А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор



Pdf көрінісі
бет30/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

 
 
 
 
 


60 
Қорытынды сабақ типінде сабақ жоспары. (10- сынып).
Сабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: қорытынды сабақ 
Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы 
Сабақтың мақсаты: Шортанбай Қанайұлы шығармашылығы бойынша 
оқушы білімін саралап қорытындылау. 
1.Танымдық міндеттері: 
Шортанбай Қанайұлы ақын ретінде, ӛскен ортасы, сол кездегі 
қоғамдағы оқиғаларға әсерін таныту; 
Ақын жеке тұлға ретінде ӛзіндік пайым, пікірлерінің шығармашы-
лығындағы кӛрінісін таныту;
Қазақ әдебиеті ғылымында Шортанбайдың алар орнын пайымдау;
«Қазақ» концептісін таныту; 
Оқушылар түсінігіндегі «діндар» адамға анықтама беру. 
2.Тәрбиелік міндеті:
Ақынның ӛлеңдерін оқыта отырып, шығармадағы еңбек, білім, адам 
бойындағы жеке қасиеттерді, яғни отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік қа-
сиеттерді саралап тану. Оқушылар бойындағы еліне, жеріне деген сүйіспен-
шілікті, ақын ӛлеңіндегі сүйіспеншілікпен ұштастыруды кӛздеу. Ақынның 
елжанды, ұлтжанды кӛзқарастарын таныта отырып, оқушыларды отаншыл-
дық рухта тәрбиелеу. Саяси идеялық, имандылық тәрбие беру. 
3.Дамытушылық міндеті:
Оқушылардың ақын ӛлеңдерінде қамтылған саяси, қоғамдық ӛміріндегі 
ӛзгерістер жайында ӛз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, тіл 
байлығын дамыту, іштей ой түюге баулу. Шортанбай поэзиясындағы діни 
сӛздерге қатысты түсіндірме сӛздікпен жұмыс жасауға дағдыландыру. 
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау. 
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, ХІХ ғасырдың екінші 
жартысындағы әдебиет. 
Сабақтың кӛрнекілігі: Кесте, қанатты сӛздер, кітаптар кӛрмесі, 
интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: 
1.Ұйымдастыру кезеңі: 
Оқушылармен оқу үдерісін бастауға даярлық, оқушы зейінін сабаққа 
аудару.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Шортанбай Қанайұлының ӛмірі мен шығармашылығы бойынша 
оқушылардың алған білімін тексеру. Ш.Қанайұлының шығармашылығынан 
берілген тапсырмаларды тексеру. Ш.Қанайұлының заман туралы жазылған 
ӛлеңдерінен үзінділерді жатқа сұрау.
"Зар заман", "Бала зары" ӛлеңдерін жаттау. 
3. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі: Баяндау әдісімен мынадай мәлі-
мет айтылады: 
Сарыарқаның кең жайлауы үйір-үйір жылқы, қоралы қой, қорасы қара 
малға ғана толы емес еді, соған қоса, жері құнарлы, егіні бітік, шаруалар 


61 
ӛмірі думанды, ел еңсесі кӛтеріңкі кӛрінетін. Адамдары шетінен ділмар, 
сауыққой, әнші, жыршы, ӛлеңші келетін. Сонау Қаз дауысты Қазыбек бидің 
ізін басып жалғасып жатқан билер тобының ӛнерлерінің ӛзі қандай?! Бұл 
ӛлкеде Ақан мен Біржанның, Мәди мен Ыбырайдың әндерін салмайтын қыз 
бен жігітті кездестіру де қиын. Тәттімбет пен Қазанғаптың күйлері 
қандай ойлы, сырлы? Жанақ, Шӛже, Орынбай, Кемпірбайлардың ақтарыл-
ған ақпа жырлары ше? Ғажап дүние! Не деген байлық? Ӛмірдің қызығы, 
мән-мағынасы деген осы емес пе! 
1. Бұл үзінді нені баяндап тұр? 
2.«Діндар», «Ділмар» сӛздерінің мағынасын ашу. 
Шортанбай шығармаларындағы сарын мен сол заманның әдебиет 
ӛкілдері атауындағы байланысты айқындау.
Шортанбай ӛлеңіндегі «зар заман» ұғымы тұтас бір әдеби дәуірдің 
атауына айналып кетті. Әдебиетіміздің тарихында Шортанбай бастаған 
зар заман ӛкілдері бар. 
Шортанбай ақынның заман зарын сипаттайтын басты ӛлеңдеріне 
сараптама жасату. Талдауға алынатын ӛлеңдері:

«Зар заман»

«Тар заман» 

«Бар заман» 

«Опасыз жалған» 

«Осынша азды ел неден» 

«Байды құдай атқаны» 
Кестемен жұмыс 
 
Бала зары 
Мұраттың жалпыға айтқаны 
Атамыз–Адам пайғамбар, 
Топырақтан жаралды, 
Мұсылман, кәпір-халық боп, 
Сол адамнан таралды. 
Бір-біріне беріскен, 
Дәм мен тұзы халал-ды. 
Ұрлық пен қорлықтан
Ӛтірік, ғайбат, зорлықтан 
Бойыңды тартып тек жүрсең, 
Кӛрмессің деген залалды. 
Белгісі деген бейіштің 
Жазғы салқын самалды. 
Тәркі деген тамұқтың 
Қысқы суық амал-ды. 
Ертеңмен тұрып ақырса, 
Аллалап азан шақырса, 
Аузына қарам салмаса, 
Шипалы жерге бармаса, 
Ақ кәләмді оқыса, 
Алланың берген санасын, 
Кеудесіне тоқыса; 
Шариғаттың жолы деп, 
Әдеп бір етсе мұртына, 
Ӛсиет етсе жұртына, 
Ақ кәләмді аударған- 
Ол пір ұлына жарасар! 
Оқушыларға зар заман ӛкілдеріне қысқаша сипаттама жасату. 
Шортанбай ақынның «Бала зары» ӛлеңімен Мұрат Мӛңкеұлының
«Мұрттың жалпыға айтқаны» ӛлеңдерінен үзінді келтіре отырып салыстырту. 
Қорытынды сабақ болғандықтан, «конференция» түрінде сыныпты екі топқа 
бӛлу. 


62 
- Тілшілер (журналистер) 
- Мамандар (әдебиет ғылымының).
Тіршілер осы сабақ бойынша мамандарға сұрақтар қояды. Мамандар 
сұраққа жауап беру керек, жауап болмаған жағдайда сұрақтың жауабын 
мамандар ӛздері айтуы шарт. Сұрақтар сапалы болу керектігі ескертіледі. 
Жұмыстың бұл түрі арқылы Шортанбайдың қазақ әдебиетіндегі ӛзіндік орны 
ӛзіне тән сегіз қасиетімен айқындалады. 
1. Діндарлығы және ділмарлығы
2. Шортанбай - әлеуметтік ӛмірдің шынайы суреткері. Абайға дейінгі 
ақындардың ішінде әлеуметтік мәселені тұңғыш рет тиісті дәрежеге кӛтере 
білуі. 
3. Шортанбай айтыскер. 
4. Шортанбайдың айтыстары. 
Қорытындылау үшін «Шортанбай» ұғымына кластер жасалып, оқушылар-
дың ӛз пікірімен дәйектеледі.
Үйге тапсырма: Шортанбай шығармашылығы мен ӛміріне байланысты 
ойтолғау жазып келу. 
Білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сабақ құрылымы бүгінде оқытудың 
жаңа технологияларына негізделген тың ізденістермен толығып келеді. Біз 
мысалға келтіріліп отырған сабақ жоспарлары дәстүрлі сабақ түрлеріне 
құрылған. Әдістеме ғылымында отандық әдіскерлердің қалыптастырған
жүйесін жете білу жаңа ізденістердің дұрыс бағытта дамуына да ӛзіндік 
үлесін қосары анық. Олай дейтініміз жаңа технологияларға негізделген сабақ 
жоспарларын түзу үшін де сабақтың тұтас құрылымдық жүйесін терең 
таныған орынды. 
Әдетте әдебиет пәні бойынша сабаққа дайындықты оқу материалын 
талдаудан бастаған орынды. Оқу материалы бойынша сыныпта жүргізетін 
жұмыс барысы да мұғалімнің мәтін мазмұны бойынша ұйымдастыратын оқу-
танымдық жұмыстарының бірізділігі мен жан-жақтылығына қатысты. Оқу 
материалына кіріспе сұрақтар даярлау, мәтін мазмұнын оқушылардың 
меңгеру дәрежесін білу мақсатындағы анықтау сұрақтары, мәтін талдауға 
бағытталған сұрақ-тапсырмалар, мәтіннің идеялық қырларын талқылай 
отырып, тануға арналған проблемалық сұрақтар, оқу материалына қатысты
сабақты бекіту, пысықтау кезеңдерінде оқушыларға қойылатын сұрақтарды 
ойластыру – барлығы мұғалімнің сабақ алдындағы даярлық жұмыстарына 
жатады. Одан ӛзге сабақты жоспарлау барысында сабаққа қойылатын негізгі 
талаптарды ескерген орынды. Олар: 
1. Сыныпты ұйымдастыра білу. 
2. Берілген білімнің оқушыға түсінікті болуы. 
3. Мұғалімнің оқушы ұғымына лайықты сӛйлеуі.
4. Мұғалімнің сабақта басты мәселеге кӛңіл аударуы, негізгі мәселені 
ерекше даралай, кӛрсете білуі. 
5. Сабақта психологиялық хал-ахуал туғызуы (оқу материалын мең-
гертуде оқушының қиялы, зейіні, таным деңгейі, түйсінуі, терең ойлануы т.б.)


63 
6. Сабақтың темпі мен ырғағы. 
7. Сабақ кезеңдерінің ӛзара байланысы. 
8. Сабақтың тәрбиелік салмағы. 
9. Мұғалім сауалдарының дидактикалық талапқа сай қойылуы. 
10. Сабақтың ғылымилығы, танымдық құндылығы. 
11. Сабақтағы пәнаралық байланыстың, интеграциялық байланыстың 
жүзеге асуы. 
12. Сабақта мұғалімнің бақылауды ұйымдастыруы. 
13. Оқушылармен жеке дара жұмысы. 
14. Сабақ мақсатының дұрыс орындалуы. 
15. Мұғалімнің оқушыны үнемі дамытуға талаптануы. 
16. Сабақ үдерісінде оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын орнату. 
17. Сабақты пысықтау, оқушы білімін бағалауы, (оқушы білімін сарап-
тай отырып бағалау). 
18. Үй тапсырмасының педагогикалық талапқа сай берілуі. 
Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосқан әдіскер-
ғалым Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі»
1
оқулығында сабақтың 
бірнеше түрін атайды. Сабақтың түрлерін қолданылатын әдіс-тәсілдері мен 
тақырыптарына қарай саралай отырып, қай сабақ типтерінде белсенді 
қолданылатынын нұсқайды. Әдіскердің кӛп жылдық тәжірибесінде қолданған 
интеграциялы «Қос үштік сабағы», ойын элементтері бар «Сот сабағы», 
«Жәрмеңке сабағы», «Кӛкпар, жарыс сабақтарын» қандай тақырыптарда 
ӛтуге болатынын атап айтады.
Бүгінгі оқу үдерісінде сабақ форма жағынан да ішкі құрылымы 
жағынан да ӛзгеріп, түрленіп отыр. Сабақ түрін анықтауда оқу үдерісінің 
тұтас құрылымын ескерген орынды. Себебі кейбір сабақ үдерісіндегі шағын 
ойын элементімен аталатын сабақ түрлері де тәжірибеде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет