82
4.оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
5.шығарманың эмоциялық әсер күшін терең де мазмұнды сіңіру
мақсатындағы мұғалімнің кӛркем мәтінге түсініктеме бере отырып оқуы;
6.оқылған мәтін
бойынша оқушылармен пікірлесу,
7. шығарманың ішкі мазмұнын терең қабылдай отырып шығарма
мазмұнынан туындаған кӛркемдік таным, адамгершілік, саяси-әлеуметтік т.б
бағытта проблемалық мәселелер кӛтеру;
8. оқушылардың ӛмірден кӛрген, білгендеріне, түйгендеріне сүйене
отырып, шығарма мазмұнынан туындаған мәселелер тӛңірегінде шығарма-
шылық тапсырмалар беру.
Оқушылардың оқу-әрекеттерінің түрлері:
1. шығарманы сыныпта, үйде оқу;
2. кӛркем сӛз мәтінін сазына келтіріп мәнерлеп оқуға дағдылану;
3. мәтінді жатқа оқу,
4. аудиодан мәнерлеп оқылған мәтінді бірнеше рет қайталап тыңдау;
5.
эпизодтарға тақырып қоя отырып, мәтінді тұтас қабылдау мақса-
тында жоспар құру;
6. мәтінге жақын баяндау;
7. сценарий құру;
8. шығарма оқиғаларына сәйкес суреттермен иллюстрация жасау;
9. оқушының оқылған шығарма (қойылым, спектакль, радио хабар-
лары, телеқойылым, т.б) бойынша
тікелей пікір жазуы;
10. алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
Әрбір тәсіл оқушы әрекетіне сай таңдалынады. Мұғалім оқушы әреке-
тіне басшылық жасай отырып, әдістер жүйесін дұрыс құра білуі керек.
Эвристикалық әдіс. Эвристикалық әдіс ішінара ізденіс әдісі деп те
аталады. Мұнда да негізгі оқу материалы — кӛркем шығарма. Кӛркем шығар-
маны оқығандағы алғашқы қабылдауды эвристикалық әдіс арқылы тереңдету
кӛзделеді. Кӛркем шығарманы талдағанда, әдетте жазушы кӛтерген адамгер-
шілік, әлеуметтік, қоғамдық, философиялық проблемаларды қозғайды. Оқу-
шыларға жазушы кӛтерген сол проблемаларды байқап, оларды шешудің
жолдарын іздестіріп, шығарманың кӛп қыры мен құрамының негізгі бірлігін
танып, негізгі ойын саралауға, ой түюге,
ойын талдап, дәлелмен жеткізуге
жолбасшы болу мұғалімнің негізгі міндеті болып табылады. Бұл әдіс кӛбі-
несе эвристикалық әңгіме түрінде жүргізіледі. Оқушылар эвристикалық әңгі-
меден белгілі бір дағды алған кезде оны жеке тапсырмалармен алмастыруға
да болады.
Бұл әдіске тән әдістемелік тәсілдер:
1.Логикалық анық сұрақтар жүйесін құру (кӛркем шығарма мәтінін
талдау, сыни мақалалар, теориялық немесе тарихи-әдеби сұрақтар негізінде).
2.Кӛркем шығарма мәтіні немесе сыни мақала, иллюстративті ма-
териалдар арқылы бүкіл топқа немесе сыныпқа тапсырмалар жүйесін құру.
3.Мұғалімнің не оқушының ұсыныстары бойынша шығарма мазмұ-
нына сай проблема қою, сол проблема тӛңірегінде пікір сайыс ұйымдастыру.
83
Эвристикалық әдіс оқушыларға кӛркем
шығарманы талдау жолдары
мен әдістерін, әдеби процес пен әдебиет теориясы мәселелерін білуге жәр-
демдеседі. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлауын дамытады, ӛздігінен білім
алуына кӛмектеседі.
Эвристикалық әдіс кезіндегі оқушы қызметі:
1.Мұғалім сұрақтары мен тапсырмаларына кӛркем шығармадан, сыни
мақаладан немесе оқулықтан, басқа да кітаптардан материал жинау;
2.Ішінара талдай отырып оқиғаны баяндау;
3. Мұғалім тапсырмасы бойынша эпизодқа, сценаға, барлық шығармаға
талдау жасау;
4.Шығарманың бӛлігіне немесе тұтастай ала отырып талдауға тиімді
болу үшін жоспар құру;
5.Шығарманың кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау;
6.Кейіпкерлерді,
оқиғаларды, пейзажды, тілдік ерекшеліктерін
салыстыра отырып талдау;
7.Шығарманы талдау барысын конспектілеуге, шығармаға, баянда-
маға, кең түрдегі баяндауға кӛмектесетін жоспар құру;
8.Кӛтерілген проблема тек әдебиеттану мәселелерін ғана емес, сондай-
ақ барлық ӛнер түрін қамтитындай болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: