160
бастайды. Бала қай затты болса да әуелі бес сезім арқылы (кӛру, есту, қол,
тіл, сипау) танып біледі. Балаға керегі сӛз, ереже емес, кӛркем сӛздің ӛзін
тӛтелеп оқып, содан білім, әсер, қоғамдық таным алу. Соның кӛбін бала
мәтіннің ӛзінен ғана алады. Алғашқы жинақтау – кіріспе сӛз емес, тексті
оқудан ӛткізіп, соның нақты мазмұнын игеру. Оқудан соң шығарманың
тақырыбын тапқызсақ – бұл тексті оқудан туатын алғашқы жинақтау болмақ.
Екінші саты – сол шығарманың формасын таныту. Бұл – арқылы категория-
сына құрылған жұмыс, танымның ғылыми сатысы.
Оның шығарма идеясын
тапқызу арқылы жинақтаймыз. Соңғы жинақтау тұсында болса сол екі оқудан
алған білімі мен әсерін ӛздігінше игеріп байытады. Бұл үш сатының үшеуі де
жүйелі түрде жатығу арқылы іске асады. Ол тез саналы оқуға (қол), есте
қалдыруға негізделеді. Жүйелі түрде жүргізілген жаттығулар білімді дағдыға
айналдырады. Бізде де нақты тексті сабақтан алшақтатып, немесе соның
мазмұнын кіріспе сӛзбен қабаттастырып ӛзі айтып беріп, жүрдек, саналы
оқуға, шығарма мазмұнын игеруге мән берілмейтін жайттар бар. Ондайда
мұғалім негізгі обьект болған кӛркем мәтінен де, оқушыдан да қол үзеді.
Сӛйтіп, бос сӛзге әуес мұғалімдер текістің ӛзін оқудан туатын алғашқы
сезімдік қабылдауды елемейді»
1
– дейді.
Ендеше кӛркем қабылдауды ұйымдастыруда ӛлеңді мәнерлеп оқуға
басымдық береміз. Мәнерлеп оқу кӛркем мәтінді аудиалды қабылдаудың
тетігі. Автордың ой-пайымымен кӛркем шығарманы сӛйлету күрделі
әрекеттің бірі. Кӛркем мәтіннің болмысына терең бойлап, жете меңгермейін-
ше оны сӛйлету қиын. Ӛлеңдегі әр сӛз, бунақ белгілі ой ағымын ұсынады.
Оны дәл сол мәнінде тиісті ырғағымен оқу үлкен шеберлікті талап етеді.
Т.Ф.Қурдюшева орта мектеп іс-тәжірибесіндегі кӛркем шығармаларды
қабылдаудың тиімділік әсерін 4 кезеңге бӛліп қарастырады. 1 кезең –
қабылдауға дайындық; 2 кезең – мәтінді оқытудан кейін қалыптасатын
қабылдау, 3 кезең – талдау кезіндегі тереңірек қабылдау, 4 кезеңі –
қабыл-
даудағы жинақтау, қортынды
2
.
Әдебиетті оқыту әдістемесі ғылымында классикалық әдістердің бірі
саналатын шығармашылық оқыту әдісінің бір тәсілі – кӛркем мәтінді
мәнерлеп оқу. Әдіскер-ғалым З.Я.Рез шығармашылық әдістің бірнеше
тәсілдерін ұсынады. Кӛркем мәтінді мәнерлеп оқу, сахна шеберлерінің оқуы
т.б. Кӛркем мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағы, әуезі, қарқыны, екпіні –
барлығы да ӛлеңді қабылдауда жағымды жағдай туғызушы компоненттер
болып есептеледі. Ӛлеңдегі ой кідірістері, психологиялық кідірістердің де
ӛзіндік ықпалы болады.
Мәтіннің мағыналық фонының құрылымы
- кӛркем мәтіннің пішінінен
мазмұнына қадам жасауды нұсқайтын нысан. Егер әр сӛзді
таңба деп
қарастыратын болсақ, әр таңба бір ойдың бейнесі. Поэтикалық ӛлең мәтіні
1
Қоңыратбаев Ә. 4-7 кластарда әдебиетті оқыту методикасы. А., Мектеп, 1987. -33 б.
2
Проблемы преподавания литературы в средней школе / Под ред. Т. Ф Курдюмовой.
– М., 1985.
161
тарихи-мәдени, рухани болмыстың, автордың шығармашылық әлемінің
құрылымы мен жүйесін танытатын кӛптеген таңбалардың құрылымы болып
есептеледі. 5-сыныпта оқылатын М.Мақатаевтың «Мен таулықпын» ӛлеңінің
мәтініне назар аударалық:
Достарыңызбен бөлісу: