66
3. Ромб тәрізді бұлшық ет - m. romboideus –трапеция
тәріздес бұлшықеттің
астында орналасқан ұзынша келген жалпақ ет. Бұл бұлшық ет тек екі бөліктен
құралған. Оның мойын бөлігі 2-ші мойын омыртқасынан 2-ші көкірек
омыртқасына дейінгі, ал көкірек бөлігі3-ші мен 7-8-ші көкірек омыртқалар
аралықтарында жатқан желке мен жота үсті байламынан басталып, екі бөлік те
жауырын шеміршегінің медиальды бетіне келіп бекиді.
4. Вентральды тісті бұлшық ет- m. serratus ventralis мойын мен көкірек
керегесінің бүйір бетінде орналасқан, желпеуіш тәрізді күшті ет. Ол
мойын
және кеуде бөліктерінен тұрады. Осы бөліктердің басталатын ұштары тіс
тәрізді болып келгендіктен, бұлшықеттің тісті аталуы да осыған байланысты.
Бұлшықеттің мойын бөлігі 4-7-шы мойын
омыртқалардың көлденең
өсіндісінен, ал кеуде бөлігі алғашқы 8 не 9-шы қабырғалардың орта тұсынан
басталып, жауырынның тісті бетіне келіп бекиді.
5. Арқаның тым жалпақ бұлшықеті- m.latissimus dorsi –көкірек керегесінің
бүйір бетінде, жауырынның артында орналасқан.
Өте жалпақ, үшбұрышты
бұлшықет. Ол 3-ші көкірек пен соңғы бел омыртқаларының аралығынан бел-
арқа шандыры арқылы басталады. Ет талшықтары кранио-вентральды бағытпен
тоқпан жіліктің дөңгелек бұдырына келіп бекиді.
Бақылау сұрақтары :
1 Орыс және латын тілінде омыртқа бағанының вентральды бұлшықетін атау
және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін көрсетіңіз.
2Орыс және латын тілінде алдыңғы аяқ
қаңқасын тұлғаға бекітетін
бұлшықеттерін атау және сиыр қаңқасында олардың орналасқан жерін
көрсетіңіз.
3Вентральды тісті бұлшық ет
4Арқаның тым жалпақ бұлшықеті
Достарыңызбен бөлісу: