А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет140/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Көкірек қуысы мүшесінің және көкірек қабырғаларының лимфа түйіндері 
мен топографиясын атап беріңіз? 
2 Құрсақ және жамбас қабырғаларының лимфа түйіндері мен топографиясын 
атап беріңіз? 
19.3 Құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерінің лимфа түйіндері 
Сабақтың мақсаты: Құрсақ және жамбас қуыстары мүшелерінің лимфа 
түйіндерін игеру 
Лимфа құрсақ қуысынан алдымен мүшелер лимфа түйіндеріне ағып келіп
одан соң, бел бағаны арқылы бел цистернасына өтеді. 
Бел лимфа орталығы — lc.lumbale.қолқалық бел лимфа түйіндері(ln.lumbales 
aortici) қолқа мен артқы қуыс венаның жоғарғы жағында орналасады. 
Омыртқааралық тесіктер маңында да кездеседі. Лимфа түйіндері лимфаны бел 
аумағынан, несепжыныс мүшелерінен, қолқадан жинап, бел бағаны арқылы бел 
цистернасына өткізеді.Бүйрек лимфа түйіндері(ln.renales) бүйрек қақпасы мен 
бүйрек 
артериялары 
бойында 
орналасады.Жұмыртқалық 
лимфа 


211 
түйіні(ln.ovaricus) жұмыртқалық байламында орналасады. Барлық жануарларда 
тұрақты болмайды. Еркек жануарларда ен лимфа түйіні (ln.testicularis) — деп 
аталады. Бұл түйін тек қабандағана болады. 
Іш лимфа орталығы — lc.celiacum.іш лимфа түйіндері(ln.celiaci) іш 
артериясының құрсақ қолқасынан ажырар тұсында шоғарлана орналасады. 
Лимфаны іш бағаны арқылы бел цистернасына өткізеді. 
Бауыр (қақпалық) лимфа түйіндері(lnn. hepatici) бауыр қақпасында орналасады. 
Көкбауыр 
лимфа 
түйіндері 
(lnn. 
lienales) 
көкбауыр 
қақпасында 
жатады.Ерекшеліктері.Жылқыда көкбауыр түйіндері жалпақ пішінді, қызыл 
түсті 10-30 түйіннен тұрады. Олардың мөлшері 0,2-7,0 см. Күйіс қайтаратын 
жануарлардаболмайдыШошқада1-8, итте5 лимфа түйіні болады. 
Шарбыныңлимфа 
түйіндері(ln.omentales) 
қарын-көкбауыр 
байламында 
орналасады.Ерекшеліктері.Жылқыдабүл түйіндердің саны — 14-20, мөлшері 
0,2-2,5 см. Иттебұлар он екі елі ішек маңында орналасады. Бірақ, сирек 
кездеседі. Қалған жануарларда болмайды. 
Қарын лимфа түйіндері(lnn. gastrici) өңештің қарынға ашылатын жерінен 
(кардиальды 
бөлігінен) 
қарынның 
кіші 
иінін 
бойлай 
орналасады.Ерекшеліктері.Жылқыда15-35 түйін болады. Күйіс қайтаратын 
жануарларда қарын лимфа түйіндері оң және сол мес қарын, дорсальды және 
вентральды ұлтабар, сондай-ақ, қарынның барлық бөлімдерінде кездеседі. 
Шошқадабұл түйіндер жекеленіп немесе топтасып жатады. Итте олар кейде 
болады, көбіне болмайды. 
Ұйқыбезі және он екі елі ішек лимфа түйіндері (lnn.pancreatico-duodenales) он 
екі елі ішектің басталар ұшында орналасады. 
Ерекшеліктері.Жылқыдамөлшері 0,2-2,0 см 5-15 түйін болады. Күйіс 
қайтаратын жануарларда бұл түйіндердің сандары тұрақты емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет