Қатқан су – топырақта су қатқан кезде мұз түрінде қалыптасады.
Буланған су – топырақта бу түрінде ауа құрамында болады, өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуде қатысы жоқ, топырақ сәл салқындаған жағдайда конденсацияланы да сұйық суға айналады.
Физикалық байланысқан су (сорбцияланған) тығызбайланысқан және әлсізбайланысқан болып ажыратылады.
Тығызбайланысқан суды гигроскопиялық деп атайды. Ол топырақтың қатты түйірлеріне (көбінесе коллоидты) сырттық тарту күшпен ауадан ұсталған су буының молекулалары, ал бұл қабілетті топырақтың гигроскопиялылығы деп атайды.
Гигроскопиялық су түйірлерді 1-3 молекуладан тұратын жұқа пленкамен жабады. Гигроскопиялық судың ерекше қасиеттері бар: 780С қатады, электролиттерді ерітпейді, тығыздығы (1,5-1,8 г/см3) және тұтқырлығы (вязкость) жоғары, өсімдіктерге тиімсіз.
Тығызбайланысқан судың мөлшері ауаның ылғалдылығына және топырақ коллоидтарының саны мен сапасына байланысты болады.
Топырақтың буланған сулармен қаныққан атмосферадан (шамамен 90-98 %) сіңіріп алатын гигроскопиялық судың максималды мөлшерін гигроскопиялық максималды ылғал деп атайды (МГ). МГ – бұл топырақтағы судың өлі қоры.
Әлсіз немесе осал байланған су – су қабығы, топырақтың коллоидті түйірлер бетінде сұйық сумен жұғысқан жағдайда су молекулаларын қосымша (МГ-ға қоса) сіңіруден пайда болады, жылжымалығы шамалы, өсімдіктерге тиімсіз.
Еркін немесе бос су – топырақ бөлшектерімен сорбциялық күштермен байланысы жоқ және капиллярлық (қылтүтікті) және гравитациялық күштермен жылжиды, екі түрге бөлінеді: капиллярлық нем есе қылтүтіктік және гравитациялық.
Капиллярлық су – топырақтың қылтүтіктерінде болады және өсімдіктерге тиімді, ең қолайлы ылғал. Бұл ылғалдың екі түрі бар: капиллярлы-ілінген және капиллярлы-тірелген. Капиллярлы-ілінген ылғал топырақты үстінен ылғалдандырғанда, ал капиллярлы-тірелген жер асты суларымен ылғалданғанда немесе грунттық сулар көтерілгенде пайда болады.
Капиллярлық су заттарды еріту қабілеті бар, жылжымалы.
Капиллярлы-тірелген судың грунттық сулар жақын болғанда артық су аққаннан кейін қалған максималды мөлшерін төменгі немесе ең аз су сиымдылығы (НВ). НВ топырақтың механикалық құрамы, гумустылығы, құрылымдылығы және жайласуына (сложение) байланысты болады. Топырақтың оптималды ылғалдылығы НВ-ның 70-100%-на сәйкесті.
НВ мен топырақтың нақтылы ылғалдылығының айырмасын ылғал тапшылығы (дефицит) деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |