдау


  • Үкіметтің қабылданған қаулылары;

  • Мемлекеттік, өңірлік және салалық даму бағдарламаларына сәйкес келуі;

  • Басымды жобалардың индикативті республикалық және жергілікті тізбелерінде болуы және т.б.;

  • Мемлекет тарапынан қолдау.

1.5 Қаржылық жобаның құны, құрылымы және көздері


  • Жоба бойынша жергілікті және шетел валютасында инвестициялық шығындардың сметасы (ЖСҚ, ҚМЖ, жабдық, тасымалдау, кеден ресімдеуімен, сертификациялаумен және сақтаумен байланысты шығыстар, айналым капиталы және т.б.);

  • Жобаны қаржыландырудың құрылымы мен көздері (қарыздық/жеке меншік қаражаттары).



2. Коммерциялық бөлім

2.1 Өнім нарығын зерттеу


  • Өнімнің/қызметтердің номенклатурасы, сипаттамалары;

  • Өнімге бар сұранысты бағалау (негізгі тұтынушылар, тұтыну көлемдері, баға/сапаның ара қатынасы;

  • Нарықтағы бар ұсынысты бағалау (негізгі өндірушілер/бәсекелестер, өндірістің көлемі, сапасы, бағасы, нарық үлесі);

  • Ұсыныстың, бәсекелестің деңгейінен күтілетін өзгеру;

  • Шығарылатын өнімге (қызметтерге) баға деңгейінің күтілетін өзгерістері;

  • Өнімді (қызметтерді) өткізу нарығынан шығу бойынша бар және күтілетін кедендік, салықтық және т.б. ішкі кедергілер;

  • Нарықта тәжірибеге алынатын шарттар және жеткізу, өнімге төлеу мерзімдері.

2.2 Маркетингтік стратегия


  • Жобаның осал және күшті жақтарына стратегиялық талдау, жобаның мүмкіндіктері мен әлеуетті қауіпін бағалау;

  • Жобаның стратегиялық мақсаттарын анықтау;

  • Жоба стратегиясының графикалық аспектісін анықтау;

  • маркетингтік стратегияны таңдау (шығындар бойынша көшбасшылық, нарық тауашасындағы күш салудың дифференциациясы және концентрация, өнімдік топты диверсификациялау және жаңа өнімдерді әзірлеу және т.б.);

  • мақсатты нарықтың анықтамасын қоса алғанда, өнімді жайғастыру, өнімнің өмірлік циклын жоспарлау, бәсекелес күресінің тактикасын әзірлеу.

2.3 Өнімді (қызметтерді) өткізу бойынша маркетингтік іс-шаралар


  • өнімдік жинақтың ассортиментін анықтауды, өнім сапасына қойылатын талаптарды, өнімнің дизайны мен орамасына қойылатын талаптарды, ілеспелі қызметтерге қойылатын талаптарды, техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды қоса алғанда, өніммен басқару;

  • өнімге бағаны қалыптастыруды, жеңілдіктер жүйесі мен төлем шарттарын әзірлеуді қосқанда, бағамен басқару;

  • жарнамалық және PR іс-шараларды, сатуды ынталандыру жөніндегі іс-шараларды, сауда маркасына қатысты саясатты, жобаны іске асырудың әрбір жылына маркетингтік іс-шараларға бюджетті анықтауды қосқанда, сүйемелдеумен басқару;

  • өткізу жүйесін әзірлеуді (көтерме сауда желілері, бөлшектеп сату сауда желілері, тұра сатылымдар), өткізу желісінің тығыздығын анықтауды, сауда қорын анықтауды, көлікті жоспарлауды қоса алғанда, өткізумен басқару.
  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет