103
3. Тіласты тіл бұлшық еті — m. hyoglossus – тіласты сүйектің денесі мен
көмекей мүйіздіктерінен басталып, тіл бұлшық етінде аяқталды. Бұлшық ет
тілді артқа тартып қысқартады және оған жалпақ пішін береді.
4. Иек тіл бұлшық ет — m. genioglossus - төменгі жақ сүйектің иек
бұрышынан басталады да, тілдің ұшы мен денесінде аяқталады. Аталған
бұлшық ет
тілді алға тартып, оған жалпақ пішін береді және оны қатты
таңдайдан ажыратады.
5. Иек тіласты бұлшық ет - т. geniohyoideus - пішіні ұршық тәріздес ет.
Ол төменгі жақ сүйектің иек бұрышынан басталып, иекіл бұлшық етінің
төменгі бетімен артқа қарай бағытталады да, тіласты сүйек денесінде немесе
оның тіл өсіндісінде аяқталады.
Ерекшеліктері:Жылқы тілінің сілекей бездері
сірлі-кілегейлі сілекей
бөледі. Тілде бір жұп қорғанша емізікше, кейде үшінші тақ емізікше де
кездеседі. Конусша емізікше болмайды. Күйіс қайтаратын жануарлартілінің
жоғарғы арқа бетіңде тіл жастығы– torus linguae
- болады. Олардың тілдерінің
ұштары үшкірлеу болып келеді Тілдің кілегейлі қабығында пигментті аймақтар
көрінеді. Бұларда конусша емізікшелер жақсы жетілген, қорғанша
емізікшелердің саны тілдің бір жақ жартысында: сиырда — 8-7 (21), қойда - 18-
28, ешкіде - 11-18-ден болады. Жапырақша емізікшелер болмайды. Шошканың
тілі жіңішке, ұзын, үшкір болып келеді. Оның
дорсальды бетінде біржұп
қорғанша емізікше орналасады. Тілдің вентральды бетіндегі кілегейлі қабық
астында тіл шеміршегі болады. Иттілінің пішіні жалпақ, жіңішке және ұзын
болып келеді. Оның дорсальды бетімен тілдің орталық сайы– sulcus medianus
linguae - өтеді. Қорғанша емізікшелердің саны 2-3 жұп. Тіл ұшының төменгі
бетіндегі кілегейлі қабық астында ұршық пішіндес тіл шеміршегі болады. Ол
ыстық күндері ауыздан салаңдаған тілді ұстап тұрады.
Тілдің сілекей безі
кілегейлі сөл бөледі.
Тілдің гистологиялық құрылысы.Тіл арқалығын көпқабатты жалпақ
мүйізделетін эпителий, ал төменгі жағы мен екі бүйірін көп қабатты жалпақ
мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Тілдің кілегейлі қабығы мен бұлшық еттер
аралығында қабырғалық сілекей бездері болады. Кілегейлі қабығының сытқы
бетінде пішіні әр түрлі емізікшелер бар.
Жіпшежәне конусшаемізікшелер сыртынан ауыз куысына тән кілегейлі
қабықпен қапталған. Тілдің кілегейлі қабығын ауыз қуысы жағынан көпқабатты
жалпақ мүйізделетін
эпителий астарлайды, Эпителий қабатының астындағы
өзіндік тақташа борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Кілегейлі қабықтың
астында тілдің негізін құрайтын тілдің негізгі бұлшық еті орналасады. Ол әр
түрлі бағытта жатқан көлденең жолақты бұлшық ет ұлпасы талшықтарынан
құралған.
104
Саңырауқұлақша емізікше тілдің ұшы мен арқалығында,
жіпше
емізікшелер
аралығында
орналасады.
Оны
сыртынан
көпқабатты
мүйізделмейтін эпителий қаптайды. Емізікшенің бүйір қабырғасындағы
эпителий қабатында татым баданалары орналасады. Татым баданасы бір-біріне
тығыз жатқан ұзынша эпителий торшаларынан тұрады. Олар дәм сезгіш және
тіректік эпителиоциттерге бөлінеді. Дәм сезгіш эпителиоциттердің сопақша
келген ядролары, апикальды ұшында микробүрлер болады. Ірі ядролары
тіректік эпителиоциттер сезгіш эпителиоциттердің және жүйке талшықтарының
арасында орналасады. Олар тіректік қызметтен басқа кілегей бөледі.
Сондықтан, бұлардың цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген.
Татым баданасы ауыз қуысымен татым тесігі арқылы қатысады.
Қорғанша емізікше тілдің кілегейлі
қабығында тереңірек орналасып,
сыртынан қорғанға ұқсаған кілегейлі қабық буылтығымен қоршалып жатады.
Татым баданалары емізікшелердің бүйір бетінде орналасады. Қорғанша
емізікшелер ірі болып келеді, тіл түбірінің арқалығында болады.
Жапырақша емізікшенің пішні жапыраққа ұқсас. Ол тіл түбірінің екі
бүйірінде бір-бірден орналасады. Күйісті жануарларда жапырақша емізікшелер
болмайды. Татым баданалары емізікшенің бүйірінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: