А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Тәуелсіздік жылдарындағы жалпы білім беретін мектептерге



Pdf көрінісі
бет21/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Тәуелсіздік жылдарындағы жалпы білім беретін мектептерге 
арналған оқу бағдарламаларының құрылысы мен мазмұны. Орта мектептің 
әдебиет пәніне арналған жаңа бағдарламаларда кеңес кезеңіндегі қалыптас-
қан жүйеден ауытқу немесе үлкен алшақтық байқалмайды. Тәуелсіздік 
алғаннан бергіде әдебиеттану ғылымының жаңа тынысы ашылып, мектеп 
бағдарламаларына әдебиетіміздің кӛрнекті тұлғаларының шығармалары 
енгізілді. Халқымыздың кӛркем мұрасын таныту, әдебиеттану ғылымының 
кӛркем әлемін ашу әдебиет пәнінің басты мақсатын құрайды. 5-9 сыныптар 
аралығында алынған оқу материалы, оның 5-7 сыныптағы берілу тәртібі 
пәннің басты міндеттерін қанағаттандырады. Бағдарламадағы бір жаңалық: 
орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп, алғашқысы
әдебиеттік оқу бағытында болса, 8-9 сыныптарға әдебиеттің бастапқы тарихи 
курсы енгізілді. Ал, әдебиеттің біршама кӛлемді тарихи курсы 10-11 
сыныптарға ұсынылды. Бағдарламадағы бұл ӛзгерістің сапалы білім қалып-
тастыруға қаншалықты үлес қосқаны туралы пікір білдіру қиын. Әйтсе де, 
кӛзге ерекше кӛрінетін кейбір олқылықтарға жол берілгендігін айтқан жӛн. 
Мәселен, орта мектеп бағдарламасында бұрыннан әдебиеттің қысқаша тарихи 
курсы оқытылатын. 9-11 сыныптарға топтастырылған тарихи курс аясында 
ауыз әдебиеті, кейбір хандық дәуір әдебиетінің ӛкілдері, ХІХ ғасыр, Кеңес 
кезеңіндегі әдебиет, сол кезеңдердегі тарихи, шығармашылық тұлғалар 
қамтылатын. Жалпы білім беретін мектептер үшін лайықты әдеби білім қоры 
қалыптастырылатын. Ал жаңа бағдарлама бойынша мектепте оқытылатын 
тарихи курс екіге жіктеліп барлық тұтас курс 8, 9,10,11 сыныптар, жалпы 
алғанда тӛрт сынып бойы оқытылады. Былай алып қарағанда университет
қабырғасында бір пән бойынша белгілі бір мамандық алуға берілетін 
бакалаврлық білім мӛлшері болып шығады. Егер оқушылар аталған бағдар-
лама арқылы филологиялық терең білім алып шығар болса, тӛрт жылдық 
тарихи курсқа еш уәж болмас еді. Ӛкініштісі кейінгі жылдары оқушылардың 
мәтін оқуға қызығушылығының тӛмендегені туралы жиі сӛз қозалады. 
Бағдарламада, әсіресе 8-сыныпта ІҮ ғасырдағы Орхон-Енесей жазбаларынан 
бастап ХІХ-ХХ ғасырдағы ақын, жазушыларға дейінгі оқу материалы 
қамтылған. Әрі авторға берілген сағат саны мардымсыз. Бір сынып 
кӛлемінде оқу материалын мӛлшерден тыс кӛптігі терең әдеби білім қалып-
тастыруға елеулі кедергі жасайды. Әр сынып бойынша оқу материалының 
қайталанып ұсынылатын тұстары да кездеседі. Айталық: аталған сынып 
М.Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасымен» танысады, 9 сыныпта «Абай жолы» 
эпопеясы 5 сағат кӛлемінде оқуға жоспарланған да, 11 сыныпта «Абай жолы» 
эпопеясы қайта ұсынылған. Осындай қайталауларды басқа авторларға да 
қатысты айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет