190
Бақылау сұрақтары:
1 Көкірек қолқасынан қандай артериялар шығады, сипаттап беріңіз оны.
2 Құрсақ қолқасынан қандай артериялар шығады, сипаттап беріңіз оны.
17.5 Жамбас қуысы қабырғасы мен артқы аяқ артериялары
Сабақтың мақсаты: Жамбас қуысы қабырғасы
мен артқы аяқ артерияларын
игеру
Жамбас қуысы қабырғасының сүйектік негізін оң және сол жамбас
сүйектері мен құйымшақ сүйек және олардың бұлшық еттері мен тері жабыны
құрайды(cурет 55).
Жамбас қуысында азық қорыту, жыныс және зәр бөлу
мүшелер жүйелерінің мүшелері орналасады. Артериялар
құрсақ қолқасының
соңғы бөлімдерінен бөлінеді. Құрсақ қолқасынан алдымен жануарлардың артқы
аяқтарын қанмен қамтамасыз ететін оңжәне сол сыртқы мықын артериялары(а.
iliaca externa dextra et sinistra) 5 (6) бел омыртқалардың тұсынан ажырайды. Ал
жамбас қуысы қабырғасы мен оның қуысындағы ішкі мүшелерді
қоректендіретін оң жәнесол ішкі мықын артериялары(а. iliaca interna dextra et
sinistra) құрсақ қолқасынан 6 (7) бел омыртқаның тұсында бөлінеді. Ішкі мықын
артериялары
ажыраған
соң,
құрсақ
қолқасы
орталық
қүйымшақ
артериясы(a.sacralis
medina)
— деп
аталады.
Құйымшақ
аумағын
қоректендіретін дорсальды және вентральды артерия тармақтары бөлінгеннен
кейін, орталық құйымшақ артериясы орталық құйрық артериясына(a.caudalis
medina)
айналады да, дененің құйрық аумағын қанмен қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: