А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері. Әдебиет әдістеме-
сінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет 
пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады. Бағдарламадағы 
материалды ӛтуде кӛзделетін қорытынды нәтиже бір болғанымен әрбір 
мұғалім бұл мақсатқа әртүрлі әдіс-тәсілмен жетеді. Негізгі мақсатқа қызмет 



ететін жол мен әдіс-амалды таңдап алу мұғалімнен аса жауапкершілік пен
шеберлікті талап етеді. Себебі әдеби материалдың ерекшелігіне қарай әрбір 
сабақтың ӛзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал - жабдықтары, әдіс-тәсілдері, 
құрылысы мен сабақтың жүйесі, мазмұны болады. Сабақ ӛтілетін материал-
дың ӛзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне 
байланысты, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне сай әр 
алуан құбылып, түрленіп отыратын құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік 
үдеріске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе сәтсіз ӛткенін дұрыс бағалау 
үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар 
есепке алынады. Сол факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы 
және сапасыз жақтарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сӛйтіп, әдебиет 
әдістемесінің негізгі міндеті: мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін 
ұстанымдық жолмен негіздеп беру. Бұл әдебиет әдістемесінің ең басты мән-
мазмұны болып табылады. 
Әдеби білім кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби 
білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай 
бӛлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің 
сипатына байланысты. Бағдарламада әдеби білім компоненті және орташа 
білімнің уақытша стандартының мазмұны кӛрсетіледі. В.В.Давыдовтың
«Дамыта оқыту теориясы»
1
еңбегінде «жетекші қызмет» термині қолданыла-
ды, ол баланың психикалық даму кезеңінде негізгі ӛзгерістерді кӛрсетеді. 
Соның ішінде қоғамдық мәндегі қабілет балаларда 10-15 жасында қалыптаса 
бастайды. Оған қоса еңбекқорлық, қоғамдық-ұжымшылдық, спорттық және 
кӛркемӛнер бағытындағы қызметтерді де жатқызады. Жасӛспірімдерде 
әртүрлі топ мүшесімен қарым-қатынас жасай алуы, ӛзінің мүмкіншіліктерін 
бағалай алуы, яғни іс-тәжірибе нәтижесінен туындайтын сана қалыптаса-
тынын атап ӛтеді. Оқу-кәсіби қызмет жоғарғы сынып оқушыларында 15-тен 
17-18 жаста пайда болады. Оларда кәсіби қызығушылықтары, ӛмірлік 
жоспарларын құру қабілеті дамиды, тұлғаның адамдық және азаматтық
ұстанымдары, дүниетаным туралы негіздері қалыптасады. 
Психологияның даму аймағында әртүрлі ғалымдардың пікірлерін 
келтіре отырып, В.В.Давыдов А.Н.Леонтьева мен Д.Б.Эльконина адамның 
тұлғалық және психикалық дамуының негізі оның қызметінің дамуында 
деген ой білдіреді. Соған орай қызметтің сипаты және адамның психикасы 
тұлға деп түсіндіріледі. А.В.Петровский үшін психика тұлғаның құрамына 
кіреді, ал оның дамуы адамның қоршаған ортамен арақатынасының ӛзгеруі-
мен анықталады. Әр түрлі жастағы оқушылардың әдеби дамуы мен оқу 
қызметі 
әдістеме 
ғылымда 
да 
зерттелген 
(Н.Д.Молдавскаяның, 
Н.И.Кудряшевтың, В.Г.Маранцманның, О. Ю. Богдановтың еңбектері т.б.).
Әдеби білімнің басты мақсаты отандық және әлемдік классикалық 
әдебиетті, рухани байлықты қабылдау, кӛркем мәдени түйсік және тәрбие, 
оның негізінде адамшылық, эстетикалық талғам, сӛйлеудің мәдениеті 
қалыптасады. Әдеби білімнің мазмұнының негізі кӛркем мәтіндерді әдеби, 
1
Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996. 



этико-философиялық және тарихи-мәдениетті компонеттер түрінде оқу және 
зерттеу болып саналады. Қазіргі бағдарламалар әр тақырып бойынша 
бӛлінетін уақыт мӛлшері жӛніндегі нұсқаулардан ғана тұрмайтыны белгілі.
11 сынып түлектері ӛз таным-түсінігі мен пайымына қарай шығарманың 
тақырыбын, жетекші ойын тұжырымдайды және кӛркем мәтіндердің ішкі
құрылымдық жүйесін талдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет