А. А. Демесинова



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата19.12.2023
өлшемі490.63 Kb.
#486988
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Demessinova

Зерттеу әдістері. Көркем әдебиеттегі 
фэнтези жанрының шыға төркіні және 
түрлерін қарастыруға арналған бұл мақалада 
салыстырмалы-тарихи, талдау және жинақтау 
әдістері қолданылды.
Талқылау. 
Шығыс 
және 
Батыс 
әдебиеттерінде 
фэнтези 
жанрының 
алғышарттары бұрыннан бар. Араб, 
үнді, қытай, жапон, түркі сияқты шығыс 
елдерінде буддизм, 
брахманизм, 
ислам, 
түркі 
мифологиясы 
негізінде 
фэнтези 
жанрының 
алғашқы 
нышандары 
бой 
көрсетті. 
Еуропалық 
әдебиетте 
фэнтези 
жанры готикалық, авантюралық, сал- 
серілік (рыцарьлық) романдардың, «фейлық 
ертегілердің», 
аруақтар 
туралы 
әңгіме- 
хикаялардың қосындысынан пайда болып 
қалыптаса бастады.
Шығыс әдебиетіндегі фэнтези жанры 
біртектес емес және ол Еуропа фэнтезиіне 
тән өлшем-ұғым, пайым-түсініктен түбірімен 
бөлек болып келеді. Араб және түркі фэнтезиі, 
жапон мен қытай фэнтезиі бір-бірінен бөлек 
сипатта, мүлде ұқсамайды. Оның басты себебі 
олардың біреуінің ислам, екіншісінің тәңірлік, 
үшіншілерінің брахманизм мен буддизм 
сенімдерін 
ұстануынан 
деп 
түсіндіруге 
болады.
«Қазір 
батыс 
фэнтезиі 
толкиендік 
эпопеяны: 
ведьмак 
(А.Сапковский, 
Польша), жерорта тарихы, Артур мифтері 
және 
ғаламтордағы 
«фан 
фикшендер» 
жазбаларымен толықтырылып жалғастырып 
келеді. Ресейде толкиендік бағыттағы Ник
Перумовтың «Түнек шеңбері» («Кольцо 
тьмы»), Н.Васильеваның «Арданың қара 
кітабы» («Черная книга Арды») және мен
«»Қарауылдың тәубеге келуі» («Исповедь 
стража»), К.Еськовтің «Соңғы сақина тағушы» 
(«Последний кольценосец») шығармалары 
өмірге келді [4].
Еуропа әдебиетінің тек қана толкиендік 
үрдіске байланып қалмағандығын айтуымыз 
қажет. Олар өздерінің архетиптік негіздеріне 
назар аударып, жаңа дәстүрдегі фэнтези 
туғызуда. Ресей мен поляктар қаламгерлері 
славяндық мифтерге сүйенсе, Еуропалықтар 
ежелгі 
кельт, 
скандинав, 
герман 
мифологиясын негізге алып, мифологиялық 
фэнтези жанрын өрістетуде. Бұл орайда 
қазіргі қазақ фэнтези жанрының белсенді 
өкілдерінің бірі Ильмаз Нургалиевтің: «Мен 
әлемге 
ұлттық 
фольклорымыздың 
бай 
қатпарын барынша танытқым келеді», – 
дегенінде үлкен мән жатса керек.
Фантастика жанрының алғышарттары 
көркем 
өнердің 
белгілі 
бір 
әдіс-тәсілі 
ретінде ежелгі дәуірлерден мәлім. Адамзат 
баласының әдебиеті алғашқы қауымдық 
құрылыстағы мифтік қиял-ғажайып ертегілер 
мен аңыздарға, одан өсіп балаң әдебиетке
одан кейінгі ержеткен, кемелденген әдебиетке 
дейінгі көркемдік дамуды бастан кешірді. Ең 
соңында ғылыми фантастика мен фэнтези 
жанры өмірге келді. Бұл жанрлар бір-бірімен 
қанаттаса, өрелесе дамыды. Әдебиеттану 
ғылымында бұл жанрлардың ара жігін ашып, 
ғылыми анықтама беру оңайға түсе қойған 
жоқ. Ғылыми фантастиканың анықтамасы 
бір ізге түссе де, фэнтези жанры туралы 
қорытынды байлам, тұжырым қазірге дейін 
қалыптаса қойған жоқ [3,91].
Фэнтези жанрын зерттеуші Әбіл-Серік 
Әбілқайыр: 
«Тауфих 
Шеғиров-Сәукетаев, 
Тимур Ермашев, Адам Қапанов және Ильмаз 
Нургалиевтар 
болмыс 
пен 
бейболмыс 
арасындағы 
межені 
бұзып, 
суреттейтін 
әлемнің 
шынайылығына 
өз 
оқырманын 
сендіре біледі. Осылайша жасөспірімдер 
қаламгер фэнтезиінің әлемді түйсіндіру, 
бейнелеудің, ой елегінен өткізудің өзіндік 
бір 
жолы 
екендігін 
ұғынады. 
Аталған 
жазушылардың бізге ұсынған ертегілік әлемі 
ертегілік емес әлемге айналып бүгінгі күнгі 
қазақ қоғамының басты промблемалары 
астарланып өткен күндердің оқиғаларымен 
астасады. Осылайша авторлар біздің барша 
өзекті 
мәселелерімізді 
мифпен 
өрлете 
түсіндіріп, өзіндік образ сомдаулары
№ 2(143)/2023


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет