А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет


Ащы ішектің гистологиялық құрылысы



Pdf көрінісі
бет72/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

Ащы ішектің гистологиялық құрылысы. Ащы ішектің қабырғасы да, 
басқа түтікше мүшелер сияқты үш қабықтан: кілегейлі, етті және сірлі 
қабықтардан құралған. Бірақ, қызметіне байланысты ащ ішектің қабырғасы 
құрылысында біраз ерекшеліктер болады. Атап айтқанда, ащы ішек кілегейлі 
қабығы құрылысында қорытылған қоректік заттарды сорып сіңіруге арналған 
құрылымдар болады, Оларға аш ішек кілегейлі қабығындағы қатпарлар, пішіні 
саусақ тәрізді ұзын бүрлер, кілегейлі қабыққа терең еніп жатқан кірмелер 
(крипталар) және эпителиоциттердің апикальды ұшындағы микробүрлер 
жатады. Ащы ішектің кілегейлі қабығы төрт қабаттан тұрады.


120 
40 - сурет. Ащы ішектің бөлімдері 
Олар: ішкі эпителий қабаты, өзіндік тақташа, етті тақташа және кілегейлі 
асты негіз. Кілегейлі қабықтың ішкі бетіндегі бүрлер мен крипталар бірқабатты 
призма тәрізді жиекті эпителиймен қапталған. Эпителийдің астында қан және 
лимфа тамырлары мен жүйкелерге бай борпылдақ дәнекер ұлпалық өзіндік 
тақташа жатады. Ішек бүрлері эпителий қабаты мен өзіндік тақташадан 
құралған. Бүрлердің ішіндегі борпылдақ дәнекер ұлпасында бүрлердің 
жиырылуын қамтамасыз ететін жекеленген миоциттер болады Эпителий 
қабаты өзіндік тақташаға бойлай еніп, крипталарды құрайды. Бірқабатты 
призма тәрізді эпителийді жолакты жиекті пішіні призма тәрізді энтероциттер 
құрайды. Олардың апикальды ұшында ішек кілегейлі қабығының сору ауданын 
30 еседейұлғайтатын микробүрлер болады. Бұлар энтероциттердің жолақты 
жиегін түзеді. Микробүрлер плазмолеммасының ішкі бетін гликопротеидтен 
тұратын жұқа үлдір тәрізді гликокаликс қаптап жатады. Он жын құрамымдағы 
заттарды жабыстырып, ферменттердің көмегімен жарғақтық қорыту процесін іе 
жүзіне асыруға қатысады. Энтероциттердің сопақ келген ядролары бір қатарда, 
негіздік жарғаққа жақын орналасады. Микробүрлер астындағы цитоплазмада 
центросома, оның астында Гольдж кешені, цитоплазманың базальды жағында 
рибосомалар мен митохондриялар, эндоплазмалық тор шашыла орналасады. 
Эпителийдің ішкі бетіндегі көрші энтероциттер аптикальды аймақтарының 
плазмолеммалары бір-бірімен тығыз жанасу арқылы байланысады. Кілегейлі 
қабықтың эпителий қабатында, энтероциттер аралықтарында кілегей бөлетін 
бірторшалы бездер – құтыша (бокал тәрізді) торшалар және биологиялық 
белсенді заттар бөлетін эндокринді торшалар кездеседі.


121 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет