169
тесіктер (ostiumatrio-ventriculares) арқылы қатысады.
Аталған тесіктер
жүректегі қанды жүрекше қуысынан қарынша қуысына қарай бір бағытта ғана
ағызатын қақпақшалармен (клапандармен) жабдықталған. Оңжүрекше-
қарыншааралықтесікте оң атрио-вентрикулалы немесе үшжақтаулы қақпақша
(valvulaatrioventricularis dextra s.valva tricuspidalis), ал сол жүрекше- қарынша
аралықтесікте
сол
атрио-вентрикулалы
немесе
қосжақтаулы
(митральды)қақпақша (valvulaatrioventricularis sinistra s.valva bicuspidalis
s.mitralis) орналасады. Қақпақшалар жақтауларының
ұштарысіңірлі желілер
(chordate tendineae) арқылы жүрек қабырғасындағы емізікше еттерге
(mm.papillaris) бекиді. Қақпақшалар жүрекшелер қуыстарынан қарыншалар
қуыстарына
қарайашылады,
ал
кері
бағытта
жүрекше-
қарыншааралықтесіктерді жауып, қанды қарыншалар қуыстарынан жүрекшелер
қуыстарына өткізбейді. Оң жүрекшеге организмнен вена қанын алдыңғы және
артқы қуыс веналар (vena cava cranialis et caudalis) алып келеді. Оң жүрекше
қабырғасы жиырылғанда. вена қанының қысымымен оң атрио-вентрикулалы
(үшжақтаулы) қақпақша төмен оң қарынша қуысына қарай ашылып, вена қаны
қарынша қуысына өтеді.
Қанға толғаннан кейін, оң қарынша қабырғасы
жиырылады да, қанның қысымымен оң атрио-вентрикулалы қақпақша оң
жүрекше- қарыншааралық тесікті жабады. Вена қаны үлкен қысыммен оң
қарынша қуысынан өкпе артериясы бағанына (truncus pulmonalis) ағып өтеді де,
өкпеге барады. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп,
вена қаны артерия қанына
айналады. Оң қарыншадан өкпе артериясы бағаны басталатын тесік үш
айшықты қақпақшамен (valvula semilunaris) жабдықталған. Бұлар вена қанын
тек бір бағытта, яғни оң қарынша қуысынан өкпе артериясы бағаны арнасына
қарай өткізіп, кері бағытта тесікті жауып, қанның артерия арнасынан оң
қарынша қуысына кері өтуіне мүмкіндік бермейді.
Жүрек жүрекшелері мен қарыншаларының ырғақты да, жүйелі қызметін
жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесі (systema sinoventricularis cordis
) реттейді.
Аталған жүйені қойнау-жүрекше (nodus sinoatrialis) және жүрекше-қарынша
(nodus atrioventricularis) жүйке және бұлшық еттүйіндері, жүрекше-қарынша
бұлшық ет түйінінен, яғни жүрекшелерден
қарыншаларға қарай төмен
бағытталған атриоентрикулалы буда (fasciculus atrioventricularis) және одан
таралатын оң және сол аяқшалар (crus dexter et sinister) құрайды