211
түйіні(ln.ovaricus) жұмыртқалық байламында орналасады. Барлық жануарларда
тұрақты болмайды. Еркек жануарларда ен лимфа түйіні (ln.testicularis) — деп
аталады. Бұл түйін тек қабандағана болады.
Іш лимфа орталығы — lc.celiacum.іш лимфа түйіндері(ln.celiaci) іш
артериясының құрсақ қолқасынан ажырар тұсында шоғарлана орналасады.
Лимфаны іш бағаны арқылы бел цистернасына өткізеді.
Бауыр (қақпалық) лимфа түйіндері(lnn. hepatici) бауыр қақпасында орналасады.
Көкбауыр
лимфа
түйіндері
(lnn.
lienales)
көкбауыр
қақпасында
жатады.Ерекшеліктері.Жылқыда көкбауыр түйіндері жалпақ пішінді,
қызыл
түсті 10-30 түйіннен тұрады. Олардың мөлшері 0,2-7,0 см. Күйіс қайтаратын
жануарлардаболмайды
. Шошқада1-8, итте5 лимфа түйіні болады.
Шарбыныңлимфа
түйіндері(ln.omentales)
қарын-көкбауыр
байламында
орналасады.Ерекшеліктері.Жылқыдабүл түйіндердің саны — 14-20,
мөлшері
0,2-2,5 см. Иттебұлар он екі елі ішек маңында орналасады. Бірақ, сирек
кездеседі. Қалған жануарларда болмайды.
Қарын лимфа түйіндері(lnn. gastrici) өңештің
қарынға ашылатын жерінен
(кардиальды
бөлігінен)
қарынның
кіші
иінін
бойлай
орналасады.Ерекшеліктері.Жылқыда15-35 түйін болады. Күйіс қайтаратын
жануарларда қарын лимфа түйіндері
оң және сол мес қарын, дорсальды және
вентральды ұлтабар,
сондай-ақ, қарынның барлық бөлімдерінде кездеседі.
Шошқадабұл түйіндер жекеленіп немесе топтасып жатады. Итте олар кейде
болады, көбіне болмайды.
Ұйқыбезі және он екі елі ішек лимфа түйіндері (lnn.pancreatico-duodenales) он
екі елі ішектің басталар ұшында орналасады.
Ерекшеліктері.Жылқыдамөлшері 0,2-2,0 см 5-15 түйін болады. Күйіс
қайтаратын жануарларда бұл түйіндердің сандары тұрақты емес.
Достарыңызбен бөлісу: