А 31Айсин М. Ж., Алиева Г. К. Жануарлар морфологиясы. Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2016. – 237 бет



Pdf көрінісі
бет105/162
Дата05.02.2024
өлшемі6.78 Mb.
#490901
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   162
aisin m g, alieva g k ganuarlar morfologiysj

 
Бақылау сұрақтары: 
1 Қынап пен несеп-жыныс кіреберісінің топографиясы мен құрылысы туралы 
айтып беріңіз 
2 Аналықтардың сыртқы жыныс мүшелері туралы айтып беріңіз. 
 
16 Ангиология 
Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі — 
angiologia —мен қанжасау мүшелері жануарлар организміндегі торшалық 
ұлпалықдеңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің 
ұлпалары мен торшаларына жеткізу, зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау 
өнімдері мен көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық 
реттелуді, дене қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар, маңызды 
қорғаныс қызметтерін де атқарады. 
Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін angiologia(ірек. angion 
— тамыр; logos — ілім) — деп атайды. Тамырлар жүйесі өз кезегінде құрылысы 
мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты және дамуы біртекті үш: 
қан айналым, лимфаайналым және қан жасау және иммундық қорғаныс 
мүшелері жүйелерінен құралған. 
Жануарлар организміндегі қан тамырлары құрылысы мен атқаратын 
қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар (көктамырлар) 
және микроайналым арнасының тамырлары болып үшке бөлінеді. Организмнің 
үлкен қанайналым шеңберінде қолқа және артериялар арқылы жүректің сол 
қарыншасынан дене мүшелеріне оттегіге қаныққан артерия қаны, ал 
веналармен, керісінше, дене мүшелерінен жүректің оң жүрекшесіне 
көмірқышқыл газына қаныққан вена қаңы тасымалданады. Кіші қанайналым 
шеңберінде жүректің оң қарыншасынан өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы 
вена қаны, ал өкпеден жүректің сол жүрекшесіне өкпе веналарымен артерия 
қаны тасымалданады. Артериялар қанды жүректен организм мүшелеріне, 
веналар дене мүшелерінен жүрекке тасымалдайтын ірі қан тамырлары. 
Микроайналым арнасының тамырлары артерия тамырлары жүйесін вена 
тамырлары жүйесімен байланыстырып, организм мүшелеріндегі қан мен 
ұлпалар арасындағы торшалық және ұлпалық деңгейдегі зат алмасуды іске 


168 
асыратын жұқа қабырғалы майда қан тамырлары. Тек, “ғажап торларда” ғана 
қан капиллярлары (қылтамырлар) артерияларды немесе веналарды (бүйректе, 
бауырда) өзара байланыстырады. Қан тамырлары мезенхимадан дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет