А. А. Сатбекова пед. ғыл док профессор


-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары



Pdf көрінісі
бет89/102
Дата21.02.2023
өлшемі2.39 Mb.
#469861
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102
Kazak adebietin okytu adistemesi Zhumakaeva

8-сыныпта Д.Исабековтің «Әпке» драмасын оқыту жолдары
Д.Исабековтың «Әпке» пьесасы Жазушылар одағы мен Мәдениет
министрлігінің бәйгесінде бірінші сыйлыққа ие болған, сондай-ақ сахна 
сұранысына ие болған кӛркем дүние деуге болады. Пьеса автордың 
драматургия жанрындағы елеулі ізденісі. Онда жастардың ӛмірі суреттеліп, 


209 
бейнелері жасалған. Пьеса кейіпкерлері болашақ ӛмір жолындағы күрестің 
үстінде шыңдалып, ой-ӛрісі, түйсік-түсінігі кеңейеді, азаматтық келбеті 
қалыптасады. Отан алдындағы борышын айқындайды, жас адамға тән 
парасат биігінен кӛрінуге ұмтылады. Драматургтік пайымдар ой-түйіні де 
осыған саяды. 
Шығарма оқиғасы ағайынды тӛрт баланың тӛңірегінен ӛрбіп, олардың 
тағдыры, азаматтық тұрпатының, ӛмірлік кӛзқарасының қалыптасуы 
драмалық тартыс үстінде ӛтеді. Анасы қайтыс болып кеткенде артында 
қалған інілері мен сіңілісінің тағдырын ӛз қолына алып, оларды бағып-қағып,
тәрбиелеу ауыртпалығы Қамажайдың мойнына түседі. Қамажай — пьесаның 
темірқазығы. Шығарманың «Әпке» аталуы да осыдан. Пьесаның кӛркем-
идеялық деңгейі мен бағыт-бағдары Қамажайдың әрекетіне тікелей байла-
нысты. Ол — жаны нәзік, үлкен сезімнің адамы. Інілері мен сіңілісін 
тәрбиелеп, адам қатарына қосу жолында талай қиындықтар басынан 
кешіреді. Автор бейнелеген Қамажай — жеке басының қамы емес, бауыр-
ларын кӛбірек ойлайтын, жар сүю мен махаббат сезімін аналық сезімге 
құрбан еткен, соларды жеткізу жолына мүлде берілген, адамгершілік 
парасаты биік, қоғам алдындағы азаматтық борышын ақтаған 
замандастарымыздың жанды бейнесі. 
Пьесадағы екінші қыз — Нәзиләның бейнесі де сәтті ӛрнектелген. Ол 
— еркелеу, тілі удай, бір адамға жетер мінезі бар, ӛмірге ӛзіндік
түйсік-түсінігі қалыптасып қалған студент жас. Оның әпкесіне болысуы, 
кейде «мамуля» деп еркелеуі, Темірді ызаландыруы, Омардың қызға
икемсіздігіне ренжуі, т.б. кӛріністердегі әрекеті нанымды шыққан. 
Әпкесін кӛбірек «әбігерге» түсіріп, кейде уайымға салып жүретін — 
Темір. Темір — ӛмірдің күрделі мәселелерін кӛңілімен танып бағалай бер-
мейтін, болмыс-бітімі жағынан еркін қалыптаспаған жан бейнесінде кӛрінеді.
Әке-шешесіз кешкен тірліктің қыспағын арқалап, жұмыс істеп, үйге
кіретін азды-кӛпті тиын-тебенді табатын да сол. Темір қанша бұлқан-
талқан болып жатса да кек тұтпайтын, борышына адал, сӛзіне берік,
досын сүйіндіретін, дұшпанын күйіндіретін кесек қимылдың адамы. Оның
сүйген қызы Кәмиләмен ӛтетін кӛріністерде автор кӛркемдік Темірдің 
бойындағы әлі де толысып жетіле қоймаған қырлары барлығын кӛрсетуді 
мақсат етеді. Кәмиланың бейнесі арқылы бүгінгі ӛмірдің байыбына бара 
бермейтін, ӛмірдің барлық құбылыстарына атүсті қарайтын, жастық
менмендігі мен ӛзімшілдігі басым түсіп жататын замандас жастардың 
бейнесін беруді мақсат етеді. Кәмиланың жұбайлық ӛмірге даярлығы жоқ-
тығы, жұбайлық міндет, ата-аналық міндет дегендер тӛңірегінде ойлана бер-
мейтіндігі баласын алдырып тастайтын әрекеттері арқылы танылады. 
Пьесада Кәмиланың бейнесі аяқталмаған, толық жетіліп піспеген сияқта-
нады. Темірдің еңбек істеу үшін басқа жерге кетуімен Кәмиланың бейнесі де 
сахнадан жоғалады. Оның ендігі ӛмірінде қай бағытты таңдағаны шығармада 
танылмайды.
«Әпке» — бүгінгі жас замандастарымыздың ӛмірін суреттейтін, жақын-
дар арасында сырт кӛзге шалына бермейтін нәзік қарым-қатынас, бір-бірімен 


210 
сыйластық, отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық борыш мәселелерін 
мезгілінде кӛтерген шығарма. «Әпке» драмасы арқылы оқушыларға адамдар 
арасындағы күрделі психологиялық мәселені, туысқандық қарым-қатынасты 
танытып, адамдық, отбасылық борыш, жеке бас мүддесі, ӛмірдің мәні сияқты 
күрделі мәселерді сӛз етуге, проблема етіп кӛтеруге болады.
Драма негізінен екі бӛлімнен тұрады. Бірінші бӛлім бес суреттен
құралған. 
Ең әуелі Қамажайдың ана орнына ана болып сіңілілері мен інілері-
нің қамқорлығын ӛз мойнына алып, үлкен міндетті атқаруға бел буған-
дығы байқалса, сонымен қатар Қамажайдың салмақтылығы, аңқаулығы
байқалады. Інілерін оқытып, есейтіп адам қатарына қосуға бел буған
мейірімді жан екені, Нәзиләның құрбысы Гауһар мен Темірбектің ең
жақсы досы Сұлтан оның жанындағы екі құрбы қызы Сұлухан мен 
Кәмиләлардың (кейіннен Темірдің әйелі) осы үйге қонаққа келіп, сол 
сәттерде біраз мәдениетсіздік танытқан Кәмиләні кӛрсе де інісі үшін 
бәріне кӛз жұмып, тек қана қонақжайлылық танытқаны суреттеледі.
Драманы сынып оқушылары үйде оқып келеді. Сыныптағы сабақ 
мұғалімнің кіріспе әңгімесі мен кіріспе сұрақтарымен басталады. Мұндағы 
мақсат оқушылардың драмалық шығарманың ӛнердің бір түрі ретінде ерте 
туып қалыптасқандығы туралы ұғым-түсініктерін қалыптастыру. Қазақ 
драматургиясының тууы мен қалыптасуы туралы қысқаша түсінік беру.
Алдымен драмалық шығарманың табиғатын танытатын кіріспе әңгіме 
жүргізу сабақтың кіріспе кезеңіне тиесілі. Драмалық шығармалардың ӛзіндік 
ерекшелігін таныту үшін драмалық шығарманың ӛзіне ғана тән түсініктерін 
акт, кӛрініс, ремарка, перде, т.т. білгізу аса маңызды. Ең бірінші драмалық 
шығарма да басқа тектегі, жанрдағы шығармалар сияқты кӛркем мәтін болып 
есептеледі. Ендеше, драмалық шығармаларға да мәтін талдау жұмыстарының 
барлығы дерлік жүргізіледі. Шығарманың идеялық кӛркемдік ерекшеліктері,
кӛтерген басты тақырыбы, кӛркемдік әлемі, кейіпкерлер жүйесі, шығарма-
дағы тартыстық ӛрбуі, сюжеттік, композициялық құрылымы, кейіпкерлер тілі 
т.т. 
Д.Исабековтің драматургия саласындағы ізденістері туралы қысқаша 
түсінік бере отырып, драмалық шығармалардың ӛзіндік ерекшеліктерін 
танытатын кіріспе сұрақтар қойылады: 
1. Қазақ әдебиеті пәні бойынша осыған дейін оқыған шығармалардан 
бүгінгі оқып отырған шығарманың қандай айырмашалағын байқадыңдар? 
2. Сахна, акт, сурет, шымылдық деген ұғымдарды қалай түсіндіңдер? 
3.«Ремарка» деген ұғым нені білдіреді? 
4.«Әпке» драмасына қатысушы кейіпкерлерді атап кӛріңдер. 
Сыныптық сабақта оқиға желісін еске түсіріп, шығарманың сюжеттік 
композициялық құрылымын тұтас елестету үшін тӛмендегідей талдау сұрақ-
тары беріледі: 
1.Пьесаның оқиға желісі қандай кейіпкерлердің арасында ӛрбиді? 
2.Шығармада барлық оқиғаның негізгі желісі кімнің тӛңірегіне 
топтастырылған? 


211 
3.Шығармаға қатысушы ағайындылар кімдер? 
4. Әр топ ӛзі қатысатын оқиғаны сюжеттік желіге түсіріп кӛріңдер 
(мәтінмен жұмыс).
5.Әр кейіпкер драмада ӛзі қарам-қатынас пен пікір таласқа түсетін 
келесі топтағы кейіпкерге мініздеме берсін. Шығарманың сол тұсын диалог 
түрінде оқып сахналап кӛрсін.
Оқушылар әр кейіпкерге қысқаша мінездеме жасайды. Мәселен 
Қамажайға жасалған мінездеме: 
8. Ӛздеріңіз жасаған мінездемені драма мәтінінен нақты мысалдар ала 
отырып дәйектеңіз.
Н ә з и л а: Әпке деймін, ательеге маркизет түсіпті. Гауһарда азын-
аулақ ақша бар екен, мен одан қарыз ала тұрмақ едім. Жете алмадық. Жете 
алмағанымыз да дұрыс болды. әйтпесе, кейін қайдан тауып берер едік. 
Қ а м а ж а й: Неге?.. Тауып береміз... Тимур ертең айлық алады. 
Н ә з и л а: Оның айлығы ӛзінен артылмайтын болды ғой. Ӛткен
жолы мен оны паркте бір қызбен кӛргем. Меніңше, финанс жағын сол
кісі басқаратын болуы керек. Ал, енді іске кіріселік.
Қ а м а ж а й: Ойбай-ау... Сендердің қарындарыңның аш екенін
білмей қалдым ғой, тамақты мол жасайтын едім. Әлгі Темірбек бір
жолдасымды ертіп келем деп еді. Сол екеуінің... Жарайды, сол екеуінің
сыбағасын салып берейін. 
Г а у һ а р: Жо-жоқ, апа, керек емес. Бізге осы да жетеді. 
жауапты 
қамқор 
ақкөңіл 
аңғал 
қонақжай 
мейірбан 
ұстамды 
Адал 
Қамажай 


212 
Қ а м а ж а й: Азаннан бері дым сызбасаңдар қайдан жетсін.
Оларға... котлет қуырып бере салармын. Әкеліңдер ыдыстарыңды. 
Н ә з и л а: Біздің әпкешка бала сияқты. Не айтсаң, соған сене 
береді. 
Бұл үзіндіден Қамажайдың ӛз бауырларының барлық сұранысын 
қанағаттандырғысы келетін ақ кӛңілі, қамқорлығы танылады. Аңқаулығы да 
аңғарылады. 
Қ а м а ж а й: (Темірбектің досы Сұлтанға қарап) Ал, туған күнің 
құтты болсын, інішек. Қуаныштымыз. Темірбекжанның досы болсаң, менің 
де туған інімсің. Ал, ӛздерің отыра тұрыңдар, мен барып котлет...імм... 
тамақ дайындап жіберейін.
Үзіндіден Қамажайдың қонақжайлылығы мен кең пейілділігі, 
бауырмалдығы танылады. Жасаған қамқорлығы мен жақсылығына ӛтеу 
тілемейтін дархан кӛңілі танылады. (осы сияқты мәтіннен келтірілген 
мысалдар негізінде Қамажайға толық мінездеме жасалып, кейіпкер 
тұлғасы ашылады). 
Драмадағы басқа кейіпкерлердің де іс-әрекеті, болмыс-бітімі 
талданады. 
Кейіпкерге берілетін мінездеме үлгісін әр топ ӛз қалауларына 
байланысты жасайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет