193
жүйкесімен қатар төмен өтіп, өзінен бірнеше артериялар бөледі. Олар: 1)
Краниальды санжәне латеральды айналмалы сан артерияларының жалпы
артерия бағаны
. Бұл баған өз кезегінде краниальды сан және латеральды
айналмалы сан артериясына ажырайды.
Краниальды сан артериясы(a.Femoris cranialis)
санның төртбасты бұлшық
етінің тік және латеральды бастарының арасымен өтіп, осы аталған бұлшық ет
бастарын тамырландырады.Ерекшеліктері.Жылқыдасанның төртбасты бұлшық
етінің тек тік басын тамырландырады.
Латеральды айналмалы сан артериясы(a. Circumflexa femoris lateralis)
санның екібасты бұлшық еті мен санның жалпақ шандырын кергіш бұлшық
етін қоректендіреді.Ерекшеліктері.Жылқыдабұл артерия жапқыш артериясынан
ажырайды. Күйіс қайтаратын жануарлардақосымша бөксе және мықын бұлшық
еттерін, ал иттебөксе бұлшық еттерін тамырландырады.
2) Каудальды сан артериясы менсанның плантарлы бұлшық еттерінің
тармақтары.
Каудальды сан артериясы(a. Femoris caudalis) сан артериясынан ортан
жіліктің төменгі бөлігі тұсында ажырап, балтыр және бақайдың беткей бүккіш
бұлшық
еттеріне
бағытталады
да,
аталған
бұлшық
еттерді
тамырландырады.Ерекшеліктері.Жылқыдакаудальды сан артериясы: өрлеме
және төмендеген артерия тармақтарына ажырайды. Иттеүш
каудальды сан
артериясы болады. Олар: проксимальды, ортаңғы және дистальды артериялар.
Санның плантарлы бұлшық еттерінің тармақтарыаталған аумақтағы бұлшық
еттерді қоректендіреді.
3) Анық (сафена) артериясы(a. Sapheпа) немесе сирақпен артқы аяқ
басының теріасты артериясы сан артериясынан ортан жіліктің орта тұсынан
бөлініп, сан аумағының медиальды бетімен аяқтың артқы жағына бағытталады
да,
сирақ
пен
аяқ
басының
плантарлы
бетін
тамырландырады.Ерекшеліктері.Жылқыдасафена
артериясы
нашар
жетілгендіктен, оның қызметін артқы асықты жілік артериясы атқарады.Күйіс
қайтаратын жануарларда сафена артериясы тілерсек буынының артқы бетінде
латеральдыжәне медиальды плантарлы артерияларғаажырайды. Бұлар тескіш
тілерсек артериясымен(a. Tarsea perforans) қосылып, проксимальды плантарлық
доғаны(arcus plantaris proximalis) түзеді де, латеральдыжәне медиальды
жіліншік
артерияларынабөлінеді.Шошқадасафена
артериясы
тілерсек
буынының плантарлы бетінде латеральды
және медиальды плантарлы
артерияларға ажырағаннан кейін, жіліншік сүйектің дистальды бөлігінде II, III
және IV плантарлы жіліншік артерияларына ажырайды. Итте сафена артериясы
дорсальды және плантарлы артерия тармақтарына бөлінеді. Дорсальды
194
тармақтарының астымен жіліншік сүйектеріне қарай бағытталып, І- IV
дорсальды жалпы башпай артерияларына ажырайды.
4)
тобықтың проксимальды артериясы— a.genus proximalis, сан
артериясынан ортан жіліктің дистальды
бөлігі тұсынан бөлініп, тобық буыны
аумағының медиальды бетіндегі терісін артерия қанымен қамтамасыз етеді.
Аталған артерия тармақтары ажырағаннан кейін, балтыр бұлшық етінің
латеральды және медиальды бастарының аралығымен өтеді де,
тобық асты
артериясына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: