А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет131/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Бақылау сұрақтары: 
1 Бас аумағының венасы мен оның топографиясын атаңыз 
2 Алдыңғы аяқ венасы мен оның топографиясын атаныз 
 
18.2 Жамбас, құрсақ қуысы мен артқы аяқ веналары 
Сабақтың мақсаты: Жамбас, құрсақ қуысы мен артқы аяқ веналарын игеру 
 
Жамбас веналары – жамбас қуысы мен қабырғаларынан артқы қуысқа, 
орташа құйымшақ пен ішкі мықын венасына қанды жеткізеді.
Артқы қуыс вена (задняя полая вена) — v. cava caudalis — вена қанын 
жануарлар денесінің артқы бөлігінен жинайды. Артқы қуыс вена 5-інші бел 
омыртқаның тұсынан басталады. Құрсақ қолқасының оң жағымен краниальды 
бағытта бауырға жетіп, оның доғал жиегінде вена батыңқысын қалдырады. 
Бұдан соң, ол диафрагманың сіңірлі орталығындағы тесік арқылы көкірек 
қуысына өтіп, жүректің оң жүрекшесіне құяды. 


201 
Артқы қуыс венаны түзуге дененің артқы бөлігінен вена қанын жинайтын 
төмендегідей веналар қатысады: 
1) жалпы мықын венасы(v. iliaca communes) орталық құйымшақ және 
құйрық веналарының тікелей жалғасы; 
2) ішкі мықын венасы(v. iliaca interna) вена қанын жамбас қуысының 
қабырғасы мен ішкі мүшелері веналарынан жинайды. Ішкі мықын венасы 
тармақтарының атаулары ішкі мықын артериясының артериялар тармақтарына 
сәйкес келеді; 
3) сыртқы мықын венасы(v. iliaca externa) вена қанын артқы аяқ, құрсақ 
қабырғасының артқы бөлімдері, сыртқы жыныс мүшелері мен желін веналары 
тамырларынан жинайды. 
Артқы аяқтың вена тамырлары да, орналасу орындарына байланысты, екі 
түрлі вена тамырларының магистралінен құралған. Олар: 1) терең веналар 
магистралі; 2)беткей орналасқан теріасты веналар магистралі. 
Терең вена тамырларының магистралі — артқы аяқты қанмен 
қамтамасыз ететін магистральды артериялар мен олардың тармақтарына сәйкес 
келіп, артқы аяқ артерияларымен қатар жататын аттас вена тамырлары. Терең 
вена тамырлары плантарлы және дорсальды бақай және жіліншік терең 
веналарынан басталады. 
Артқы аяқтың беткей теріасты веналар магистралінмедиальды және 
латеральды анық (сафена) веналары түзеді. Медиальды сафена венасы(v. 
saphena medialis) немесе сирақпен артқы аяқ басының теріасты венасыаттас 
артериямен қатар өтіп, сирақ пен санның медиальды бетінде жатады. Ол 
дорсальды жіліншік венасынан басталады да, сан венасына құяды.Латеральды 
сафена венасы(v. saphena laterales) дорсальды жәнеплантарлы жіліншік 
веналары тармақтарының қосылуынан құралады. Бұл вена сирақтың 
латеральды бетінде жатады. Латеральды сафена венасы балтыр бұлшық етінің 
плантарлы бетімен жүріп отырып, жинаған вена қанын каудальды сан венасына 
құяды. 
Ерекшеліктері. Жылқыдамедиальды сафена венасы жіліншіктің дорсальды 
медиальды венасынан басталады. Бұларда жіліншіктің дорсальды латеральды 
венасы болмайды. Ал теріасты құрсақ венасы сыртқы көкірекжәне сыртқы 
жыныс веналарымен жалғасып, алға қарай бағытталады да, қолтық венасына 
құяды.Күйіс қайтаратын жануарлардамен шошқадалатеральды сафена венасы 
терең сан венасына құяды.Иттемедиальды сафена венасын түзуге плантарлы 
тармақтармен қатар, жіліншіктің дорсальды тармақтары қатысады. 
Бақайдың плантарлы веналы доғадан — arcus venosus digitalis plantaris , яғни 
екі табан сүйектерінің плантарлы беттері латеральды және медиальды 
веналарынан —-vv. Metatarseae plantares superficiales lateralis et medialis - тері 


202 
асты веналы медиальды магистралі басталады. Қосылған уақытта, осы веналар 
–жіліншік венасын — v. Malleolaris құрады. Үлкен сафена венасы —v. Saphena 
medialis, s. Magna немесе проксимальды түрде медиальды тері асты табанына 
және сирағына өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет